«Білім бөлімі жанында интернаты бар А. Үкібаев атындағы орта мектебі» кмм жарқайың ауданы


Мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру. Міндеттері



бет2/15
Дата22.10.2022
өлшемі466.16 Kb.
#463286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
математика әлемі

Мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:

  • Оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру

  • Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық жэне ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту;

  • Оқушының математикалық тілде сөйлеу шеберлігін шыңдау

  • Зейінін, еске сақтау, байкағыштык, киялдау, танымдық іс-эрекетгерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

  • Окушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

  • Оқушылардың ойы дамып,математикалық тілде сөйлеуге үйренеді

  • Оқушыларды ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейді

  • Шығармашылығын шыңдайды

  • Танымдық қабілеттері дамиды

  • Өзіндік ой қорытуға, ойын дәлелдеуге дағдыланады.


Түсінік хат

Ұсынылып отырған «Математика әлемі» атты әдістемелік құралда оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда математикалық мақалдар,жаңылтпаштар, жұмбақтар, ребустар, математикалық диктанттар енгізіліп, нақты тақырыптар бағдарламаның күнтізбелік жоспарында көрсетілген.Әр оқушының ойлауы, білім деңгейі әртүрлі, соған орай жоспарланған өзіндік жұмыс тапсырмалары әр деңгейге құрылды.


Сонымен қатар қазіргі күннің талабына сай оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін логикалық есептер де кіргізілді. Құрал белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.
Әдістемелік құралда мектеп оқулығындағы орын алуы міндетті болып саналмайтын дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген. Жинақталған материал оқушылардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.
Сабақ оқу жоспарындағы 2- сыныпқа аптасына 1сағат, жалпы жылға 34 сағат бөлінген. Қамтылған тараулар; Арифметикалық амалдар,шамалар, теңдеу, геометриялық фигуралар,бір таңбалы санға көбейту, бөлу кестесі, логикалық есептер.
Бұл құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет