Тәуліктік тұз мөлшері (Сурет – 9)
Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Гипертензиямен тұзды тәулігіне 3-5 г-ға дейін шектеу керек» деген сауалға 10 (25%) науқас «ия» деп жауап берсе, 17 (42,5%) «жауап беруге қиналамын» деп, ал 13 (32,5%) науқас «жоқ» деп жауап берді. (Сурет – 9)
Стресстік жағдайдың көрсеткіштері (Сурет – 10)
Науқастар арасында жиі кездесетін қауіп факторларының бірі – стресстік жағдай екені анықталды. Яғни, 22 (55%) науқас стресстік жағдайға жиі түсесіз ба деген сұраққа «ия» десе, 4 (10%) науқас «жоқ» деп жауап берді, ал қалған 14 (35%) «жауап беруге қиналатындығын» айтты. (Сурет – 10)
Дене салмағының нәтижесі бойынша көрсеткіштер (Сурет – 11)
«Сіз өзіңіздің дене салмағыңызды білесіз бе?» деген сауалға 18 (15%) науқас «ия» десе, 22 (85%) науқас «жоқ» деп жауап берді. (Сурет – 11)
Тамақтану ерекшеліктері (Сурет – 12)
Зерттеу кезінде «Азық-түлік сатып алғанда мен зат белгіде көрсетілген май құрамына назар аударамын» деген сауалға 25 (62,5%) науқас «жоқ» деп жауап берсе, 15 (37,5%) «ия» деп жауап берді. (Сурет – 12)
Науқастарға «Асқыну қаупін азайту үшін қан қысымының деңгейін ғана емес, қауіп факторларын да бақылау қажет» - деп сауал қойылған кезде 22 (55%) науқас «ия» деп жауап берсе, 6 (15%) науқас «жауап беруге қиналамын» деп, ал 12 (30%) науқас «жоқ» деп жауап берді.
«Денсаулық сақтау» мектебінде оқыту бағдарламасының жоспарына сәйкес науқастар 4 топқа бөлініп (әр топта 10 адам), 90 минутқа арналған күнделікті 8 сабаққа қатысып отырды.
Зерттеудің екінші кезеңінде «Денсаулық сақтау» мектебінде жүргізілген 8 сабақтан кейін науқастарға мектептің тиімділігін бағалау мақсатында қорытынды сауалнама жүргізілді:
Достарыңызбен бөлісу: |