Гипертониялық криз кезінде тіл астына дәрі қабылдап, дәрігер шақыру керек (Сурет – 5)
Науқастар арасында «Гипертониялық криз кезінде тіл астына дәрі қабылдап, (клонидин 0,075-0,15 г немесе капотен 25-50 мг немесе нифедипин 10 мг) дәрігер шақыру керек» деген сауалға 15 (38%) науқас «жоқ» деп, ал, 9 (22%) науқас «ия» деп, ал 16 (40%) науқас жауап беруге қиналатындығын айтты (Сурет – 5).
Артық салмақтың қан қысымына әсері (Сурет – 6)
Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Артық салмақ қан қысымның жоғарылауына ықпал етеді» деген сауалға 13 (32%) науқас «ия» деп жауап берсе, ал 11 (40%) науқас «жоқ» деп жауап берді, 16 (28%) науқас «жауап беруге қиналатындығын» айтты (Сурет – 6).
Зерттеу жұмысына сәйкес «Дене салмағының артық болуы кезінде тағамның жалпы калориясын 1500-1200 ккал-ға дейін азайту қажет» деген сауалға науқастардың 15 (37,5%)-ы«ия» жауап берсе, 10 (25%) науқас «жоқ» деп, қалған 15 (37,5%) науқас «жауап беруге қиналатындығын» айтты.
Темекі шегу факторы ( Сурет – 7)
Науқастардың ішінде 27 (67,5%) науқас «ия» темекі шегемін деп жауап берсе, 13 (32,5%) науқас «жоқ» темекі шекпеймін деп жауап берді (Сурет–7).
Науқастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес «Еркектерге күніне 30 г-нан, ал әйелдер үшін 15 г-нан астам алкогольді ішу қауіпті» деген сауалға 7 (17,5%) науқас «ия» деп жауап берсе, 14 (35%) науқас «жауап беруге қиналатындығын» айтты, ал 19 (47,5%) науқас «жоқ» деп жауап берді.
Физикалық белсенділіктің қан қысымына әсері (Сурет – 8)
Зерттеуге сәйкес «Төмен физикалық белсенділік қан қысымының жоғарылауына ықпал етеді» деген сауалға 18 (45%) науқас «ия» деп жауап берсе, 8 (20%) «жауап беруге қиналатындығын» айтты, ал 14 (35%) науқас «жоқ» деп жауап берді. (Сурет – 8)
«Күнделікті физикалық белсенділіктің жоғарылауымен жүрек соғу жылдамдығы минутына 110-130 соққыдан аспайтынын бақылау қажет па?» - деген сұраққа 11 (27,5%) науқас «ия» деп жауап берсе, 19 (47,5%) науқас «жауап беруге қиналамын» деп, ал 10 (25%) науқас «жоқ» деп жауап берді.
Ал, «Денсаулықты жақсарту үшін орташа жылдамдықпен күніне кем дегенде 30 минут жүріп, спортпен айналысу керек пе?» деген сауал қойылғанда 20 (50%) науқас «ия» деп жауап берсе, 9 (22,5%) науқас «жауап беруге қиналамын» деп, ал 11 (27,5%) науқас «жоқ» деп жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |