«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


Айтылым дағдысы бойынша жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі



Pdf көрінісі
бет45/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Айтылым дағдысы бойынша жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі: 
• 
Тіл тазалығы мен дәлдігі – 5 ұпай; 
• 
Сөздің қысқалығы мен нұсқалығы – 5 ұпай; 
• 
Тақырыпты өзге мәтіндермен байланыстыра алуы – 5 ұпай; 
• 
Сөз дұрыстығы, яғни әр дыбыстың дұрыс айтылуы – 5 ұпай. 
Аталған критерийлерге сүйене отырып, оқушылар дұрыс сөйлеуге, ойын жүйелі жеткізуге, 
белгілі тақырып төңірегінде көсіліп сөйлеуге дағдыланады. 
Жазылым дағдысы бойынша бағалау критерийлері: 
• 
Фонетикалық, грамматикалық қателердің болмауы – 5 ұпай; 
• 
Жанрға сәйкес болуы (аннотация, эссе, мақала, сын т.б.) – 5 ұпай; 
• 
Стилистикалық қателердің болмуы – 4 ұпай; 
• 
Пунктуациялық қателердің болмауы – 4 ұпай. 
Бұл критерийлерге сүйене отырып, оқушылар сауатты жазуға үйренеді.
Оқылым дағдысы бойынша бағалау критерийлері: 
• 
Интонацияның құрамдас бөліктерін сақтап оқуы (әуен, кідіріс, тембр, әуез т.б.) – 5 
ұпай; 
• 
Мәтін мазмұнын түсінуі – 5 ұпай; 
• 
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға қатесіз жауап беруі – 5 ұпай. 
Бұл бағалау критерийлері оқушының өлеңді немесе кез келген мәтінді дұрыс дауыс 
ырғағымен, мәнерлеп оқи білу қабілетін шыңдайды. 
Тыңдалым дағдысы бойынша бағалау критерийлері: 
• 
Мәтінді мұқият тыңдайды, ондағы ақпараттарды айта алады – 4 ұпай; 
• 
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады – 5 ұпай; 


79 
• 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады – 5 ұпай; 
• 
Тыңдаған мәтінді алдыңғы біліммен байланыстырып, өз көзқарасын білдіре алады – 5 
ұпай. 
Оқушыға жоғарыда көрсетілген критерийлерді қоя отырып, оның ақпаратты тыңдай білу, 
тыңдаған мәліметтің ішінен өзіне керектісін сүзіп алу дағдысын қалыптастырамыз. 
Сабақ соңында «Блоб ағашы», «Инстаграм», «Тазалық» әдістері арқылы кері байланыс 
жүзеге асырылады. Бұл әдістер арқылы оқушылар жалпы сабақ үдерісіне, өзіне-өзі баға беріп, 
болашақта қандай кемшіліктерді түзету қажеттігі туралы ой түйеді. 
Қорытындылай келе, критериалды бағалау оқушының білім сапасын өлшеп қана қоймай, 
оның өз ойын еркін айта алуына, жан-жақты әрі терең ойлана білуіне, сыни пікір айтып 
дағдылануына, өзіне және өзгелерге сын тұрғысынан қарай алуына, өз кемшілігімен өзі 
күресуіне түрткі болады. Сонымен қатар, нақтылыққа тәрбиелейді. Қазақ тілі мен әдебиеті 
сабақтарында бұл бағалау арқылы баланы шешендікке, көшбасшылыққа, сауатты жазу мен 
сөйлеуге бағыттау мүмкіндігі мол. Ендеше, «Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Ізденісін 
тоқтата салысымен оның ұстаздығы да жойылады», – деп К.Ушинский айтпақшы, жаңа ғасыр 
балаларына жалықтырмай, жаңаша білім беруде ізденісімізді тоқтатпайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет