«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет2/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Мектеп-интернат директоры 
Роза Ербозымқызы Сексенова 


 «ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ» 
1-СЕКЦИЯ 
Орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетін 
тереңдете оқыту мәселелері 


Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды 
ойлап тауып жатыр ғой. 
Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. 
Бәрібір ең ұлы жаңалық – жазу. 
 Одан асқан жаңалық болған емес. 
Әбіш Кекілбаев 



ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАЙНАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ 
 
Ф.Ш. Оразбаева
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педогогика 
ғылымдарының докторы, профессор 
 
Білім беру жүйесіндегі басты мақсат – Қазақстан Республикасының бүгінгі білім 
сапасының деңгейі мен болашақ бағытын анықтай отырып, әлемдік өркениетке жетудің 
жолын іске асыратын білімді де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеу. Бұл – 
ұлттық мұраны жете меңгерген; ана тілінің сөздік қорын жетік игерген; адамзатқа ортақ 
рухани құндылықтарды білетін; өз ұлты мен тілін қастерлейтін, жері мен елін қадірлейтін; 
Отанын сүйетін, дүниетанымы кең, ізденгіш, іскер, еңбекқор, білімді де білікті зиялы ұрпақ 
қалыптастыру деген сөз. Мұндай тәрбиелі ұрпақтың негізі – бүгін, қазіргі білім беру мен оқу 
үрдісінде қаланады. 
Сапалы білім беру жүйесінің нәтижесінде қалыптасатын дара тұлға – қазіргі заман 
талабына жауап беретін, халықаралық стандартқа сай білімді меңгерген, өз ана тілі мен өзінің 
тарихын жетік білетін, коммуникациялық қарым-қатынасты емін-еркін жүзеге асыра алатын, 
Қазақстандық полиэтномәдениеттің ең асылын бойына сіңірген, әлеуметтік және кәсіби 
тұрғыдан жан-жақты қалыптасқан ұрпақ. Осындай тұлға қалыптастыру – мәдениетаралық 
қарым-қатынасты іс жүзіне асырудың, әлемдік өркениетті игерудің, өзің мен өзгені танудың 
да жолы.
Жалпы білімді де білікті дара тұлға қалыптастырудың көзі, арнасы адам мен адамды, ұлт 
пен ұлысты түсінісуге, пікірлесуге жетелейтін тіл болып табылады.
Тіл – адамзат баласына жаратылыстан берілген ерекше сый, өзгеше қасиет, айрықша 
мүмкіндік. Сый болатын себебі: тілсіз адамзат өмірін көзге елестету қиын. Өйткені адам 
өмірінің мәні оның әлеуметтік, қоғамдық қызметімен тығыз байланысты. Адамның 
жаратылысына дара тіршілік ету жат. Олай болса, оны осы табиғи қажеттігіне сай қоғамдық 
ортаға енгізетін де, сол ортада өзінің орнын табуы мен әлеуметтік мәнге ие болуына бірден-
бір ықпал ететін де – тіл. 
Бірақ адам үшін маңыздысы – жай ғана дайын қор түріндегі тіл емес, өзінің мүмкіндігіне 
сай сол қорды жұмсауға бейімділігі арқасында үнемі даму, жетілу үстінде болатын тілдік 
қатынас жасау қабілеті, сөз жұмсау қасиеті. Осы айрықша қабілеті мен қасиетінің көмегімен 
адамға тіл арқылы өзінің өмірдегі арман мақсатына қол жеткізуге, тіл арқылы өзгені түсінуге, 
өзі түсінікті болуға, сөйтіп, өзара түсіністік арқылы бірлесіп өмір сүруге мүмкіндік беріледі. 
Сондықтан адам баласы үшін барлық мәдени құндылықтардың бастауында тіл тұрады.
Кез келген тіл қатынас құралы ретінде қызмет етіп, қоғамдағы адамдардың бірлесуінің 
факторына, ұлттың өмір сүруінің негізгі шартына айналғанда оның өмір сүру мүмкіндігі мен 
қуаттылығы арта түседі. Тіл заман талабына жауап беріп, жаңарып, жаңғырып, дамып 
отырады. Ол мемлекет қауіпсіздігінің, ұлттың сақталуының, ұлттық ділдің қалыптасуының 
тетігіне айналады. Кез келген тілдің әлеуметтік мәнге ие болуы мен қатынас құралы ретіндегі 
әлеуетінің кеңеюіне мемлекет азаматтарының патриоттық сана-сезімдері, мемлекетшілдік 
рухы, отбасынан және өз ортасынан алған тәлім-тәрбиесі маңызды рөл атқарады.
Тілдің сақталуы әр адамның, әсіресе, жас ұрпақтың тілді рухани құндылықтардың (тарих, 
салт-дәстүр және т.б.) ұйытқысы, ел тәуелсіздігінің кепілі екенін шынайы ұғынуына, оның 
мәні мен маңызын терең түйсінуіне байланысты. Себебі тіл – адамдардың өзара пікір 
алмасуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл – адамдардың бірлесіп өмір сүруінің өзегі 
болып саналатын, қоғамдық мәні зор, әлеуметтік коммуникативтік құбылыс
Бұл мәселе, әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік руханият таразыға түсіп, ерекшеленіп, екшеліп 
жатқан тұста айрықша маңызды екені ақиқат. Олай болса, Ту, Елтаңба, Әнұран секілді нышан 
болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін біліп қана қоймай, оны 



ұлттың, елдің, этностың болмысын, бай рухани құндылықтарын танудың тамыры деп 
қабылдау – бүгінгі ұрпақ парызы.
Сондықтан жиырма бірінші ғасыр төріндегі Ұлы Дала Елін сақтау мен қорғау, тіл арқылы 
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгеру, жас ұрпақты өркениетке жеткізу 
жолдарын зерделеу Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап өткен «Білім беру ісіндегі 4К моделімен» 
тығыз бірлікте жүзеге асады. 
Білім беру жүйесіне байланысты дара тұлға қалыптастырудың 4К моделі мынадай басты 
мәселелерді қамтиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет