Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



бет4/19
Дата10.06.2022
өлшемі300.27 Kb.
#459110
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Елтай А. - Дипломдық жұмыс

Жұмыстың мақсаты. «Денсаулық сақтау» мектебінде артериалды гипертензияның қауіптілік факторларын бағалау және оның алдын алудағы мейіргердің рөлін анықтау.
Міндеті:

  1. Шымкент қалалық №3 емханасындағы «Д» есепте тұрған науқастар арасында сауалнама арқылы артериалды гипертензияның қауіп факторларын айқындау.

  2. Шымкент қалалық №3 емханасының «Денсаулық сақтау» мектебіне қатысқан науқастар арасында мектептің тиімділігін бағалау.

  3. Шымкент қалалық №3 емханасының «Денсаулық сақтау» мектебінде артериалды гипертензия асқынуының алдын алудағы мейіргердің рөлін анықтау.

Зерттеу материалдары мен әдістері. «Денсаулық мектебінің» тиімділігі мен оның жеке қауіп факторларына әсерін бағалау Шымкент қалалық №3 емханасындағы науқастар арасындағы сауалнамаға сәйкес жүргізілді. Денсаулық мектептері үшін 90 минутқа арналған 8 сабақ бағдарламасы жасалды. Зерттеу тобына 45 пен 75 жас аралығындағы 17 ер адам мен 23 әйел барлығы – 40 науқас кірді.
Зерттеу нысаны – артериалды гипертензия диагнозымен «Д» есепте тұрған Шымкент қаласының «№3 қалалық емханасындағы» науқастар.
І ТАРАУ. Артериялық гипертензияның негізгі түсініктері
1.1. Артериялық гипертензия. Артериалды гипертензияның жіктелуі.
Артериялық қысымның жоғарылауы дамыған елдерде тұратын адамдардың шамамен 20%-ында кездеседі, яғни бұл дегеніміз бүкіл әлемде шамамен бір миллиард адам артериялық гипертензия ауруына шалдығады. Артериялық гипертензия – бұл қан қысымының 140/90 мм с.б.дейін жоғарылауы нәтижесінде, өмірлік маңызды органдарды (жүрек, ми, бүйрек және т.б.) қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың атеросклерозының дамуы нәтижесіндегі асқынулардан тұратын науқастың өміріне қауіпті ауру. [40; 41].
АҚ деңгейі мен жүрек-қан тамырлары апаттарының қаупі арасында тікелей байланыс бар (гипертониялық криз, инсульт және миокард инфарктісі). АГ-ға алып келетін негізгі себеп АҚҚ-ның шамадан тыс жоғары болып кетуі.
Қан қысымы – бұл қан тамырларының қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы. Қан қысымының жоғарылауы артериялардың немесе олардың кіші тармақтарының – артериолалардың тарылуы болған кезде пайда болады. [42; 43]. Қан қысымы екі көрсеткіш ретінде тіркеледі:
Біріншісі – систолалық қысым деңгейі. Бұл жүрек бұлшықеттері қысылып, жүрек артерияға қан құйғанда қанның артериялық қабырғаларға тарайтын қысымы.
Екінші көрсеткіш – диастолалық қысым. Бұл жүректің тынығуы немесе демалуы кезіндегі қанның артерия қабырғаларына тигізетін қысымы. Жүрек келесі жүрек соғуына дейін толығымен босаңсу керек, сол кезде тамырлардағы қысым төмендейді. [44, 45, 46].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет