Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі [Текст] : жалпы білім беретін мектептің
5-
сыныбына арналған оқулық – Алматы : "Атамұра", 2017. – 192 б. –
2. Мұғалімге арналаған нұсқаулық. «НЗМ» ДББҰ, Астана, 2015.
3. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. – Алматы, 2009.
84
БІЛІМ АЛУШЫНЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰСЫНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Толықбаева Ғ.Н.
ҚР Білім беру ісінің үздігі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласындағы
Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері
Ағыбаева Ұ.Б., Оспан Д.Б.
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері
Бүгінгі заман – әр сабақты жаңа идеялар мен оқытудың тиімді жолдарын пайдаланып
оқытуды талап ететін заман. Осыған сәйкес жаңа форматты мұғалім – күнделікті сабақты
жоспарлау үшін ізденімпаз, оқушыларды өмірге дағдыландыру құзыреттілігін айқындауда
әдіс-тәсілдерді меңгерген, оқушыны шығармашылыққа жетелейтін ғылыми-әдістемелік
біліммен қаруланған білікті маман, шебер мұғалім болуы қажет. Шебер мұғалім оқушының
сабақта нені үйрену керектігін және нені оқу керектігіне міндетті түрде назар аударады.
Сапалы оқыту үшін тиімді кері байланыс жасатады. Әлеуметтік-педагогикалық ғылым
түсінігіндегі кері байланыс (ағылшынша – feedback, орысша – обратная подача), қазақша
ұсыныс, кез келген жағдайға жауап беру реакциясы) – білім саласындағы ең өзекті
мәселелердің бірі. Ол білім алушының алға жылжуы, қиындықтарды еңсеруі, мұғалім мен
оқушы қарым-қатынасын жақсарту үшін қолданылады. Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере
алатын тұлға қалыптастыру үшін кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі зор.
Профессор Джон Хэттидің «Көзге көрінетін оқу» атты еңбегінде 1999-2009жылдардағы
барлық инновация әдістерін қамтитын 180000 жұмысқа зерттеу жүргізгендегі әсер мөлшері:
«Кері байланыста»: 0.73; «Мұғалім мен оқушы» қарым-қатынасында: 0.72; «Жетік меңгеру
үшін оқытуда»: 0.58; «Мақсат қоюда»: 0.56; «Өзара оқытуда»: 0.55; «Күтілетін нәтижелерде»:
0.43; «Үй тапсырмасы»: 0.29; «Қабілеттері бойынша бөлуде»: 0.12 деген зерттеу
қорытындысы. Зерттеудегі басқаларымен салыстырғанда, Д. Хеттидің кері байланыстың
осындай нәтижеге жетуге болатындығын растауға болады деп ойлаймын. Себебі шәкірттерге
білім алуды ұсыну барысында "Мұғалім – оқушы" қарым – қатынасын жүргізуде
оқушылардың білімге деген қызығушылығы артуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Сабақтың
өту барысын жоспарлаған кезде сабақты саралай отырып, оқушылардың деңгейлеріне
байланысты тапсырмалар әзірлеп, сондай кезеңде оқушыларға берілген тапсырмалардың
қаншалықты тиімді болғандығын кері байланыс жүргізу арқылы анықтауға болады. Мәселен,
8"В" сыныбында Мадина атты оқушы көркем шығармаларды мүлдем оқығысы келмейтін. Әр
сабақта "Блоб ағашы" бағалау тәсілі қолданылатын. Сабақ сонында окушы сабақта өзiн қалай
ұстады, кандай дәрежеде өз бiлiмiн көрсете алды, ағаштан өзiн тауып бояп қояды. Жұппен
жақсы жұмыс iстесе, құшақтасып отырған екi адамды белгiлейдi. Сабаққа араласпаса жерде
бұртиып жаткан баланы бояп кояды. Сабақта басқа балалар әдеби шығармаларды талдағанда,
ол үндемей отырып, бұртиып тұрған баланы белгілегенге намысы жібермей, оқуға кіріседі.
Осы бағалау тәсілінің жиі қолданылуы білім алушылардың көркем шығарманы оқуға деген
қызығушылығын сабақ сайын арттыра түсті. Оқушыларға үйде орындау үшін берілген
тапсырманың орындалу барысын "Қалай орындады, орындалуында қандай қиындықтар
кездесті және кейбір оқушылардың үй жұмысын не себептен орындауға мүмкіндігі болмады"
деген сұрақтардың да жауабын осы кері байланыс арқылы біліп алуға болады.
Мұғалім кері байланысты не үшін жүргізуі керек? Ең алдымен, білім алушылардың
оқудағы кедергілерін айқындау және өзін бақылау үшін жүргізу керек. Ол үшін сыныптағы
үдерісті басқару керек, ол не береді?
85
Сабақта не болып жатқаны туралы ақпарат жинау – кері байланыс жасаудың ең алғашқы
қадамы. Әрбір сабақта жүргізілген бейне немес аудиожазбалар өз сабағымыз туралы ой
қорытуға тиімді ақпарат болып табылады. Сабақта өзіміз жіберіп алған немесе мән бермеген
нәрселерді байқап, соған қатысты өз іс-әрекетімізге кері байланыс жасаймыз. Сабақ
үдерісіндегі барлық іс-әрекеттерге қайта оралып, байқалмаған кемшіліктерге сараптау жасап,
олқылықтардың орнын толтыру және болдырмау үшін не істеуге болатынын әріптестермен
талқылай отырып шешеміз. Бұл жағдай мұғалімнің сөйлеу аспектілерін қарастыру үшін
пайдалы болуы мүмкін. Мысалы: түсіндірудің айқын болуы, оқушының сөйлеуіне берілген
уақыт, оқушының пікір алмасуының бағалануы, сіз қай деңгейде тұрсыз немесе оқушылармен
қарым-қатынасыңыз. Осындай үлгідегі кері байланыстан соң, мұғалім ойлану, әңгімелесу, оқу,
сұрақ қою, қорытынды шығару жүйесімен жұмыс жасап, сабаққа бақылау жүргізу арқылы
бұрын ойға келмеген нәрселерді бақылайды. Әріптестермен әңгімелесу арқылы тың
дүниелермен бөлісіп ақылдасып, басқаша жасауға идея ойлап шығарады. Қорытынды шығару
арқылы кері байланыстың айналыммен жүретінін, өзгеріс енгізген әр мұғалім бағалау жүйесін
қайта бастағанын түсінеді. Кері байланыс мұғалімнің өз қызметіне және өзіне сыни тұрғыдан
қарауына көмектеседі. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда
оқыту тиімді болады. Олай болса, жоғарыдағы айтылғандай, әр сабақта кері байланысқа жете
көңіл аударуымыз қажет. Д.Хэтти «Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері
байланыс», «Кері байланыстың саны емес, сапасы маңызды», «Ойлау деңгейі дамыған
оқушылар кері байланысты құптап, оны өздерінің оқу үлгерімін жақсарту үшін қолданады»,
«Жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс анағұрлым тиімді», «Ең тиімді кері байланыс
оқушыдан мұғалімге беріледі» деген. Біздің ойымызша, тиімді кері байланыс берілмесе,
оқушылардың ілгері жылжуы табысты болмайды. ХХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын, қоғам
қайраткері Мағжан Жұмабаев: «Өзін тексермесе, адам ілгері баса алмайды» немесе «Өзінен
ешбір кемшілік көрмей, қата таппай, өзіне-өзі риза болып, мәз болып жүретін адам зор адам
емес, шобыр адам болады, жаны жабайы, ауданы тар болады» деген. Қалыптастырушы
бағалау арқылы оқушының өз әрекеті туралы ойлануына уақыт пен мүмкіндік бере отырып,
критерийлер ұсыну немесе оқушылармен бірге құру арқылы «мен не істедім?», «нені орындай
алдым немесе орындай алмадым?» деген ойы сарапталады. Кері байланыс оқушының сабақ
үдерісінде жасаған іс-әрекетіне, жұмысына беріледі. Кері байланысты оқушыға берілген
тапсырманы аяқтаған соң ұсынады, оны ұсынудың өзіне тән ерекшеліктері бар.
1.Кері байланыс дер кезінде ұсынылады, себебі оқушы келесі сабақта нені меңгеріп, қандай
қателіктер жібергенін есіне түсіре алмайды;
2.Кері байланысқа кері байланыс берілмейді, тек қана алғыс айтылады;
3.Кері байланыс оқушының өз әрекетін өзгертуге, шешім қабылдауға, әрекет жасауға оң
ықпалын тигізетін құрал;
4.Жіберген кемшіліктері, қателіктер ішінен неге басымдық жасау керектігін нақтылап,
оқушының дамуы үшін қалыптастырушы бағалау критерийлерінің барлығына емес, маңызды
бөлігіне бағытталып жасалады;
5. Оқу мақсаттарына бағытталуы тиіс;
6.Оқушылар дұрыс бағытта екеніне мүмкіндік береді, оқушы қателерін өздері түзетуге
ынталандырады;
7.Оқушының артына қайта бұрылып, өз әрекетін ойлауға уақыт, мүмкіндік беріледі;
Осының барлығы оқушы білімін объективті түрде бағалап қана қоймай, оқушы мен
мұғалімнің білімін жетілдіруге септігін тигізетінін мынадан байқауға болады. 8 «В»
сыныбында оқитын бір оқушы сабақта ешкіммен қосылмайды, өзімен-өзі отырады. Топтық
жұмыс жүргізу барысында оқушылармен бірлесе жұмыс жасай отырып, бала өзіне-өзі есеп
беруді және балалармен ұрыспай, өз қатесін түзеуді үйренді, сол оқушының бір жыл білім
алғанда жазған сөзін келтіріп өтейік. «Мен бір жыл ішінде өте көп нәрсені үйрендім. Мен
осыдан 9 ай бұрын Абай атындағы РММИ-ге оқуға түсуге келдім және конкурс нәтижесімен
қабылдандым. Ең бірінші сабағым қазақ тілі, мұғалімім Оспан Динаш Бектенқызы деген апай.
86
Динаш апай өте жомарт кісі екен, мен апайдан астарлы сөйлеуді және терең ойлауды үйрендім.
Әдебиет пәнінен өткен әр сабақ өз өнегесін берді. Мысалы, жыраулар поэзиясын өткенде
еліміздің басынан өткен отарлау саясатының кемшін тұстарын жырлаған жыраулардың
батылдығы мен еліне деген сүйіспеншілігі, елжандылығы қасиеттерін бойыма сіңірдім деуге
болады. Алғаш келгендегі екінші күнім балалармен өтті. Мен жанымдағы балалардан
имандылықты және өмірге деген құштарлықты үйрендім. Домбыра үйірмесін өткізетін
Бақытжан ағайдан домбыраны әсем шертуді, география пәні мұғалімі Шарипа апайдан тек
білім емес, кеудені тік ұстауды әрі өзімді басқаруды үйренсем, ағышын тілі пәні мұғалімі
Жания апайдан ағылшын тілін және ақкөңіл болуды, шешендік өнер пәні мұғалімі Жарқын
Сәленұлынан ақындық пен шешендікті, қазақи тәрбиені алдым. Математика пәні мұғалімі
Ақмарал апайдан біліммен бірге, іске әділ әрі жауапкершілікті болуды, тарихшы Манат
апайдан қайраттылықты, дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан ағайдан денсаулықты
нығайту мен бардың қадірін білуді, Әнуар ағайдан самбо және физикалық спортты, Лаззат
апайдан орыс тілін тереңдете отырып, адамгершілікті, Меруерт апайдан физика
заңдылықтарын, қаталдықты, Салтанат апайдан биологияны терең біліп, сабаққа деген
құштарлығым артса, Назым апайдан химия пәнін жетік меңгеруді, Айжан апайдан
информатиканы жақсы меңгеруді үйрендім. Бір жыл ішінде алған өнегем өте мол. Бірақ бұл
да мені алға қойған мақсатыма жетелемейді. «Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»
дегендей, әлі де үйренерім көп. Сондықтан білім мен өнерді, адамгершілікті, сыни тұрғыда
жан-жақты жетілуді, сонымен қатар бәсекеге мықты болуды үйрене отырып, халқыма
пайдамды тигізу – үлкен мақсатым». 11-сыныпта өтілген әдебиет сабағындағы бағалау
критерийлері мен дескрипторлар оқушының жинақталуы, өзіндік ой қорытуы, сыни ойлау
тұрғысында ойлануына кең жол ашады. Мысалы: ХХ ғасырдың тұлғасы, «Бес Бәйтерек»
атанған қоғам қайраткерлері әрі ақындардың бірі, сталиндік зұлмат құрбаны Міржақып
Дулатұлының өлеңдерінің мәні, маңызы өте зор. Осындай саяси тақырыптағы өлеңдері: «Таза
бұлақ», «Шәкірт», «Оян, қазақты» өткенде, дарынды оқушылардың өлеңді талдауларына
қарап, білім алушыларды ынталандыру үшін комментарий берілді («Ойларың дәлелді, нақты
деректерге негізделген»). «Аяқталмаған сөйлем» атты кері байланысына «Таза бұлақ»
тобының бір мүшесінің берген жауабы: «Бүгін мен М.Дулатовтың толық өмірбаянын білдім.
«Таза бұлақ» өлеңі адамдардың мінез-құлқының ретін көрсететіні қызықты болды. Сахналық
көріністе рольге ену қиын болды. Үшінші жолаушының ролін ойнау тапсырмасын
орындадым. Таза бұлақты сынаған әр жолаушының сөзінен адамның жаны судай таза болу
керектігін түсіндім. Мен енді жақсылықты пұлға сатпай, білімді халыққа тегін тарату
керектігін білемін. Мен ақ пейіл, таза жүрек, жарқын жүзді болу керектігін сезіндім. Мен
әдебиет теориясынан терең білім алдым. Мен сыни тұрғыда ойлануды үйрендім.
Достарыма ақ жарқын болу менің қолымнан келді. Мен өздігімше тапсырманы жасай алдым.
Мен сабақта үйренгенімді елге жасап көруге талпынамын. Жолаушылардың ойлары, сыни
тұрғыда дәлелдер келтіргені мені таң қалдырды. М.Дулатовтың бұл өлеңі менің өміріме үлкен
қуаныш, ойлылық, эстетикалық тәрбие берді. Менің де табиғат құбылыстарын терең ұғынып,
адамдарға жақсылық жасағым келеді».
Алғашында оқушылар тарапынан критерийлерге қатысты түсінбеушілік пен әділдіктің
болмауы кедергі келтірген болса, уақыт өте келе бұл кедергілер топтық жұмыс барысында
жойылды, керісінше бағалау мен кері байланыс оқу мен оқытудың ажырамас бөлігіне айнала
бастады. Алғашында кездескен кедергілерді жоюда әр сабақ сайын жүйелі түрде жүргізілген
кері байланыстың мәні зор нәтиже берді. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне
қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылуы мүмкін екенін
ұмытпау керек. Егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік
нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді. Бұл ретте егер баламен бірге
оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау
жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге
мүмкіндік беретіндігін 8"А" сыныбымен жүргізген кері байланыс түрлері өз тиімділігін
87
көрсетті. Қазақ тілі сабағында берілген тапсырмалардың " Бүгін нені білдім, қандай
тапсырмалар қызықты болды, қандай тапсырмаларды орындауда қиындық тигізді, енді нені
білуім керек" деген сұрақтардың төңірегінде білім алушылармен әңгімелесу арқылы сабаққа
қойған мақсатыңа қалай жетіп жатқандығыңды анықтауға болады. Сабақтарда «Шеңбердегі
доп» әдісі де кері байланыстың бір түрі. Шеңбер бойымен оқушылар бір-біріне доп лақтырады,
доп алған оқушы сабақ туралы 1 сөйлем айтады. «Төрт сөйлем» әдісімен пікір, дәлел, мысал,
қорытынды арқылы сабақтың нәтижесін шығарады. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері
байланыс ретінде мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші
баспалдағы Мен.............білемін... 2-ші баспалдағы Мен ............түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен
...............жасай аламын .
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді.............. – деген сөйлемдерді аяқтап жазады. Мысалы,
11-
сыныптың әдебиет сабағында «Бір минуттық эссе», «Сөзбен бағалау», «Оқушы
бастамасы бойынша кері байланыс», «Мақсат бойынша өзін-өзі бағалау», «Досқа қоңырау
шалу», «Көп қабатты бағалау»(өздік, өзара, мұғалім) , «Өзіңе көмек бер» сияқты бағалау
тәсілдері кері байланыс әдістері болады. Бұл тәсілдерді әрбір мұғалім өз сабағында баланың
ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай қолдана білгені абзал. Әрбір оқушы өзіне берілген кері
байланыстың не үшін берілгенін түсінуі және білуі керек. Әрбір беріліп жатқан кері байланыс
мақсатты берілді ме, нақты, уақытында беріліп жатыр ма, оқушыға әсер ететіндей шынайы
берілді ме, осының бәрін мұғалім қадағалауы тиіс екендігін сабақтарда бақылау керек. 8-
сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын кері байланыстың бірі – бір
минуттық эссе. Мысалы, Д. Исабековтің «Әпке» драмасын оқығаннан соң, бірнеше сауал
қойып, осы эссені жазғыздық.
««Әпке» драмасынан білгеніңнің ең маңыздысы қайсысы?» «Қандай жағдайлар сен үшін
түсініксіз?» деген сияқты сұрақтарға жауап алдық. «Қате түсінікті тексеру» кері байланысы да
оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді. Мысалы, «Әпке» драмасын өткен соң,
төмендегі сұрақтарды оқушыларға әдейі қате етіп бердік: «Қамажай – өте нашар жан. Егер ол
барлығына қамқор болмаса, бауырлары өздігінше өмір сүруге үйренер еді. Оның інілерінің
Қамажайға реніштері орынды, өйткені оларға өздігінше өмір сүруге мүмкіндік бермеді». Бұл
сұраққа 8-сынып оқушысы Ақторғынның жауабы: «Егер аналары болса, онда Қамажай өз
өмірін өзі жасар еді, бірақ бауырлары үшін өз бақытын ойламады. Егер Қамажай болмаса,
оның інілері мен сіңлілері өздігінше өмір сүре алмас еді, оларды басқаратын, жол көрсететін
анасындай болатын бір жан – ол туған әпкелері Қамажай ғана.Сол себепті мен Қамажайды
жақтаймын. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни
шығарма, эсселерін бағалауға қолдануға болады. Мұғалім оқушыларға сыныптастарының
жұмыстарын тексеруді ұсынады. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеру кезінде олар
жұмыстарды бағаламайды, ал ондағы екі оң сәтті анықтап және бағыт береді. Яғни «Екі
жұлдыз» – екі ұнаған нәрсе, бір тілек – жақсартуды қажет ететін тілек.
Қорыта келгенде, кері байланысты ұсынудың ерекшелігі жоғарыда айтылды. Ал өзінің
ерекшелігі қандай? Ең бірінші: оқытудағы кемшін тұстарды анықтаса, келесі сабақтың
жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға
мүмкіндік береді; баланың сабақты түсінуіне ықпал етеді; өзіндік уәж қалыптасады; оқытуға
түзетулер мен толықтырулар енгізуге қолайлы; сыни көзқарасты қалыптастырады; ертеңгі
жоспарлауға дайындық жасауға алғы шарт болып табылады.
Тиімді жасалған кері байланыста оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
жақсарады, сонымен қатар оқушының білімге деген қызығушылығы артады, өзіне сыни
көзбен қарайды, білімін көтереді. Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған
жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық
таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру, кері байланыс жасалған істі бағалау
88
емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқу мен оқытудың қалай
жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал
етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін
тигізеді. Кері байланыс арқылы адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім
қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білу қабілеттерін дамытуға болады. Бүгінгі жаңа білім
беру мазмұнының ерекшелігі – кері байланыс жасауды дағдыға айналдыра отырып, оқушының
қажеттіліктерін, ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде
меңгергенін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |