Білім және ғылым министрлігі



бет6/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#127595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6 апта

ОБСӨЖ № 12

ОБСӨЖ тақырыбы: Биоценоздағы организмдерді есепке алу жолдары.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер.

2.Биоценоздар құрылымы және экожүйедегі энергия.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Реферат сұрақтары:

1.Биоценоздағы микроорганизмдер және олардың қасиеттері.

2.Биоценоздағы тіршілікке атмосфераның әсері.

3.Биоценоздағы тіршілікке топырақтың әсері.

4.Биоценоздар қарым-қатынастары.

Тест тапсырмасы:

1.«Биоценоз» термині кім және қай жылы бірінші рет қолданылды?

а) 1877ж Кильск университетінің профессоры Х.Мебиустың жұмысында

ә) 1987ж Дакучаев

б) 1940ж В.Н.Сукачев.

в) Кузяйкин. А.Г. 1796ж

д) 1875ж Австралияның атақты геологы Зюсс



2.Биоценоз дегеніміз не?

а) зат алмасу және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін жүйе

ә) денесіне су қорын мол жинауға қабілетті, сабақтары мен жапырақтарының түрі өзгеретін ыстық тропикалық аймақтардың өсімдіктері

б) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар

в) құрғақ шөл – шөлейтті жерлерде көп кездесетін бұта мен шөптесін өсімдіктер

д) ылғалды тропикалық аймақтарда тіршілік ететін, су тапшылығын көтере алмайтын өсімдіктер



3.Биоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген кім және қай жылы ?

а) 1940ж В.Н.Сукачев

ә) 1987ж Дакучаев.

б) 1877ж Кильск университетінің профессоры Х.Мебиустың жұмысында

в) Кузяйкин. А.Г. 1796ж

д) 1875ж Австралияның атақты геологы Зюсс



4.Биота деген не?

а) территориясының ортақтығымен бірлескен өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, бактериялардың жиынтығы

ә) эдафикалық фактор

б) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар

в) құрғақ шөл – шөлейтті жерлерде көп кездесетін бұта мен шөптесін өсімдіктер

д) ылғалды тропикалық аймақтарда тіршілік ететін, су тапшылығын көтере алмайтын өсімдіктер



5.Биоценоз организмдерінің қарым-қатынастары «Бәсекелестік» деген...?

а) бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек тұрағы және т.б.ресурстарының жетіспеушілік жағдайы

ә)территориясының ортақтығымен бірлескен өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, бактериялардың жиынтығы

б) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар

в) құрғақ шөл – шөлейтті жерлерде көп кездесетін бұта мен шөптесін өсімдіктер

д) фитоценоздардың флоралық классификациясындағы синтаксономиялық сатысы



6.Биоценоз организмдерінің қарым-қатынастары «Жыртқыштық» деген...?

а) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

ә) бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек тұрағы және т.б.ресурстарының жетіспеушілік жағдайы

б) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар

в) құрғақ шөл – шөлейтті жерлерде көп кездесетін бұта мен шөптесін өсімдіктер

д) фитоценоздардың флоралық классификациясындағы синтаксономиялық сатысы



7.Биоценоз организмдерінің қарым-қатынастары «Паразитизм» деген...?

а) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

ә) бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек тұрағы және т.б.ресурстарының жетіспеушілік жағдайы

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) құрғақ шөл – шөлейтті жерлерде көп кездесетін бұта мен шөптесін өсімдіктер

д) фитоценоздардың флоралық классификациясындағы синтаксономиялық сатысы



8.Биоценоз организмдерінің қарым-қатынастары «Симбиоз» деген...?

а) екі түрге жататынорганизмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбейтін керісінше селбесіп тіршілік ету

ә) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) құрғақ шөл – шөлейтті жерлерде көп кездесетін бұта мен шөптесін өсімдіктер

д) фитоценоздардың флоралық классификациясындағы синтаксономиялық сатысы



7 апта

ОБСӨЖ № 13

ОБСӨЖ тақырыбы: Ареалдың қалыптасуы, оның түрлері.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ареал туралы түсінік.

2.Ареалдың қалыптасуы.

3.Ареалдың бөлінуі.



Ареал деп - өсімдік түрлері немесе тұқымдастарының жер бетінің белгілі бір аумақ-жер көлеміне орналасуы. Сондықтан ареал өсімдіктер географиясының өлшемі, обьектісі, негізгі құралы деп түсінген жөн. Түр немесе тұқымдас бір ареалда немесе бірнеше түр, тұқымдас (таксон) бірлесіп бір ареалда өсуі мүмкін.

Ареалдың қалыптасуы. Ареалдың пайда болуы ең алдымен өсімдіктердің бір түрінің белгілі бір жерге тұқымы түсіп, алғаш өсіп шығуына байданысты. Ол жерге бару, немесе жету үшін - су, жел, жан-жануарлар, адамдар арқылы таралуы мүмкін. Осындай тұқымның жаңа жерге барып, алғаш өсе бастауын диас­пора деп атайды.Тұқым арқылы да басқа тамырсабақ арқылыда вегетативті жолмен таралуы да, көбеюі де мүмкін. Әрине,тұқым жолмен болсын, вегатативтік жолмен болсын жаңа жерге бару, жету, өсу, кебею, ол территорияны иемдену, басқа өсімдіктерді "ығыстыру" да өте ұзақ уакыт, күрделі процестер өтеді. Қандай да 6іp өсімдік түрі болмасын ең алғашында, ол аз жерді иемденетіні, саныда аз болатыны белгілі.Кейбір жағдайларда өсімдік бір түрінің аз ареалы болуы мүмкін, тек экологиялық жағдайларға тауелділіктен Европада шырша

ал Азия жерінде ель сибирская /Picea excalsa/ ағаштары өседі. Экологиялық жағдайлардың әсерінен, кейбір өсімдіктер морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, құртқашаш өсіп тұрған жеріне топырағына байланысты гүлінің түр түсі (полихроизм) -күлгін көгілдір, ақ, сары т.б. аралас түстермен ауысып, жалғасын табады.



Ареалдың бөлінуі - ажырауы, әр континент- материктердің барлығында да бар:

а) Евразиялық- солтүстік Америка өсімдік түрлерінің ареалдар ажырауы. Мысалы, тал ива - Selicacea кептеген түрлері Евразияда, қалған түрлері Солтүстік Афри­ка , Солтүстік Америкада, балқарағай, шырша, қара­қат Евразия мен Солтүстік Америкада өседі.

ә) Солтүстік Тынық мұхит ареалдары. Катальпа Catalpa қылқанжапырақтылар, тюльпан ағаш тұқымдасы, тропика, субтропика, Азия, Африка, Америка жерлерінде өседі.

б) Палеотропикалық - Anisaphulla, Nepenthes туыстары шығыс Африка, Индия, Мадагаскар жерлерінде кездеседі.

в) Оңтүстік Тынық мұхит ареалында - Drimus туысы Оңтүстік Америка, Жаңа Зеландия, Австралия жерлерінде өседі

д) Оңтүстік Атлант мұхит ареалы – Ravenala туысы Оңтүстік Америка Атлант мұхит жағалауы, Африка , Мадагаскар жерлерінде өседі.

с) Антарктида ареалы - Nothavagus туысы- шамшат /бук / өкілдері - Оңтүстік Америка , Онтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Австралия, Антарктида материктерінде өседі.

8. Австралия ареалында - Батыс, Шығыс жене Орталық Австралия жерлеріндегі өсімдіктері де әртүрлі.

Ареалдарды зерттей, тексере келе, бір тұжырымға көлгенда бір-біріне ұқсас ареалдар жоқ.

7 апта

ОБСӨЖ № 14

ОБСӨЖ тақырыбы: Ареал типтері.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ареал типтері.

2.Ареал орталығы.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест тапсырмалары:

1.Ареал деген не?

а) өсімдік түрлері немесе тұқымдастарының жер бетінің белгілі бір аумақ жер көлемінде орналасуы

ә) белгілі бір географиялық территорияда тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір түрге жататын особтар жиынтығы

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) белгілі аймақта табиғи қалыптасып өсіп тұрған өсімдіктер түрі

д) бір жерде, не теңіз территориясында тіршілік ететін жануарлар тобы



2.Ареал типтері ?

а) біртұтас және бөлінген ареал

ә) флора ,эндемизм

б) прогрессивті эндемик

в) субэндемик

д) релективті



3.Тундра ареалы ?

а) Скандинавия түбегінің солтүстік жағалауы, Енесей, Лена, Анадырь өзені, Колыма жотасы

ә) құрғақ шөл – шөлейтті жерлер

б) мәңгі жасыл экваторлы орман зонасының Солтүстіктен Оңтүстікке қарай тропикалық кеңістік аймағында орналасқан.

в) Шығыс Африкада, Оңтүстік Сахара

д) Субарктика, Арктика, Антрактида



4.Ареал орталығы неше түрге бөлінеді?

а) 3


ә) 4

б) 5


в) 6

д) 7


5. Ареал орталығы неше түрге бөлінеді және атап көрсет?

а) геометриялық, негізгі орталық, негізгі орталығы жоқ

ә) гидрологиялық

б) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар

в) эдафикалық фактор

д) гигрофильдер, гигрофиттер



6.Евразиялық Солтүстік Америка ареалында өсетін өсімдіктер?

а) ива, балқарағай, шырша, қарақат

ә) ағашты, бұталы өсімдіктің қалың өскен жерлері

б) бұта, шөптесін, мүк пен қына

в) тундра және полярлы

д) орманды, бұталы, қыналы, арктикалық



7.Солтүстік Тының мұхит ареалында өсетін өсімдіктер?

а) қылқанжапырақтылар, тюльпан ағашы

ә) ағашты, бұталы өсімдіктің қалың өскен жерлері

б) бұта, шөптесін, мүк пен қына

в) тундра және полярлы

д) орманды, бұталы, қыналы, арктикалық



Екінші рейтинг бақылау

Екінші рейтинг бақылау



Тақырыптар

Апта

Бағасы

Бақылау түрі

1

Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.

8 апта





Сұрақ- жауап

2

Қазақстан фаунасы мен флорасының генофондысы.

3 балл

Бақылау сұрақтары

Тест


3

Биіктік белдеулердің жалпы сипаттамасы.

9

апта






Сұрақ-жауап

4

Аралдардың фаунасы мен флорасы.

3 балл

Тест

5

Ішкі сулардағы тіршілік.

10 апта




Сұрақ-жауап

6

Эндемикалық жануарлар мен өсімдіктер.

4 балл

Тест

7

Реликтілі жануарлар мен өсімдіктер.

11 апта





Сұрақ-жауап

8

Тропиктік сулардың экожүйесі.

4 балл

Коллоквиум

9

Ылғалды, мәңгі жасыл тропикалық ормандар.

12 апта





Сұрақ-жауап

10

Саванналар.

3 балл

Бақылау сұрақтары

Тест


11

Мангро ормандары.

13 апта




Сұрақ-жауап

12

Шөл мен шөлейттер.

3 балл

Тест

13

Далалар.

14 апта





Сұрақ-жауап

14

Қоңыржай белдеудің фауна, флоралық ерекшеліктері.

3 балл

Коллоквиум

15

Тундра.

15 апта





Сұрақ-жауап

16

Дүние жүзілік мұхиттың биологиялық ресурстары.








8 апта

ОБСӨЖ № 15

ОБСӨЖ тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Эндемді өсімдіктер.

2.Реликт өсімдіктері.

3.Викаризм ареалы.



ОБСӨЖ мәтіні; Өсімдік түрлерінің ішінде материктерде таралу шегі бар, белгілі бір географиялық регионда ғана өсетін, басқа жерлерде жабайы түрінде кездеспейтін өсімдік түрін-эндемді өсімдік деп атайды. Эндемдер тек өсімдік түрлері ғана емес, басқада таксондарда (туыс, тұқымдас) болуы мүмкін. Әрбір географиялық континент-материктердің өз эндемді өсімдіктері бар. Эндемдерде жер бетінде біркелкі таралмаған.Кей материкте түр саны да, көлемі де, үлкен аумақты жерлерді алып жатса, екінші бір жерлерде-эндемді өсімдіктер пункт аудан көлемінде қалып қойған,ал кей материктерде ареалда кездеспеуі де, өспеуі де мүмкін. Зерттеулердің нәтижесінде ертеде пайда болған материктерде, ареалдарда, эндем түрінің көбірек өскендігі белгілі. Әсіресе басқа материктермен қатынасы жоқ, жекешеленген оқшауланған материк ареалдарда эндемді өсімдіктер көп. Мысалы Жаңа Зеландия флорасының 75% эндемді өсімдіктер. Себебі ұзақ уақыттар бойы Жаңа Зеландия басқа материктермен байланыста болмаған.

Эндемді өсімдіктер материк, аралдарда, арелдарда басқа таудың альпі, субальпі белдеулерінде де сақталу мүмкіндіктері бар. Биік тау белдеулерінде тау етегімен, жазық жерлермен қатынасы жоқ. Биік тау эндемдерінде жаңа пайда болған “жас” өсімдік эндемдер жоқтың қасы. Кавказ тауында 6000 өсімдік түрінің 1153 яғни 20℅ эндем, үлкен Кавказ жотасында-390 эндемді өсімдіктер бар.

Эндемдердің, эндемизмнің екі табиғи даму кезеңі болады.

1.Өсімдік ареалының геологи ялық себептерімен, тарихи уақытпен кеміп азаюы.

2. Өсімдік ареалының жаңадан пайда болған кеңістікте кең жайылуы мүмкіндігі болмаған жағдайда. Бірінші жағдайда сол жерде өте ертеде пайда болған, қазіргі кезде азайып, құрып бітуіне жақын, тек кішігірім жерлерде ғана кездесетін өсімдіктер тобын-палеоэндемдер деп атайды.

Реликт өсімдіктер.

Ерте кезеңдерде пайда болған, сол жерде өсу, даму таралу тарихы өзгерістерден өсіп қазіргі кезде аумағы тарылып, жойылып бара жатқан басқа жерде кездеспейтін өсімдіктер тобын-реликт өсімдіктер деп аталады. Реликт өсімдіктердің өсуі, үлкен ареалды алып жатуы сол өсіп тұрған жердің ұзақ уақыт қолайлы жағдайлардың болғандығын дәлелдейді. Ол өсімдіктердің сан жағынан да, көлемі жағынан да аздығын дәлелдеу геологиялық, палеоботаникалық қазба жұмыстары арқылы да өз дәуірінде олардың көлемді жерді алып жатқандығын дәлелдейді. Саговниктер ареалы реликт екендігі полеобатаникалық жолмен дәлелденген. Гинкго мезозой дәуірінде кейінен таралған. Қазір тек Батыс Қытай таулы аймағында азғана аймақты алып жатыр. Қылқан жапырақты өсімдіктер өкілі-Seguota Taxodium дәл қазір реликт өсімдіктер. Өсімдіктер жасыда біркелкі емес мезозой, үштік дәуір мұз дәуірі-мұз дәрінен кейінгі пайда болған көпшілік өсімдік түрлері реликт өсімдіктер. Үштік дәуір өсімдіктері топан су қаптаған-мұз дәуірінде аман қалған. Мысалы Батыс Кавказ жағалауы, Талыш облысы, Қиыр Шығыс, қырымның кейбір жерлерін орталық орыс қыраттары жерлерін топан су қаптамаған.

Үштік дәуір флорасынан кейінгі мұз дәуіріндегі рефугиумдарда-Солтүстік Американың, оңтүстік шығыс жағы, Жапония, Қытай, Кавказда-колхида, Талыш, Орта Азия тауларында өсімдіктер аман қалды. Олар-қызғалдақ ағашы, саз кипарисі, шамшат, каштан, т.б.




Викаризм

Викаризм-өзара морфалогиялық жағынан өте ұқсас бірақ әр түрлі географиялық аймақта өсіп тұрған өсімдік түрі: материктерде, аралдарда таулы аудандарда өсімдіктер таралуына өз әсерлерін тигізеді, немесе материктен аралдардың бөлінуі-өсімдік өсіп тұрған ареалдар өздерінен өздері оқшаулана береді. Өз дәуірінде үлкен аймақты, ареалды қамтыған материктің бөлінуі, бөлшектенуі, ондағы өсіп тұрған өсімдіктердің бөлінуі-викаризм (лат викар-заменяюший) ареалы деп аталады. Мысалы Швейцария альпісіндегі шерменгүл Америка жеріндегі (Pinus Sirobus) морфология жағынан өте ұқсас, ал географиялық

жағынан алшақ жерлерде таралып өсіп тұр. Pinus serobis-Американың шығыс жағында, ал екіншісі Батыс Америка жағында өсіп тұр. Бұл екі өсімдік Викаризм ареалын, таралу ерекшелігін Солтүстік Америка жерінде өткен сонау геологиялық трансгрессияның әсерінен континент екі бөлшекке бөлінгенде қарағайда бөлінген екі жаққа кете берген. Материк бөлінгеннен соң, жер жағдайы ауа факторларының әсерінен бір түрдегі қарағай морфологиялық өзгерістерге ұшыраса айырмашылықтары бар екі жақын туыс қарағайға айналған.Гилей-(гректің, гилейон-орман деген мағынада) А.Гумбольдт Оңтүстік Америка орманды жерлерін зерттеп “Гилей” деп ат қойған. Ылғалды экваторлық зона 3-100, 10-150с. Үлкен аймақты алып жатқан Тьерра-Каленьта, Анд Колумбия орманы, Шығыс Трининада Амазонка жаңбырлы массиві алып жатыр. Жылына 500-300мм жаңбыр жауады. Гилейлер өсімдіктерге өте бай. Бразилияның гилейінде 1га жерінде-1000 ірі ағаш 8200 бұта, 3000 шырмауық 100 эпифитті өсімдіктер. Африкада 1га гилейінде ағаштың 700, эпифиттер 30-40 эпифитті өсімдіктер.

8 апта

ОБСӨЖ № 16

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстан фаунасы мен флорасының генофондысы.

ОБСӨЖ жоспары:

1.В. Г.Гептнердің фаунасы.

2.Н.А.Бобринскийдің фауналық жүйесі.

3.Голарктика флорасы.

4.Палеарктика флоралық аудан.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау сұрақтары:

1.Антарктидалық флоралық аймақ.

2.Субантарктидалық флоралық аймақ.

3.Австралия флоралық аймақ.

4.Кап флоралық аймақ.

5.Палеотропикалық аймақ.



Тест сұрақтары:

1.Флора мен фауна неше патшалықтарға неше облысқа бөлінеді?

а) 9


ә) 8

б) 7


в) 6

д) 10


2.Флора деген .......?

а) белгілі аймақта табиғи қалыптасып өсіп тұрған өсімдіктер түрі

ә) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) ағаш өсімдіктер өспейтін тек ксерофильді ерекшелігі бар шөптесін өсімдіктер өсетін жазық жер

д) топырақ ауасының атмосфералық ауамен газ алмасу арқылы оттегімен, ал жер бетіндегі қабатты көмірқышқыл мен байыту



3.Фауна деген ......?

а) бір жерде, не теңіз территориясында тіршілік ететін жануарлар тобы

ә) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) белгілі аймақта табиғи қалыптасып өсіп тұрған өсімдіктер түрі

д) топырақ ауасының атмосфералық ауамен газ алмасу арқылы оттегімен, ал жер бетіндегі қабатты көмірқышқыл мен байыту



4.Фаунаның ең негізгі ерекшеліктерінің бірі ?

а) Эндемизм

ә) флора

б) прогрессивті эндемик

в) субэндемик

д) релективті



5.Кап флоралық аймаққа қай жерлер кіреді?

а) Африканың оңтүстік шеті, Кланвильмадан бастап Элизабетке дейін

ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай

б) тундра мен тайганың орманды зоналық шекарасы

в) Шығыс Африкада, Оңтүстік Сахара

д) Субарктика, Арктика, Антрактида



6. Палеотропик аймақтың флорасын неше кіші флорастикалық облысқа бөлінеді?

а)5


ә) 8

б) 7


в) 6

д) 4


7. Палеотропик аймақтың флорасын неше кіші флорастикалық облысқа бөлеміз және жеке көрсет?

а) Индо – Африка, Малезия, Жаңа Зеландия, Гавай, Мадагаскар

ә) Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық

б) Африканың оңтүстік шеті, Кланвильмадан бастап Элизабетке дейін

в) Солтүстік жарты шарда, Евразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін

д) Субарктика, Арктика, Антрактида



8.Кап флоралық аймаққа қай жерлер кіреді?

а) Африканың Оңтүстік шеті, Кеонвильмодон Прот-Элизабетке дейін.

ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай

б) Африкада Сахара шөлі, Азияда Арабстан, Үнді –Қытай, Гималай тауы

в) Солтүстік – Батыста гималай таулары, Оңтүстік Америка аралдары, Жаңа Зеландия

д) Тундрада солтүстікке мұзды мұхитқа қарай, Арктика суық шөл зонасы



9 апта

ОБСӨЖ № 17

ОБС ӨЖ тақырыбы: Биіктік белдеулердің жалпы сипаттамасы.

1.Табиғи аудандастырылу.

2.Алтай, Жоңғар Алатауы тауындағы белдеулік

3.Тянь-Шань таулы өлкесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет