Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


ІІ ТАРАУ. Зерттеу материалдары мен әдістері



бет12/19
Дата10.06.2022
өлшемі300.27 Kb.
#459110
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Елтай А. - Дипломдық жұмыс

ІІ ТАРАУ. Зерттеу материалдары мен әдістері.
2.1. Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу 02.09.2018 – 02.09.2020 жыл аралығында Шымкент қаласының №3 қалалық емханасында жүргізілді. Зерттеуге 45 пен 75 жас аралығындағы 40 науқас алынды.


Науқастардың жыныстық ерекшеліктері бойынша жіктелуі
(Сурет – 1)



Зерттеуге 17 (42,5%) ер адам және 23 (57,5%) әйел адам қатысты (Сурет – 1).




Науқастардың жастық ерекшеліктері бойынша жіктелуі (Сурет – 2)


Зерттеу жұмысына сәйкес 45-55 жас аралығындағы 12 (30%), 55-65 жас аралығындағы 17 (42,5%), 65-75 жас аралығындағы 11 (27,5%) науқас анықталды (Сурет – 2).


Науқастардың қан қысымының дәрежесі бойынша жіктелуі
(Сурет – 3)


Зерттеуге қатысушы амбулаторлық науқастардың медициналық картасын жан-жақты талдау нәтижесі бойынша 10 адамда қан қысымы қалыпты болса, АГ І дәрежесімен – 17 адам, АГ ІІ дәрежесімен – 13 адам анықталды. (Сурет – 3)
Осы зерттеуге алынған науқастар арасында гипертензияның қауіп факторларын анықтау үшін сауалнамалар жүргізілді. Науқастарға сауал ретінде қан қысымының көрсеткішін қаншалықты білетіндігі, темекіге әуестігі барма, тәуліктік тұзды қабылдау мөлшерін біле ма, стресстік жағдайға қаншалықты жиі түсетіндігі және т.б. сұрақтар қойылды.
Сауалнама нәтижелері алынғаннан кейін науқастарға арналған оқыту бағдарламасы жасалынды. Оқыту бағдарламасы құрылымдық сабақтар циклынан тұрды, олардың әрқайсысы 90 минутқа созылды. Әр циклге 8 сабақ әзірленіп, науқастар топ топқа бөлінді.
Әр сабақ науқастарда практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған ақпараттық материалды және тәжірбиенің белсенді түрлерін қамтыды. Барлық сабақтар уақытымен өткізілді және өткізуге арналған нақты нұсқаулық жасалынды.
Мектепте оқитын науқастарға «науқастың күнделігі» берілді, ол оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқу үрдісінде, болашақта науқастарға қажетті анықтамалық материалдан тұратындықтан қажет құрал болып табылды.
Бағдарлама артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарды оқытудың типтік бағдарламасының үлгісі негізінде әзірленген, оның ішінде міндетті тақырыптар (ауру туралы түсінік, тамақтану негіздері, физикалық белсенділік, дәрі-дәрмек терапиясы, өзін-өзі бақылау әдістері және қан қысымын өлшеу, күнделік жүргізу, стрессті басқару) және науқастардың қызығушылығымен қатар қосымша тақырыптар мен практикалық жаттығуларды (авто-тренинг, сауықтыру гимнастикасы, фитобар, өзін-өзі массаж және т.б.) қосуды ұйымдастыру мүмкіндігімен бар.
Мектепке І, ІІ, ІІІ дәрежелі АГ-мен ауыратын науқастар, жүрек-қан тамырлары асқыну қаупі төмен, орташа, жоғары науқастар таңдап алынды.
Мүмкіндігінше мектепте жаттығуға арналған науқастық топтар қан қысымы мен қауіптілік деңгейлері ұқсас науқастардан құрылды. Аурудың асқынған бағыты бар науқастар (миокард инфарктісі, церебральды инсульт тарихы және т.б.) жалпы оқу жоспарына кірмеді. Мұндай науқастар үшін мектептер арнайы оңалту бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды.
«Денсаулық мектебінде» оқыту бағдарламасының жоспарына сәйкес науқастар 4 топқа бөлініп (әр топта 10 адам), күнделікті сабаққа қатысып отырды. «Денсаулық мектебінде» жүргізілген бағдарламаның жоспары:
№1 сабақ. Артериялық гипертензия туралы түсінік.
Мақсаты:

  • науқастарды ауру және аурудың дамуына әсер ететін факторлар, асқынулар мен болжам туралы хабарлау;

  • науқастарға өзін-өзі қарауды үйрету және денсаулықты жақсарту жоспарын құру;

  • науқастарды қан қысымын өлшеуге және өзін-өзі бақылауға үйрету.

№2 сабақ. Сау тамақтану. Науқастың АГ кезінде тамақтану ерекшелігі.
Мақсаты:

  • науқастарды дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері туралы ақпараттандыру;

  • гипертензия кезіндегі диеталық әдеттер туралы науқастарды ақпараттандыру;

  • науқастарға диетаның энергетикалық балансын қалай есептеу керектігін үйрету;

  • науқастарды күнделікті тамақтанудың әдеттері мен сипатына байланысты өзіндік талдауға үйрету және денсаулықты жақсартудың жеке жоспарын ұтымды дайындау.

№3сабақ. Семіздік және артериялық гипертензия.
Мақсаты:

  • артық салмақ пен семіздікті бағалау критерийлері туралы науқастарды хабардар ету;

  • артық салмақ пен семіздіктің алдын алу үшін науқастарға тамақтанудың негізгі принциптері туралы ақпарат беру;

  • гипертения және семіздік кезіндегі диеталық әдеттер туралы науқастарды ақпараттандыру;

  • науқастарға диетаның энергетикалық тепе-теңдігін сақтау, соның ішінде күнделікті физикалық белсенділікті арттыру принциптерін үйрету.

№4сабақ. Дене белсенділігі және денсаулық.


Мақсаты:

  • Гипертензиямен ауыратын науқастарда және олардың отбасы мүшелерінде науқастардың физикалық белсенділіктің адам денсаулығы үшін маңызын білуі;

  • жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы үшін физикалық белсенділікті арттыру мотивациясын қалыптастыру және физикалық белсенділікті арттыру;

  • дене белсенділігінің қарқындылығын бақылау әдістеріне үйрету.

№5 сабақ. Темекі шегу және денсаулық (темекі шегушілерге сабақ).


Мақсаты:

  • Саналы, жеке бағытталған ақпарат арқылы гипертензиясы бар науқастар мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға және темекіні тастауға мотивация қалыптастыру;

  • «белсенді» және «пассивті» темекі шегудің ерекшеліктері және оқыту, темекі шегудің себептері мен факторларын талдау;

  • темекіге тәуелділік дәрежесі, темекі шегу кезеңі, темекіні тастауға дайындық;

  • темекі шегуден бас тарту әдісін таңдау.

№6 сабақ. Стресс және денсаулық.


Мақсаты:

  • гипертензиямен ауыратын науқастардың стресс, стресс факторлары, басқарылатын және бақыланбайтын факторлар туралы білімдерін арттыру;

  • науқастарды стрессті жеңудің эмоционалды және проблемалық әдістері туралы ақпараттандыру;

  • науқастарды стресстің деңгейін бағалау және стрессті басқару бойынша оқыту;

  • денсаулыққа әсер ететін мінез-құлық әдеттерімен байланысты стрессті жеңуге үйрету.

№7 сабақ. Артериялық гипертензия дәрмекпен емдеу. Емдеу әдісінің түрлері.
Мақсаты:

  • гипертензиямен ауыратын науқастардың дәрі-дәрмектермен емдеу негіздері туралы білімдерін арттыру;

  • емдеуді ұстануды арттыру үшін дәрі-дәрмектерді қабылдауға белсенді, саналы көзқарас қалыптастыру.

№8 сабақ. Қорытынды. Науқастардың білім деңгейін бағалау.



 Қосымша 1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет