12 апта
ОБСӨЖ № 24
ОБСӨЖ тақырыбы: Саванналар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Африка саваннасы.
2.Шығыс азия саваннасы.
3.Австралия саваннасы.
4.Оңтүстік Америка саваннасы.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:
Бақылау сұрақтары:
1.Африка саваннасының шөптесін өсімдіктері.
2.Австралия саваннасының өсімдіктері.
3.Оңтүстік Америка саваннасының өсімдіктері.
Тест тапсырмасы:
1.Саванна деп..?
а) Африка және Оңтүстік Америка тропиктерінде ксерофитті шөптесін өсімдіктер өскен көлемді алқап
ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай
б) Африкада Сахара шөлі, Азияда Арабстан, Үнді –Қытай, Гималай тауы
в) Солтүстік – Батыста гималай таулары, Оңтүстік Америка аралдары, Жаңа Зеландия
д) Тундрада солтүстікке мұзды мұхитқа қарай, Арктика суық шөл зонасы
2.Африка саваннасы қай аймақтарды алып жатыр?
а) Шығыс Африкада, Оңтүстік Сахара
ә) құрғақ шөл – шөлейтті жерлер
б) мәңгі жасыл экваторлы орман зонасының Солтүстіктен Оңтүстікке қарай тропикалық кеңістік аймағы
в) Субарктика, Арктика, Антрактида
д) Скандинавия түбегінің солтүстік жағалауы, Енесей, Лена, Анадырь өзені, Колыма жотасы
3.Саваннада 4000-5000 мың жыл өмір сүретін өсімдік?
а) гигант эндемді
ә) баобаб
б) бородач
в) лалагүл
д) пиязшықтар
ОБСӨЖ № 25 Тақырыбы: Мангро ормандары.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Мангро дегеніміз не.
-
Мангро өсімдіктері.
-
Мангро ормандарының таралуы.
ОБСӨЖ мәтіні; Ылғалды су жылдың бір мезгілінде көп, бір мезгілінде аз, суы тартылған батпақты, лай ойпаттарда, өзен жағалауында өсетін өсімдіктерді мангро өсімдіктері деп атайды.
Тропикалық жерлер – теңіздің тегіс жағалауы су мен жел өтінен қоршалған ық тек су тасығанда, су астында қалатын өсімдіктер. Алып жатқан территориясы аумағы Экватор бойымен тропикалық шекара шегінен шықпай оңтүстікте де солтүстікте де соғылып жатыр. Солтүстікке қарай Калифорния, Флорида, Бермуд аралдары, Персид шығанағы, Қызыл теңіз, Эквадор, Жаңа Зеландия, Оңтүстіктегі Жаңа Уэльс және Наталия. Мангро тұқымдас өсімдіктері – негізінен қамыс тәріздес, аласа, өте тығыз өскен мәңгі жасыл өсімдіктер өкілдерімен қамтылған.
Мангро өсімдіктері – шығыс және батыс облысқа бөлінген.
-
Шығыс Азия, Австралия, Микронезия, Африка шығыс жақ жағалауы.
-
Батыс облысында – Африка батыс жағалауы, Америка.
Шығыс мангро облысында өсімдіктер – бұта, ағаш өсімдіктерге бай болатын болса, батыс облыста аз, кедей: 8 тұқымдас өкілдері, шығысында – 22, батысында – 4 ақ түрлі өсімдік өседі.
Мангро ормандарының өскен кездерінде көктем, күз, жаз маусымдарында - әсіресе жемістері піскен кездерінде, теңіз суларымен жемістері ағып алыс жерлерге жетеді. Су тасып, су астында қалған ағаштар, бұталар су қайтқанда алдымен ұзын-ұзын тақтай тәрізді тамырлары бағана дәндері көріне бастайды.
Мангро өсімдігінің лайлы, сазды, батпақты өзендер тасығанда су қайтқанда, тартылғанда: сол сулы жерлер табанында өсетін ескерсек батпақты, лайлы жерлер топырағында түсі көгілдір қаралау, жылжымалы субстрат, оттегінің аз болатыны. Осындай экстремальды экалогиялық жағдайларда тамыры суда, сабағы шыжыған күнде, судың өзі бірде мол, бірде шөлде тіршілікке бейімделу өсіп-өну үшін сабақпен тамырда ерекше анатомиялық, морфологиялық ішкі құрылыстар болуы қажет. Ahizophora mustonato өсімдігі лайлы, батпақты жылжымалы субстартта бейімделгіш – оттегімен қамтамасыз ету үшін батпақтан тамыр ұшы шығыңқырап тұрады. Жылжымалы субстратқа бекіну үшін жан-жаққа өте тез өсетін тамырлары тармақталған. Сонымен қатар Ризофора өсімдігі – балашықтайтын өсімдік. Тұқымы пісіп жетілген соң алғашқы өскін сол жемістің ішінде өсе бастайды да үлкендігі, ұзындығы 60см жеткенде түйреуіш тәріздес салбырап тұрады да, тамырымен тік батпақты жерге қадала түседі де, өсе бастайды.
Мангро өсімдіктері лайлы, батпақты, жылжымалы субстратта өсетіндігі, ол ортда оттегінің аз болатындығы, ол өсімдіктерді оттегімен қамтамасыз ететін тамырларының болуы пнейматофор деп аталады. Ксилокарп өсімдігінің тамыры жылан тәріздес ирелеңдеген, жоғарғы сыртқы қабатында тыныс алатын тесіктері – поралары бар: Бручнер, ризофора батпақты тамырлары жоталанып шығып тұрса, спаржа өсімдік тамырлар ұшы батпақтан тіп - тіке болып қылтиып шығып тұарды. Мангро өсімдіктері батпақты лайлы, суы көбірек өзен табанында, сайлы ойпатты жерлерде өсетіндіктен, теңіз ағын суымен бірге тұзды сумен шайылып отырады. Теңізге жақын жерде тұз жылда жинақталады да топырақ құрамында тұзы көбірек. Тұзды жерлерге бейімделген Галофит ризафора өсімдігі. Лайлы, батпақты галофитті ортада тіршілік ету үшін тұзды сыртқа шығаруға арналған арнайы өсімдік түктері, бездері болады. Суккулентті жапырақ сабақ сыртқы беттері күн сәулесімен шағылысып жылтырап, кристалданып, тұзданып біздегі алабұта өсімдігі тәріздес тұрады. Тіршілік ортасында оттегінің аздығы, су мен тұздың көптігі – гигрофиттерге судың көбірек булану қасиеттері бар. Теңіз жағалауынан алысырақ тұзды субстратты жерлерде пальма қалың ну болып өседі де, жергілікті халықтар «нипа» формациясы деп атайды. Эпифиттер мүлде аз, тек батыс облыстарда ризофора өсімдіктерімен қатар қынаның бормелия түрі өседі.
Муссонды ормандар – оңтүстік шығыс Азия, Зонд ( Джакарта, Индонезия ) арал архипелагының шығыс жағындағы кіші Зонд аралдары, Тимор, Целебес, Ява аралдарының шығыс бөлімі, Индостандағы /Декан/, Үндіқытай жерінде /Бирма/ жерлерін алып жатыр. Тропикалық ормандарға барлық ерекшеліктерімен жақын.Маусым айынан қазан айына дейін құрғақшылық болады да, көптеген ағаштар жапырағы түсіп, сидиып, сүреңсіз болып тұрады. Малакка түбегі, Суматра, Калимантан аралдарында муссонды орман-Үндіқытай, Ассам, Шри-ланка, Батыс және Шығыс Гат, шығыс Гималай, Малай мәңгі жасыл ормандарына әсіресе Жаңа Гвинея, Филиппин аралдарына Австралияның ықпалы басым. Бирма, Тайланд, Шығыс Қытай жерлерінде жыл мезгілдеріне ауа райы құрғақшылығына байланысты жапырағы түсетін муссонды ормандар, ылғалды Гилеяда сол жерлердің өзінде шоқталып «аралдар» тәріздес өседі. Экваторлы Азия орманы өсімдіктің түр құрамы, орналасуы жағынан Африка, Америка экваторлы ормандарымен басым.
13 апта
ОБСӨЖ № 26
ОБСӨЖ тақырыбы: Шөл және шөлейттер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Орта Азия және Қазақстан шөлді аймағы.
2.Орталық Азия шөлі
3.Африка шөлді аймағы.
4.Австралия шөлді аймағы.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:
Тест тапсырмасы:
1. Шөлейтті аймаққа ?
а) батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Акмола, Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы
ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай
б) Африкада Сахара шөлі, Азияда Арабстан, Үнді –Қытай, Гималай тауы
в) Солтүстік – Батыста гималай таулары, Оңтүстік Америка аралдары, Жаңа Зеландия
д) Тундрада солтүстікке мұзды мұхитқа қарай, Арктика суық шөл зонасы
2.Шөлейттің негізгі топырағы?
а) ашық, қара қоңыр
ә) қызыл
б) қызғылт
в) қоңыр,қызыл
д) қара
3.Шөл зонасы ?
а) Каспи теңізі жағалауынан, Тарбағатай тауына дейін
ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай
б) Африкада Сахара шөлі, Азияда Арабстан, Үнді –Қытай, Гималай тауы
в) Солтүстік – Батыста гималай таулары, Оңтүстік Америка аралдары, Жаңа Зеландия
д) Тундрада солтүстікке мұзды мұхитқа қарай, Арктика суық шөл зонасы
4. Орманды дала зонасы жалпы қыраттардың қанша бөлігін алып жатыр?
а) 2,5%
ә) 98 %
б) 92 %
в) 78 %
д) 82 %
5.Тек шөл зонасынан басталатын өзендер?
а) Сырдария, Талас, Іле, Сарысу
ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай
б) Африкада Сахара шөлі, Азияда Арабстан, Үнді –Қытай, Гималай тауы
в) Солтүстік – Батыста гималай таулары, Оңтүстік Америка аралдары, Жаңа Зеландия
д) Тундрада солтүстікке мұзды мұхитқа қарай, Арктика суық шөл зонасы
6. Құмды шөлдер?
а) Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм
ә) Кола түбегінен бастап, Лена өзеніне дейін шығысқа қарай
б) Африкада Сахара шөлі, Азияда Арабстан, Үнді –Қытай, Гималай тауы
в) Солтүстік – Батыста гималай таулары, Оңтүстік Америка аралдары, Жаңа Зеландия
д) Тундрада солтүстікке мұзды мұхитқа қарай, Арктика суық шөл зонасы.
14 апта
ОБСӨЖ № 27
ОБСӨЖ тақырыбы: Далалар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Дала туралы түсінік.
2.Географиялық орны.
3. Өсімдіктердің түрлері.
ОБСӨЖ мәтіні; Дала – ағаш өсімдіктер өспейтін тек ксерфильді ерекшілігі бар шөптесін өсімдіктер өсетін жазық жер. Далалы жерлер: Еуропада батыстан шығысқа қарай Обь өзеніне дейін Дунай, Венгрия / Дунай ойпаты/ «пушта» деп аталады. Қоңыржай белдеудің ксерофильді бірлестіктері әр түрлі аталады. Ксерофильді шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына әр түрлі ұзақтығы қыс, жылы құрғақ жаз, жаздағы жауын шашын мөлшері масимум болуы тән. Солтүстікте қаңтардың орташа температурасы 200 С, абсалюттік минимум 500 С-қа дейін жетеді. Ал оңтүстігінде бірде – бір айдын температурасы 00 –тан төмендейді.
Климаттың астық тұқымдас өсімдікті далалары бірқатар жалпы белгілерімен сипатталады. Солтүстік далалары гүлдейтін қос жарнақты өсімдіктер бірлестігімен сипатталса, оңтүстікке қарай астық тұқымдастырдың басымдылығы артады. Дала зонасынан солтүстікке қарай орманды дала орналасқан.
Географиялық орны.
Дала жазықтығы басқа амалдарға қарағанда жыл бойы ыстық, суықта да өсімдіктер өз вегитациясын тоқтатпайды. Далалы аймақ 110 - ға дейінгі гектардан көбірек жерді алып жатыр, яғни Қазақстан территериясының 30% -ға жуығы. Бұл зонаның ерекшелігі рельефінің жазықтығы болып табылады. Мұнда онша биік емес Мұғалжар таулары және Қазақстанның аласа тауларының солтүстік бөлігі оқшаулануда. Орманыды далалар мен салыстырғанда климат континеталдық өсуімен жылудың көбеюімен, жауын – шашының азаюымен ерекшелінеді. Далалы аймақтарда жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 200- 300 мм дейін. Олардың максималдық мөлшері (60-80%) жылдың жылы мерзімінде жауады.
Қаңтар айында орташа температура 160-190 С-тың айналасында (абсалютті минимум 500 С-қа жетеді) орманды далаға қарағанда жазы барынша ыстық және ұзақ құрғақшылық жиі болып тұрады. Шілде айындағы орташа температура + 180 ден + 220- қа дейін кейде күндіз + 35 - + 400- қа дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің өсіп-өну ұзақтығы 170-180 күнді құрайды. Қазіргі кездегі (классификация) жіктеу бойынша далалы аймақты ұш аймақ атына бөледі. Топырақтың түріне қарай, климатының құрғақтығына және өсімдіктерінің түріне қарай, кәдімгі топырақты және оңтүстік қаратопырақты бірінші әр түрлі шөпті- ақселеу, бетегелі далалар: қызғылт қоңыр және сарғыш топырақты үшінші аймақ сары топырақты қау далаларға басым: Жусанды қақмашандар мұндағы өсімдіктерді 28- кезеңге бөледі: Шөптесін өсімдіктер арасындағы әдеттегі топ, оның ішіндегі басымдары ақселеу, бетеге, сұлыбас бірлестігі. Ал бұталы топқа шайқұрай жапырақты тобылғы, аласа бадам. Қарақан бірлестігі. Ормандар дала аймағының азғана бөлігін алады. Мұнда кәдімгі қарағай, қаың, орманның жекелеген бөлімдерінде қара қанды ағаш өсімдіктері кіреді.
Орск облысындағы Стрелец даласындағы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жыл бойына Стрелец даласы 12 рет құлпырып өзгеріске ұшырап отырған. Қара теңіз жағалауы Асканянова даласында жаз айларында өсімдіктердің сарғайғандығы байқалған, жаңбыр бір сеуіп өткен соң бетеге, тырсы қайтадан жасылданып өсіп вегетациясын жинастырғандығы байқалған. Еуропа солтүстік Америка далаларына сипаттама бере келе мынадай заңдылықтарды байқауға болады. 1-Солтүстіктегі қалың балауса шөптесін өсімдіктер оңтүстікке қарай сирей бастайды. 2- Солтүстіктен оңтүстікке қарай қосжарықты өсімдік түрлер саны азаяды. 3- Солтүстік далаларында көпжылдық, ал оңтүстік далаларында біржылдық өсімдіктер өсумен ерекшелінеді. Қазіргі кезде соқа тимеген дала тек Байкал жағы мен Солтүстік Монғолия жерінде ғана тың жерлер қалды. А. Н. Краснов /1б. 94/ «дала деп су қаптамайтын, суарылмайтын, егін шаруашылығына жарамды, құрғақшылыққа бейімделмегендіктен құрап, күйіп кететін өсімдіктер жамылғысы бар, табиғи жағдайда ағаштар мен ормандар өспейтін кеңістікті айтамыз» деп жазған. Жалпы шет ел ғалымдарының өз жерлерінде, әсіресе Еуропа ғалымдары далалары жерлері болмағандықтан, даланы өз көздерімен көріп, ол жерде тіршілік етпегендіктен – дала туралы айқын түсініктері, анықтамалары жеткіліксіз дәл емес. Дала топырағы әр түрлі қаратопырақты, каштанды. Топырақ құнарлығы өте жоғары. Осы қасиеті үшін көптеген далалық жерлер жыртылып, ауыл шаруашылық дақылдары егіліп келеді. Дала зонасы солтүстік ғаламшарда, Еуразия мен солтүстік Америка жерінде үлкен аумақты жерлерді алып жатыр. Еуразияда дала зонасы үзілмей бір полоса болып Венгриядан Қытайға дейін созылып жатыр. Еуропаның кей жерлерінде Батыс сібірде солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 600 км-ге дейін жететін далалы жерлер бар. Еуразиядағы дала зонасының ауа- райы біркелкі, бірдей деуге болады. Тек аудандарына, алып жатқан аумағына байланысты климаты өзгермелі болады.
Өсімдіктердің түрлері.
Дала зонасының өсімдіктері: кәдімгі қарағай (қарағай қар тұқымдасы), кәдімгі емен (шамшаттар тұқымдасы), шайқұрай тобылғы (раушангүлділер тұқымдасы), көкшіл жуа, май інжугүлі, шренг қызғалдағы, каремен ринолетарюм (лолагүлдер тұқымдасы), аласа құтқашаш (құртқашаштар тұқымдасы), без, бетеге, тырса, қылтан селеу, садақбозқау, кәдімгі бетеге, (астық тұқымдастар), ашық құндыз шөп, көктем жанаргүлі, ұсақ гүлді жанаргүл (сарғалдақтар тұқымдасы), шырмауықкирказан (қырқазан тұқымдасы), будан полигола (полиголалар тұқымдасы), будан безкілем (плауын шөптер тұқымдасы) төртқалқан риндер, глимен, окосиаса, айлық оносма (айшауың тұқымдасы), жібіршөп (ерінгүлдер тұқымдасы), орта патринил немесе тас валериана (валерианалар тұқымдасы), альпі астерясы, көктікен, орыс гүлкекіресі, хра наголовоткосы (күрделі гүлдер тұқымдасы). Шайқұрай тобылғы Қазақстандағы нағыз далаға тән бұта. Оңтүстік батыс немесе шөлейт басқа аудандардан республиканың барлық территориясына дерлік кеңінен таралған. Тау беткейлерінде кейде көбірек мөлшерде кездеседі және иелік құрады. Онша биік емес (1,5 м-ге дейін) бұта-ұсақ шатыса орналасқан бұталармен тегіс қоңыр және қызғылт түсті қабығымен ерекшеленеді. Тобылғының сүрегі өте мықты және қатты. Одан қамшыға сал жасайды. Жапырақтары ұсақ керілген, ұшы дөңгелек гүлдері ұсақ, ақ түсті, диаметрі 0,5 см-ге жуық, құрылысы раушангүлдерге тән. Олар қою қалқан тәрізді гүлшоғырына жиналған, қысқа гүл табанына орналасқан. Бұл түр сәуір- мамыр айларында гүлдейді, жәндіктердің көмегімен тозаңданады. Жемісі маусым шілдеде пісіп жетіледі. Тобылғы шаруашылықта топырақты тұрақтандыруда сәндік мақсатта және омартолықта маңызды қабығы жапырағы және гүлдері халықтың медицинада аяқ қол ауруына тері және басқа ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланады.
Жол дала бірден орманға жалғасып кете алмайды, оған ортада екеуін жалғастыратын басқа бір өсімдік бірлестігі қажет ақ. Сондықтан жазық дала орманды жерлермен шөл арасын байланыстырып тұратын табиғи зона. Далада орманмен жалғасын бірден таппайды. Ағаштар орманға жақындағанда сиректеу болса да кездесіп, өзен саға, жылға бойымен жиілеп өскен жерлерді орманды дала деп атайды. Даланың өзі материкте барлық жағынан географиялық орналасуы, өсімдіктің әртүрлігі, ауа райы, топырақ, құрамы біркелкі еместігі де ескеруді қажет етеді. Дала белдеуінде немесе зонасында тек өзіне ғана тән өсімдіктер өскен, бірақ соңғы кезде, адам санының артуы, техникалық дамуы, даланың бұл қасиеті сақталмай келе жатыр. Монғол және батыс Қытай өсімдіктері Байкал маңы өсімдіктерімен ұқсастау. Бұл жердің ауа райы да континетальды құрғақтау. Ал орталық Қытай климаты әлдеқайда жұмсақтау, соған байланысты өсімдіктері де қалың деді, биік. Қазіргі кезде бұл жерлердің барлығы жыртылып, егіншілікке айналып кеткен.Шығыс Евразия жерлері тегіс дала болуымен қатар таулы жерлерде кездеседі. Өсімдік түрлері тегіс дала өсімдіктеріне ұқсас. Таулы жерлерде өсімдіктер кездеспей, тек тасты жерлердің болуымен ерекшелінеді. Жоғарғы биіктерде ашық далалы жерлер бар. Бұл жерлерде суықпен, желге төзімді кориофильді өсімдіктер өседі. Алғашқы өсімдіктер ерте көктемде өсе бастайды да, наурыз айының соңғы декадасында гүлдейді, бүкіл жаз бойы дала гүлдеп тұрады, қаз жуа, біржылдық өсімдіктер көкек айында сарғалдақ, қабыршөп, қазтабан өсімдіктері гүлдейді. Мамыр айында көптеген көпжылдық өсімдіктер түрлерінің гүлдейтін мезгілі, нақты – қосжарнақтылар мен дара қосжарнақтылардың көптеген түрлері гүлдеп дала гүлімен жамылып тұрады. Маусым айынан бастап гүлдеген өсімдіктер түрлері азая бастайды да, шілдеде гүлдеу процесінің аяқталып келе жатқанын байқау қиын емес. Дегенмен мал жайлған жерлерде бір жылдық арпалыс басым дамиды.
14 апта
ОБСӨЖ № 28
ОБСӨЖ тақырыбы: Қоңыржай белдеудің фауна, флоралық ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қоңыржай белдеудің фаунасы.
2.Қоңыржай белдеудің флоралық ерекшеліктері.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:
Коллоквиум сұрақтары:
1.Неотропикалық флоралық аймақ.
2.Мексика флоралық тармағы.
3.Анд флоралық тармағы.
4.Палеотропикалық флоралық аймақ.
15 апта
ОБСӨЖ № 29
ОБСӨЖ тақырыбы: Тундра.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Тундра.
2.Тундра ареалы.
3.Тундра зонасы.
ОБСӨЖ мәтіні;Тундра- Тайганың жоғарғы солтүстік бөлігінің барлық териториясының тундра алып жатыр, яғни Евразия мен Солтүстік Америка полярлы аудандары тундра зонасы кіреді.
Евразия тундрасы –жылдың орташа температурасы қыста салқын жазы ең жылы ай шілде -10, -14градус қысы ұзақ та суық ызғарлы қар қалыңдығы жұқа суық жел қарды үріп сайлы жерлерді толтырып тастайды. Топырағы біраз тереңдікке дейін мәңгі тоң, мұз қабатын құрайды. Өсімдіктері толық гүлдеп жеміс тұқым беріп үлгермейді себебі ауа райының қолайсыздығынан сол себептен көп жылдық өсімдіктер өседі. Мәселен, тал /ива жылына 1-1,5 мм ғана өседі, ал сабақ жуандауы 80-90 жылда диаметрі 1 см-ге жетеді. Өсімдіктің өсуіне тундра да тоқтаусыз соққан қатты желде кері әсерін тигізеді.
Тундра ареалы - Скандинавия түбегінің солтүстік жағалауы Кола түбегі, Пона өзені,Ақ теңіздің жағалауы, Канин түбегі, Нарьян-Марь, Салехард, Таз, Енесей, Хатанги, Анабар, Пур, Лена, Индигрка, Анадырь өзені, Колыма жотасы, Гижичинск, Корфа шығанағы.Солтүстік мұзды мұхит жағалауы аралдары солтүстік Америкада, Шығыс Сібір таулы аудандарды, Европалық және Америкаға тундрасы, суық шөлдер барлығы тундралық циркумполярлық биогеографиялық облысқа кіреді.Тундра суық шөл өсімдіктер үшін өте қолайсыз жерлер, жазы қыссқа 2-3 ай, қысы суықта ұзақ 8 ай. Жер шарының басқа жерлерімен салыстырғанда жылылық екі есеге кем. Жаз күндерінің өзінде өсімдік өсіп тұрған вегатациялық уақытында да температура кенеттен күрт төмендеп қатты, үскіріп аяз болып кететін сәттерінде жеткілікті. Жыл бойы орташа температура -10-140. Жаңбыр тек жаз айларында -200-250 мм жауады.Жаңбырдың өзі Тундра зонасында біркелкі жыл мезгілмен жолмайды. Жаздың өзі өте қысқа да салқын. Суықсыз құраусыз күн жоқ. Кез-келген жаздың күні салқын болып қар жаууы мүмкін. Өсімдікке күн сәулесі тәулегіне 24 сағат полярлы күн, полярлы түн түсіп тұрады. Ауа райының қолайсыздығынан өсімдік түрлері де өте аз.
Тундра зонасы- бірнеше аймаққа бөлінеді: оңтүстікке жақын тундра орманды тундра өсімдіктерден мүк пен қына шөптесін өсімдіктер, бота сонымен қатар әр жерде сирек кездесетін ағаштар олар аласа биіктігі-0,5м. Тундра өсімдігі 3 ярусты. 1 бұта, 2 шөптесін өсімдіктер ,3 мүк пен қына.
Европа жерлеріне кездесетін тундра 4 аймаққа бөлінеді. 1 орманды тундра аймағы,2 бұталы тундра аймағы, 3 қыналы, мүк аймақ, 4 арктикалық аймақ.
1.Орманды тундра аймағы-тундра мен тайганың орманды зоналық шекарасы. Орманды тундра да ағашы өте сирек. Тайга орманын да әр жерлерде кездесетін аюқұлақ, қарағай, қайың, шырша және сібір бал қарағайы кездеседі.
2.Бұталы тундра аймағы-Кола түбегінен бастап лена өзеніне дейін шығысқа қарай созыла орналасқан.
3.Қыналы, мүк аймақ- басқа аймақтар тәріздес суық жел жер бетіндегі қарды үріп алып кетеді де жер бетінде мұз қарды жел тоқтатбайды. Қыналар жалпы күй талғамайтын саңырауқұлақтар мен балдырлар селбесіп тіршілік етеді.
4.Арктикалық аймақ – арктикалық тундраны алып жатыр. Бұл жерлерде мүк пен қына түгелдей топырақ бетін жауып тұрмайды. Өсімдік түрлеріне өте кедей. Өсімдіктерден қызғалдақ өкілдері ғана кездеседі. Полярлы тундра шөлі солтүстік жартышар арктикалық аудандарда Канада, Арктика архипелаг аралдарын алып жатыр.
15 апта
ОБСӨЖ № 30
ОБСӨЖ тақырыбы: Дүние жүзілік мұхиттың биологиялық ресурстары.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Дүние жүзілік мұхит суының қасиеттері мен температурасы.
2.Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгерісі.
3.Мұхит суының ағыстары мен қозғалыстары.
4.Дүние жүзілік мұхиттың тіршілік дүниесі.
Тест сұрақтары
1.Экологиялық фактор дегеніміз ?
а) организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін орта
ә) ащы суда тіршілік ететін организмдер
б) организмдерге әсер ететін бейорганикалық орта
в) тірі организмнің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі
д) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар
2. Абиотикалық фактор дегеніміз не?
а) организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы
ә) ащы суда тіршілік ететін организмдер
б) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар
в) тірі организмнің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі
д) организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін орта
3.Биотикалық фактор дегеніміз не?
а) тірі организмнің бір - біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі
ә) ащы суда тіршілік ететін организмдер
б) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар
в) организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін орта
д) организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы
4. Антропогендік фактор дегеніміз не?
а) айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс әрекетінің тікелей немесе жанама әсері
ә) ащы суда тіршілік ететін организмдер
б) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар
в) организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін орта
д) организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы
5.Факторлар неше топқа жіктеледі?
а) абиотикалық, биотикалық, антропогендік
ә) гидрологиялық
б) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар
в) эдафикалық фактор
д) гигрофильдер, гигрофиттер
6.Гигрофильдер ....... ?
а) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар
ә) гидрологиялық
б) топырақ, су, минералды тұздар, жер бедері және атмосфералық құбылыстар
в) эдафикалық фактор
д) абиотикалық, биотикалық, антропогендік
7. Мезофильдер ......... ?
а) орташа ылғалды сүйетін организмдер
ә) гидрологиялық
б) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар
в) эдафикалық фактор
д) абиотикалық, биотикалық, антропогендік
8.Гигрофиттер .......?
а) ылғалды тропикалық аймақтарда тіршілік ететін, су тапшылығын көтере алмайтын өсімдіктер
ә) орташа ылғалды сүйетін организмдер
б) ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар
в) эдафикалық фактор
д) абиотикалық, биотикалық, антропогендік
Достарыңызбен бөлісу: |