«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет30/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Домбыра пәнінің мұғалімі Бақытжан Теңізбаев - «Отырар 
сазы» оркестрінің бұрынғы домбырашысы, білікті маман. Мектепке қабылданған сәтте 
домбыра шертуден бейхабар, бұрын-соңды қолына бұл аспапты ұстап көрмеген оқушының өзі 
бір жыл көлемінде кемінде үш күйді еркін шерте алатын деңгейге жетеді. Қазіргі таңда 
мектепте әр сыныптың өз оркестрі бар, яғни 17 сыныптың 17 ансамблі мереке кездерінде 
өнерлерін көрсетіп отырады. Бір сыныпта оқитын 25 баланың кем дегенде 18-і домбырада 
еркін ойнайды. Бұл әр оқушының бойында ұлттық құндылықтарды ұлықтау сезімін 
арттыруда. Нәтижесінде, мектеп оркестрі бірнеше республикалық ән-күй байқауларында Бас 
жүлдеге ие болып та үлгерді. Ұлттық аспапқа деген құрмет – ұлтқа, ұлттық өнерге деген 
құрмет.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі, қазақтығымызды танытар ұлттық 
өнеріміздің бірегейі – айтыс. Айтыс өнері оқушының есте сақтау қабілетін дамытады, шапшаң 
ойлау дағдысын, суырыпсалмалық қасиетін қалыптастырады, ұлттық өнерге деген 
сүйіспеншілігін арттырады. Сондықтан мектепте 
айтыс пәні жүргізіледі. Айтысқа қатысатын 
әрбір оқушы қазақ тілінде таза, көркем, бейнелі сөйлеуге, кез келген жағдайда ұтымды жауап 
беруге, өзгеше ой айтуға, өзгеше ойлауға дағдыланған. Осының нәтижесі болса керек, біздің 


63 
қара шаңырақта 3 жылдан бері дәстүрлі түрде республикалық оқушылар айтысы өткізіліп 
келеді. 2019 жылы 
республикалық айтыс «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деген 
тақырыпта Абай атындағы қара шаңырақтың, сонымен қатар, "Айтыс ақындары мен жыршы-
термешілері" халықаралық одағы, мектеп-интернат түлегі Дулат Тастекеев басқаратын 
"Асылтас" қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Сөз барымтасына Жүрсін 
Ерман, Серік Қалиев, Бақыт Жағыпар, Шұғайып Сезімхан, Дулат Тастекеев қазылық жасап, 
жас ақын Алтынбек жүргізуші тізгінін ұстады. Ұшқыр ойы мен қылыштан өткір жырымен 
ерекшеленген үздіктер топ жарып, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
Қасиетті қара домбыраны арқалап, қазақ тілінің құдіретін ұғатын ұрпақ – жарқын болашақтың 
кепілі. 
Тіл ғылымының атасына айналған А.Байтұрсынұлы көрнек өнерінің 5 түрін атап келіп, 
соның ішінде ең бастысы – сөз өнері деп тұжырымдайды. Себебі сөз арқылы суретті де, 
мүсінді де, сәулетті де, әсерлі музыканы да жеткізуге болады. Яғни әр оқушы болашақта 
қандай мамандықты таңдаса да сөз өнерін жетік меңгеруі тиіс. Жауыменен алысып, 
дұшпанымен қарпысқан заманда жер мен жесір дауын, ел мен елдің қарым-қатынасын екі-ақ 
ауыз сөзбен шешіп отырған би-шешендеріміздің сөзі ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге. Осыған 
орай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет