Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



бет3/19
Дата10.06.2022
өлшемі300.27 Kb.
#459110
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Елтай А. - Дипломдық жұмыс

Жұмыстың өзектілігі. Адам өмірінің сапалы компоненті, оның ұзақ өмір сүруі және еңбекке қабілеттілігін сақтау жүрек-қан тамырлары жүйесінің функционалды қызметімен, жүрек пен қан тамырларына әсер ететін аурулардың жинақталған «жүгімен» тікелей байланысты. Халықтың мезгілсіз өліміне үлкен үлес қосатын аурулар: артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия, темекі шегу, көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз тұтыну, артық салмақ, алкогольді шамадан тыс пайдалану және физикалық белсенділіктің төмен болуы. [1; 2].
Артериялық гипертензия – бұл әлемнің көптеген елдерінде жүрек-қан тамырлары ауруы мен өлімінің ең көп таралған себепші факторы болып табылады. Миокард инфарктісі жағдайларының жартысына жуығы және инсульт жағдайларының шамамен 80%-ы жоғары қан қысымымен байланысты, бұл қан қысымын төмендетуге бағытталған шаралардың жоғары әлеуметтік және медициналық маңыздылығын анықтайды. Еуропалық сарапшылардың пікірінше, 2025 жылға қарай әлемде ерлердің 29%-ы және әйелдердің 29,5% -ы артериялық гипертензияға шалдыққан болады, бірақ таралуы Еуропаның және әлемнің әр түрлі аймақтарында айтарлықтай өзгеруі мүмкін. [3; 4; 5].
Жоғары қан қысымы 7,5 миллион өлімге ықпал етеді, бұл әлемдегі барлық өлімнің 15% құрайды. [6]. 425 мыңнан астам зерттелген 37-ге жуық ауыр зерттеулерді қамтитын талдауларға сәйкес, систолалық (жоғарғы) қан қысымының 10 мм.с.б-ға төмендеуі инсульт қаупін 37% -ға және коронарлық артерия ауруы (жүректің ишемиялық ауруы) қаупін 25% төмендететіні атап өтілген.
Инсульттан және жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім жиілігі 40-80 жас аралығындағы адамдарда ҚҚ 115 / 75 мм с.б. деңгейінен бастап біртіндеп және сызықтық түрде артып отыратыны белгілі. Әр систолалық қан қысымының 20 мм с.б. дейін немесе диастолалық қан қысымының 10 мм с.б. дейін жоғарылауы салдарынан жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттан болатын өлім 2 есе артады. [7].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қалыпты жағдайда қан қысымы 120/80 мм с.б. шегінде болады. Ал егер қан қысымы 140/90 мм рт.ст. дейін және одан жоғары болса бұл алаңдатарлық мәселе. [8]. Қазақстанда жылына 30000-ға жуық науқастарға артериялық гипертензия диагнозы қойылады. Балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны диагностикалаудың маңыздылығы - балалық шақтағы қан қысымының жоғарылауы ересектерде гипертония мен зат алмасу синдромның даму қаупін арттырады. Бұның себебі, жастар арасында зиянды әдеттердің таралуы, семіздіктің, физикалық белсенділіктің және тамақтанудың бұзылуы, ересектердегі жүрек-қан тамырлары аурулары бала кезінен басталуы деп айтуға болады. [9; 10; 11].
Орташа есеппен алғанда, артериялық гипертензия балалар мен жасөспірімдердің 25-35% -ында байқалады. Жасы ұлғайған сайын аурудың таралуы жоғарылайтын болғандықтан, 65 жастан асқан кәрі және егде жастағы адамдарда бұл көрсеткіш 60%-ды құрайды. [12].
Эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес, артериялық гипертензия Қазақстан Республикасында және шетелде кең таралған ауру болып табылады. Қан қысымының жоғарылауының негізгі себептері - тұзға бай диета, дене белсенділігінің төмен болуы және семіздік. [13].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес 2015 жылы 25 жастан асқан адамдардың шамамен 40%-ы гипертензиямен ауырды. [14]. Австралия, Солтүстік Америка және Батыс Еуропа сияқты экономикалық дамыған аймақтарда гипертензия ауруымен ауыратын науқастар саны төмендесе, Океания, Шығыс Африка, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты экономикалық дамушы аймақтарда гипертензия аурымен ауыратын науқастар саны көбеюде. Сонымен қатар, бүкіл әлемде халықтың өсуі мен қартаюына байланысты, бақыланбайтын гипертензиямен ауыратындардың саны 1999-2015 жылдар аралығында өсті. [15; 16; 17].
ДДҰ Еуропалық қан айналым жүйесі аурулары бюросының мәліметтерін талдай отырып, Беларуссияда 100000 тұрғынға шаққанда 6125.65 көрсеткішімен, Қазақстан 100000 тұрғынға шаққанда 1858.7 көрсеткішімен орташа орын алса, Әзірбайжандағы ең төменгі көрсеткіш 585.11 екенін анықтады. [18; 19].
Артериалды гипертензия салдарынан жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі және инсульт аурулырының пайда болуы қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі болып саналуда. [20]. Әлемдегі инсульттің шамамен 54% және жүректің ишемиялық ауруының 47% жоғары қан қысымына байланысты болды. [21]. Гипертонияға бейім бірнеше факторлар бар. Бұл факторлар әр елде әр түрлі болады және тіпті сол жерде орналасқан қалалық және ауылдық аймақтар арасында айырмашылық бар. Ауыл тұрғындарына қарағанда, қала тұрғындары бұл ауруларға көбірек ұшырайды. [22; 23].
Кейбір зерттеулерге сәйкес науқастардың тек 48%-ы ауруының бар-жоғын білетін болса, адамдардың 50%-ы ауруы туралы білмейтіні анықталды. [24]. Адамдар өзінің қан қысымын білмейтіндіктен, оны тек өлшеу арқылы ғана анықтай алады. Гипертензиясы бар науқастардың көпшілігі белгілі бір клиникалық көріністер байқалмайтынын айтса, кейбір науқастар бас ауруы, ашуланшақтық, көру қабілетінің өзгеруі немесе есінің жоғалуы сияқты белгілерге шағым айтады. [25; 26; 27].
Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастарды емдеу және де олардың қан қысымын қадағалап отыру денсаулық сақтау ұйымы тарапынан жеткіліксіз болғандықтан үлкен алаңдатушылық тудырады. Себебі артериалды қан қысымын бақылап отыру арқылы миокард инфарктінің асқынуын 20-25%, жүрек жетіспеушілігін 50%, инсульттің дамуын 35-40%-ға дейін төмендетуге болады. [28; 29]. Гипертензияның алдын-алуға бағытталған бағдарламалардан басқа, гипертензияны емдеу әлемнің көптеген елдерінде күрделі мәселе ретінде қаралуда. Қазіргі кездегі аурудың ауыртпалығына қарап, Үндістан елінің денсаулық сақтау саласы аурудың алдын алу және бақылау үшін қатерлі ісіктің, диабеттің, жүрек-тамыр аурулары мен инсульттің алдын алу және бақылау жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске қосты. [30; 31; 32]. Дегенмен қазіргі таңда науқастардың тек 48%-ы өзінде ауруының бар-жоғын білсе, оның 30%-ы ем алады, ал 11%-ы тиімді ем қабылдайды, яғни олар өз денсаулығына сақтықпен қарайды. [33; 34].
Қазіргі уақытта денсаулық мектебінде науқастарды оқытудың әдісі амбулаториялық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Бұл артериялық гипертензиямен ауыратын науқасты, қан қысымын өзі бақылауға, өз жағдайын және емдеудің тиімділігін бағалауға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, қауіп факторларын түзетуге, сол арқылы науқастардың емделуге бейімділігін арттыруға мүмкіндік береді. [35; 36; 37]. 
«Денсаулық мектебі» науқастардың барлық тобына стандартты түрде, жынысына, жасына, аурудың ұзақтығына және т.б. жағдайлараға қарамай жүзеге асырылады. Дүниежүзілік тәжірибе науқастарды емдеудің дәстүрлі тәсілімен салыстырғанда денсаулық мектептеріндегі жеке бағдарламалар бойынша науқастарды оқытудың жоғары тиімділігін көрсетеді. Алайда, денсаулық мектебінде гипертензиясы бар науқастар үшін білім беруді дараландыру критерийлері қазіргі уақытта іс жүзінде дамымаған. [38; 39]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет