Бүгінгі сабақта Санамақ құрастырып үйренеміз.1-ден 20-ға дейінгі сандарды санау.
Балалар біздің әр кезеңіміз ойын түрінде болады.
1.«Өз орныңды тап»: ойыны
Оқушылардың қолдарында сандар болады. Оқушылар өз орындарын табу керек.
Біз шашылған сандармыз,
Орнымызды табамыз
Көңілді боп жүрейік
Енді санап көрейік.
1-20-ға дейін тура кері санау.
- 1-ден 9-ға дейінгі сандар қалай аталады?
- 10-нан кейінгі сандарды қалай атаймыз?
-Бір таңбалы сандарды атаңдар? 1,2,3,4,5,6,7,8,9
-20 дейін екі таңбалы сандарды атаңдар. 11,12,13,14,15,16,17,18,19,20
Тақ сандар : 1,3,5,7,9 , 11,13,15,17,19
Жұп сандар: 2,4,6,8,10,12,14,16,18,20
2,.«Санамақ» ойыны
-Кім санамақ біледі?
Оқушылар өз білген санамақтарын айтады.
Суреттің көмегімен санамақтар құрастырып үйренеді.
1 дегенім –бүркіт
2 дегенім -есік
3 дегенім -үкі
4 дегенім –тарақ
5 дегенім -бала
6 дегенім- ат
7 дегенім -желім
8 дегенім -сандық
9 дегенім- түлкі
10 дегенім -оймақ
-Өздері санамақ құрастырады...
«Кім шапшаң» ойыны
Бірден қонса қарлығаш
Жетпейді бір қарағай,
Жұппен қонса қарлығаш,
Артылар бір қарағай
Қарлығаш пен қарағай
Қанша айтшы балақай? (4 .3)
Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада
Аяқтары он екі
Санап көрші кәнекей (2)
Табақта үш алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? 5
Екі көзбен қос құлақ
Бір баспенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ
Санап шығар кім бұрын?
-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
- Сабақ ұнады ма?
Сабаққа оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Мадақтау.
|