Білім және ғылым министрлігі



бет7/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#127595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОБСӨЖ мәтіні:Жер бедері мен оны құрайтын may жыныстары, су, ауа, өсімдік, жануарлар дүниесі, топырақ табиғат компоненттері деп аталады. Жердің беткі жағында табиғат компоненттері араласып, бір-біріне әсер етіп отырады. Мысалы, литосфера компоненті (тозаң түрінде), гидросфераның компоненті (бу түрінде) атмосфераға таралып араласады. Ал биосфера компоненттері (өсімдіктер мен жануарлар, жәндіктер) жердің бетінде, топырақта, атмосфера мен гидросферада тіршілік етедіі Жер бетінде таби­ғат компоненттері бір-бірімен байланыса отырып, әр түрлі кешендер түзейді. Әрбір жер үлкенді-кішілі жер бетін қамтитын табиғаттың құрамдас бөліктерінің белгілі бір кешені болып табылады. Ондай жерлерді аумақтық табиғат кешені (қысқаша АТК) немесе ландшафтар деп атайды. Мысалы, дүние жүзілік мұхит, жеке материктер — ірі таби­ғат кешендері болып табылады. Ал Қазақстан жеріндегі Тұран ойпаты, Сарыарқа, Алтай, Тянь-Шань тауларында әрқайсысына тән өзіндік аумақтық табиғи кешендер қалыптасқан.

Табиғат кешендеріне жердің ішкі және сыртқы энергиясының (күн энергиясы) да әсері күшті. Географиялық қабықтағы барлық табиғаттың құрамдас бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан өзара әсер етіп отырады. Егер олардың бірі өзгерсе, басқалары да міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Мысалы, Арал теңізіне келіп құятын Сырдарияның суы азайған кезде Аралдың да суы тайызданып, мыңдаған гектар көл табаны ашылып, орны тұзды шөлге айналды. Атмосфераға шаңмен бірге тұз көтеріліп, қышқыл жаңбыр жауатын болды. Мұның өзі Арал өңірінің топырақ құрамының өзгеруіне өкеп соқты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне қатты ықпал етуде. Арал маңында тұратын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да зардабын тигізуде. Адамдардың шаруашылық қызметінің табиғат кешендеріне тигізетін зиянды әсерлері аз емес. Әсіресе, өндіріс орындары, ағаш кесу мен отырғызу, жер жырту, су қоймалары мен бөгендерін жасау, жерді мелиорациялау, қала салу, т.б. шаралар табиғат кешендерінің сипаты мен бейнесін қатты өзгертіп жіберді.

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Оның ұлан байтақ жерінде географиялық зоналылық, жазық жерлерінде ендік, ал биік тауларында биіктік белдеулік айқын байқалады.

Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л. С. Берг аудандастырған. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық зерттеле қойған жоқ. Федорович Б. А. басқарған ғалымдар тобы 1970 жылы Қазақстан аумағын 8 табиғи аудандарға бөлді. Олар: 1. Шығыс Еуропа жазығы. 2. Батыс Сібір жазығы. 3. Тұран жазығы. 4. Орал таулы өлкесі. 5. Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы). 6. Алтай-Саян таулы өлкесі. 7. Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі. 8. Тянь-Шань таулы өлкесі. Сегіз табиғи өлке табиғи облыстарға, олар провинцияларға бөлінген.

Жер шарында табиғат зоналары ендік бағыт бойында таралатынын білеміз. Кейде табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзатын басты себеп таулар болып сана лады. Өйткені биік таулардың етегінен басына көтерілген сайын табиғат кешендерінің қасиеттері бірте-бірте өзгере бастайды. Биік тауда өсімдіктер мен ауа райы белгілі бір заңдылық бойынша өзгеріп отырады. Биіктеген сай­ын ауа райы салқындап, қысымы кемиді, ауасы мөлдір бола бастайды. Әрі күннің ультракүлгін сәулесі өсімдіктерге көп түседі. Бұл сәуленің өсімдіктер үшін маңызы зор. Сонымен қатар, тау беткейлерінің өзіне тән жергілікті ауа райы болады. Әрбір километрге көтерілген кезде жылылық 5—6°С-ге кемиді.

Қазақстан жеріндегі негізгі тау жоталары (Ал­тай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы) негізінен ендік бағытта созылып жатқандықтан, күнгей жақ беткейлері жылырақ әрі құрғақтау, ал теріскей жақ беткейлері салқын әрі ылғалды бо­лып келеді. Биіктік белдеулік әрбір биік таулы өлкеде оның географиялық орнына, әсіресе географиялық ендігіне байланысты болады. Өйткені әрбір та­улы өлкенің табиғат жағдайлары бір-бірінен өзгеше. Қазақстан тауларында бірнеше биіктік белдеулік бар. Олар таулар орналасқан шөлейтті аймақтан басталып тауға биіктеген сайын біртіндеп өзгеріп отырады. Абсолюттік биіктігі 600—1300 метр аралығында шөлейт зона. 1000—2000 метр аралығында таулы дала. 2000—2800 метр аралығында орманды шалғынды, 2800—3200 метр аралығында шалғынды субалъпілік, одан жоғары (3600 метрден) жерде мұзды, қарлы белдеу орналасады. Қазақстандағы таулардың биіктік белдеуліктерін ерекшеліктеріне қарай үш физикалық-географиялық аймаққа белуге болады:

1.Алтай тауының биіктік белдеулігі.

2.Жоңғар-Тарбағатай тауларының биіктік белдеулігі.

3.Тянь-Шань таулы өлкесінің биіктік белдеу-

лігі.


Алтай тауындағы биіктік белдеулік.

Қазақстан жеріндегі Алтай таулы жоталары дала мен шөлейт зоналарының шекарасында жатыр. Сондықтан тау бөктерінің төменгі белдеуі дала зонасына ұқсайды. Топырағы қара топырақ. Алтай тауының етегінен 1000 метр биіктікке дейін өр түрлі дала өсімдігі өсетін шөпті дала аймағы орна-ласқан. Мұнда боз, бетеге, айрауық, қоңырбас сияқты шөптер итмұрын, үшқат, долана, тобылғы мен араласа өседі. Алтайдың батыс жағында 1000 метрден, ал шығысында 500 метрден жоғары биіктікте таудың күлгін топырақты өңірінде орманды дала аймағы басталады.

Ағаштардан қайың, көктерек, терек, өзен аңғарларында тал, долана, итмұрын, сарыағаш өседі. Орманды дала зонасынан жоғары, солтүстік-батыс беткейінде қылқан жапырақты орман зонасы басталады. Онда қарағай, самырсын, майқарағай, сібір шыршасы өседі. Таудың оңтүстік, оңтүстік-шығысында қылқан жапырақты қарағайлар мен балқарағай өседі. Орман белдеуінің жоғарғы шегінде аласа самырсын ағаштары ұшырасады. Алтай тауының солтүстік-батысында 2000 метр, ал оңтүстік-шығысында 2400 метрден жоғары субальпілік және альпілік шалғындық белдеуі басталады.

Субальпілік шалғындық белдеуде шөптердің алуан түрі әсем түкті кілемдей жайқалады. Шөптерден ең кеп таралғаны — қазтамақ, сарғалдақ, көк шегіргүл, қоңыраубас.

Альпілік шағындық белдеуден жоғары биік тау тундрасы басталады. Онда қайың мен аласа тал, мүкті, қыналы өсімдік шығады.

Алтай тауы жануарларға бай. Әсіресе орман аймағын мекендейтін жануарлар басқа аймаққа қарағанда мұнда анағұрлым көп. Алтай ормандарында Сібір тайгасының да көптеген жануарлары мекендейді. Онда қоңыр аю, қылқан жапырақты орманда елік, мүйізсіз бұғы, сілеусін, бұлғын, сусар, Оңтүстік Алтайда бұғы, марал мекендейді. Альпілік белдеуде Алтай суыры көп. Алтай тауының баурайында марал мен теңбіл бүғы өсірілетін арнайы шаруашылықтар бар. Бұғы мүйізінен «панта» өндіріледі. Одан бағалы дәрі жасалынады. Биік жартастарда таутеке мекендейді. Альпілік тундраның ақ құры, алтай ұлары, жыртқыш кұстардан бүркіт, тазқара кездеседі. Сауыр-Тарбағатай Алтай тауының оңтүстігінде шөлейтті аймақта орналасқандықтан, оның көп жерінде дала және шөлейт зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар өсіп-өнеді. Өзен аңғарларында көк терек пен алма ағаштары аралас тоғай кездеседі. Сауыр-Тарбағатай өсімдіктерінің түрлері мен типтері Оңтүстік Алтай өңірінікіне ұқсас.

Жоңғар Алатауы

Жоңғар Алатауы шөлді зонада орналасқандықтан, оның төменгі белдеуінің солтүстік жақ бетінде 600 метрге дейін, оңтүстік жақ бетінде 1200 метр биіктікке дейін шөлді зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар кездеседі. Шөлді аймақтан жоғарырақ дала зонасы басталады. Онда дала зонасына тән шөптерден: боз, дала сұлыбасы, бұталардан: итмұрын, мойыл, долана, қараған, ал оңтүстігінде жабайы өрік өседі.

Дала зонасынан жоғары 2200 метрге дейінгі аралықта орманды дала белдеуі жатыр. Бұл аймақта Сібір самырсыны мен Тянь-Шань шыршасы араласып өседі. Орманды даладан жоғары субальпі белдеуі басталады. Субальпі белдеуінде әр түрлі шөптесін өсімдіктерімен қатар арша, тасжарғыш, альпі сарғалдағы, тарғақшөп, арпабас, т. б. өседі. Қазақстан жерінде субальпілік шалғындықтар ғасырлар бойы мал өрісі, жазғы жайлау ретінде пайдаланылып келеді.

Тянь-Шань таулы өлкесі.

Тянь-Шань таулы жүйесінің Іле және Күнгей Алатауының солтүстік жақ беткейінде 800 метр биіктікке дейін жусанды-астық тұқымдас өсімдіктер өсетін шөлді аймақ орналасқан. Бұл зонада эфемерлер көп. Шөл зонадан жоғары 1100 метрге дейін әр түрлі шөп өсетін дала зонасына ауысады. Аймақтың топырағы таудың кәдімгі құнарлы қара топырағы. Дала зонасының жоғары жағындағы өзен аңғарларында жайқалып өскен жабайы алма, дола­на, жабайы өрік, көк теректі кездестіруге болады. 2600—2800 метр биіктікте орманды-шалғынды белдеу басталады. Бұл белдеуде Тянь-Шянь шыршасы әр түрлі шалғындықтармен ауысып отырады. Оңтүстік беткейінде түркістан аршасы өседі.Орманды-шалғынды белдеуден жоғары 3100 метрден бастап субальпілі, альпілі белдеу орналасқан, оның өсімдігі Жоңғар Алатауының өсімдігіне ұқсас. Бұл белдеуде арша, альпілік сарғалдақ, өлеңшөп, жа­байы жуа өседі. Жартасты жерлеріне Тянь-Шань еңлікгүлі шығады. Альпі белдеуінен жоғары мәңгі қар мен мұздықтар жатыр. Көптеген тау өзендері міне осы белдеуден бастау алады.Батыс Тянь-Шань тауларына кіретін Өгем, Піскем, Қаратау жоталары шөлді зонада жатқандықтан, төменгі белдеуде өсетін өсімдіктерден эфе­мерлер мен эфемероидтар көп. Сондай-ақ жануар­лар дүниесінде де өзгешелік бар. Айталық жануарлардың сібірлік түрі аз да, ал Оңтүстік Африка, Жерорта теңізі, Гималай тауларында өсетін түрлері көптеп тараған. Төменгі шөл аймағында дала тасбақасы, әр түрлі бауырымен жорғалаушылар, толай қояны, үнділік мысықторғайы кездеседі. Орманды-шалғынды белдеуінде сұр аламан, жертесер, Тянь-Шань тышқаны, түлкі, қасқыр мекендейді.

Биік тау белдеуінде тауешкі, арқар, қызыл қасқыр, сондай-ақ құстардың биік тауда өсетін көптеген түрі бар. Тянь-Шань таулы өлкесінің қайталанбас әсем табиғаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Алматы, Ақсу-Жабағылы қорықтары ұйымдастырылған.




9 апта

ОБСӨЖ № 18

ОБСӨЖ тақырыбы: Аралдардың фаунасы мен флорасы.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Мадагаскар аралдары.

2.Жопон аралдары.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест тапсырмасы:

1.Арал теңізіндегі шілде айының орташа температурасы?

А) +24+260С

В) +20+240С

С) +18+200С

Д) +15+180С

Е) +20+250С



2.Арал теңізінің тұздылығы қазіргі кезде қанша?

А) 35%


В) 50%

С) 40%


Д) 45%

Е) 20%


3.Орта Азия мемлекеттерінің Аралды құтқару қорын нешінші жылы ұйымдастырылды?

А) 1994ж


В) 1999ж

С) 1965ж


Д) 1985ж

Е) 1986ж


4.Арал теңізінің жасы қанша?

А) 8-10мың жыл шамасында

В) 10-12мың жыл шамасында

С) 8-12мың жыл шамасында

Д) 10-15мың жыл шамасында

Е) 18-20мың жыл шамасында



5.Арал өңірінің экологиялық картасы нешінші жылы жасалды?

А) 1992ж


В) 1996ж

С) 1998ж


Д) 2000ж

Е) 2001ж


6.Арал таңізіне құятын өзен

А)Сырдария

В)Іле

С)Ертіс


Д)Жем

Е)Орал


7. Арал теңізінің жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері.

А)100 мм


В)200 мм

С)150 мм


Д)250 мм

Е)300 мм


8.Гректің қай ғалымы Арал теңізінің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған.

А)Птоломей

В)Страбон

С)Потанин

Д)Бутаков

Е)Мушкетов



9.Арал теңізде балықтың қанша түрі бар.

А)30


В)25

С)35


Д)20

Е)22
10 апта



ОБСӨЖ № 19

ОБСӨЖ тақырыбы: Ішкі сулардағы тіршілік.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Бұқтырма өзені.

2.Каспий теңізі алабы.

3.Алакөл алабы.



ОБСӨЖ мәтіні; Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әрі түрлі. Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы, ал жауын-шашын мол жауатын орманды-дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суғаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.

Өзен жүйелері мен өзен алаптары. Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа белінеді: Солтүстік Мұзды мүхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларынан, Сарыарқадан және Оңтүстік Орал тауының оңтүстік-шығысынан басталатын ірі өзендер. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің бірі — Ертіс. Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне қүяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Сарыарқаны тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс — Қарағанды каналы салынды. Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға, т.б. түрлері ауланады.

Бұқтырма өзені — Ертістің оң жақ саласы. Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының биіктігі екі жүз метрге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді. Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.

Каспий теңізі алабы - Бұл алапта өзендер сирек. Бірақ өзендерінің суы тұзды келеді. Алаптағы ең ірі езен — Жайық. Жайық Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне барып құяды. Бұл өзенде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады.

Алакөл – Балқаштың шығыс жағында жатқан көлдер тобының ең ірісі. Көл балыққа бай, онда балықтардың 58 түрі кездеседі. Жағалауында өсетін қамыс пен шалғындық арасын жабайы аңдар мен құстар мекендейді.

10 апта

ОБСӨЖ № 20

ОБСӨЖ тақырыбы: Эндемикалық жануарлар мен өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Эндемикалық жануарлар.

2.Эндемикалық өсімдіктер.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест тапсырмасы:

1.Эндемизм деген не?

а) түрлердің, туыстардың және т.б. бірлестіктерінің белгілі бір ортада облыста тіршілік ететін немесе басқа жерлерде кездеспейтін жануарлар түрі

ә) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) белгілі аймақта табиғи қалыптасып өсіп тұрған өсімдіктер түрі

д) бір жерде, не теңіз территориясында тіршілік ететін жануарлар тобы



2.Эндемді өсімдіктер деп?

а) белгілі бір географиялық регионда ғана өсетін, басқа жерлерде жабайы түрінде кездесетін өсімдіктер түрі

ә) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

б) түрлер арасындағы болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы

в) ағаш өсімдіктер өспейтін тек ксерофильді ерекшелігі бар шөптесін өсімдіктер өсетін жазық жер

д) топырақ ауасының атмосфералық ауамен газ алмасу арқылы оттегімен, ал жер бетіндегі қабатты көмірқышқыл мен байыту



3.Кавказ тауында қанша пайыз эндем түрі бар?

а) 20 %


ә) 98 %

б) 92 %


в) 78 %

д) 82 %


4.Эндемдердің неше табиғи даму кезеңі бар?

а) 2


ә) 8

б) 7


в) 6

д) 3


5.Эндемдердің неше табиғи даму кезеңі бар және атап көрсет?

а) өсімдік ареалының геологиялық себептермен азаюы, өсімдік ареалының жаңадан пайда болған жағдайы

ә) суы тартылған батпақты, лай ойпаттарда, өзен жағалауында өсетін өсімдік

б) бұта, шөптесін, мүк пен қына

в) тундра және полярлы

д) бұталы, қыналы, арктикалық


6. Полеоэндемиктер деп?

а) қазіргі кезде азайып,тек кішігірім жерлерде ғана кездесетін өсімдіктер тобы

ә) бір түрдің өкілдерінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану

б) белгілі бір географиялық регионда ғана өсетін, басқа жерлерде жабайы түрінде кездесетін өсімдіктер түрі

в) ағаш өсімдіктер өспейтін тек ксерофильді ерекшелігі бар шөптесін өсімдіктер өсетін жазық жер

д) топырақ ауасының атмосфералық ауамен газ алмасу арқылы оттегімен, ал жер бетіндегі қабатты көмірқышқыл мен байыту



7.Мадагаскар облысында қанша пайыз эндем түрлері кездеседі?

а) 89 %


ә) 98 %

б) 92 %


в) 78 %

д) 82 %


11 апта

ОБСӨЖ № 21

ОБСӨЖ тақырыбы: Реликтілі жануарлар мен өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Реликтілі дегеніміз не.

  2. Реликтілі жануарлар

  3. Реликтілі өсімдіктер.

ОБСӨЖ мәтіні: Ерте кезеңдерде пайда болған, сол жерде өсу, даму, таралу тарихы өзгерістерден өсіп қазіргі кезде аумағы тарылып жойылып бара жатқан жерлерде кездеспейтін өсімдіктер тобын реликт өсімдіктер деп атаймыз.

Реликт өсімдіктердің өсуі үлкен ареалдарды алып жатуы, сол өсіп тұрған жердің ұзақ уақыт қолайлы жағдайлардың болғандығының дәлелі, Ол өсімдіктің өзінің сан жағынан алып тұрғанын көлемі жағынан да аздығын дәлелдеу геологиялық және палеоботаникалық қазба жұмыстары да, арқылы да уақытында өз дәуірінде олардың көлемді жерді, - алып жатқандығын дәлелдеу қиынға соқпайды. Саговниктер (cycadales) ареалы реликті екендігі плаеоботаникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Қазір тек батыс Қытай таулы аймағында ғана азғана аймақты алып өсіп тұр. Қылқан жапырақты өсімдіктер өкілі дәл қазір реликті өсімдіктер болып саналады. Өсімдіктер жасы да біркелкі емес – мезазой, үштік дәуір, мұз дәуірі, мұз дәуірінен кейінгі пайда болған көпшілік өсімдіктер түрлері реликт өсімдіктері болып аталып келген. Үштік дәуір өсімдіктер топан су қаптаған – мұз дәуірінде аман қалған. Мәселен Батыс Кавказ жағалауы, Талыш облысы, Қиыр шығыс, Қырымның кейбір жерлерінде топан су қаптаған. Ертеден өсіп келе жатқан өсімдіктер «қазанақ», мүк жидек, қайың, су бүлдірген т.б. Дегенмен мұз суық жетпеген ықтар мен қалтарыстарда климаты өзгеріске ұшыраған жерлерде қалып аман сақталған өсімдіктерде болады. Мұз, мұз суымен суығы жетпеген ықтар мен қалтарыстарда қырларда аман қалған өсімдіктерді рефигиум деп атайды.

Реликтілі жануарлар дүниесі, бұлар – көршілес Орта азия мен шөл мен далаларда енген, жануарлардың ішінде көпшілігі алуан түрлі зоогеографиялық провенцияларында кездеседі. Реликті жануарлар белгісіз аумақтық таралуы зоналарда бейімделген. Орман зонасында: аю, бұғы, камшат; альпі зонасында: кавказ елігі, қара сұр тышқаны. Реликтілі жануарлары, өсімдіктері сияқты жабайы да және біршама суыққа төзімді болып келеді. Реликтілі жануарлар сирек тек, олар бұл күнде қорықтарда ғана сақталған. Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығысқа және оңтүстікте саванналар мен далаларда Африканың жабайы жылқысы зебра реликті жануар болып саналады. Оны әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланылатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулаған. Африка пілдері сақталған бұл жанауарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген аудандар да мүлде құрып кеткен. Реликтілі жануарлар түрлерінің бірнеше түрі қызыл кітабында енгізілген. Осы реликітілі жануарлар қатарына құрып бітуге айналған жануар қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйізтұмсық жатады. Құрып бітуге айналған жануар түрінің бірі – жираф болып келеді.

11 апта

ОБСӨЖ № 22

ОБСӨЖ тақырыбы: Тропиктік сулардың экожүйесі.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ылғалды тропикалық орман жануарлары.

2.Субтропикалық орман жануарлары.

3.Шөл, шөлейтті дала белдеуінде кездесетін жануарлары.

4.Орманды белдеу алқабында кездесетін жануарлары.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Коллоквиум сұрақтары:

1.Атлантикалық тропикалық аймақ.

2.Тропикалық сирек ормандар.

3.Субтропиктер. Бореальдық аймақ.



12 апта

ОБСӨЖ № 23

ОБСӨЖ тақырыбы: Ылғалды, мәңгі жасыл тропикалық ормандар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Оңт Шығыс Азияны муссонды топикалық ормандары.

2.Африканың, Оңт Американың тропикалық өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

3.Географиялық таралуы гипотермиялық және техникалық режимдері.



ОБСӨЖ мәтіні: Мәңгі жасыл тропикалық. ормандар және экватормолды ормандар біріңғай үздіксіз жолақы түрінде экватордың маңында таралып жатыр. Бұл ормандарды жиі гилейлер н/е сельба д.а. Осы орманның ең ірі бөлігі Оңт.Америкада жатыр және Амазонка бассейнмен байланысып жатыр. Африкада-Конго бассейніне және Гвинея шығанағының жоғалуына таралып жатыр. Азияда-Молаккаға, Суматрияға, Кальмонтанаға,Филепинаға еніп жатыр. Азияны бөлігімен немесе орташа тәрізді аймағын мәңгі жасыл ормандар Рака тропигіне, Кариб теңіз елдеріне еніп жатыр. Ал Азияда Индияның Шығысында, Баниядешке, Непалға, Бирмаға және Қытайдың Оңтүстік. Батыс жағалауларына еніп жатыр. Индияның батыс жағалауында Шриланкаға, экватордың Оңт-де Квинснерге енеді. Бразилия ж/е Мадагаскарда мәңгі жасыл ормандар өседі. Осы сызылған ореалда біріншілік гилея барлық жерде сақталмаған көптеген жерлер егіншілік ормандар мен ауыстырылған. Мұндай түрдегі деграция Бразилияда, Орталық Американың, көптеген аударында Модогаскарда, Батыс Африкада, Индияда, Индокитайда, байқалады. Салыстырмалы түрде Амазонканың шығысында, Конгода н/е Оңт Шығыс Азияның жекелеген аймақтарында біріншілік орм андар сақталған. Геометриялық ж/е геохимиялық сипаттамасы. Бүкіл жыл бойы ылғалдылықты ж/е бір қалыпты температураны талап етеді. Орташа температура +250С+260С Максималды температура +330+350С экватор-н алша қтағанда температура +250С-ға дейін түседі. Жалпы жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 милиметрден астам болып келеді. Бұл жерде жауын-шашын процесі булану құрғақшылық процесінен басым болады. Содан бұлар ылғалдылықты сақтайды. Мәңгі жасыл ылғ. Тропик-ң орман-р топырағы бірқатар қасиеттер мен ерекшеленеді. Топырақ құрамына негіздер ж/е минералды заттар кіреді. Топырақ темір тотығыеа бай. Сондықтанда топырақ ертіндісі қышқыл қасиет береді. Органикалық заттар топырақта ертінді түрінде табылады.ж/е 2-5% құрайды.Барлық жерде полмалар, гигантты жапырақ-ы бар папоротник-р, бамбуктер, тікенді өсімдіктер ж/е т.б түрі кездеседі. Ең биік ағаштар 60метрге дейін жетеді. Яғни талдар әр түрлі яруста кездеседі. Мәңгі жасыл тропикалық ормандар да ағаштар жіңішкерек ұшы жоғарыға ұшталған болып келеді. ж/е аз бұтақтары жайылған, бір айырмашылығы тамыр-ры тақтай тәрізді болып келеді. Гилеядағы жапырақ-ң сырт пішіні ұқсас болғандықтан осы орман біртұтас бір әсер қалдырады. Жас жапырақтар өсіп өніп бастағанда түсі ақшыл, қызғылт, сарғылт, көктеу, сүрлі болуы мүмкін. Бұтақта гүлдеу ж/е жемістену процесі каулифлорияд.а. өрмелеп өсетін өсім-р ұзы нды ғы 100м дейін жетіп жатады.Өрмелеп өсіп өсімдіктер мен қатар эп ифитті өсімд-р кездеседі. Мыс: фикус өсімдігі. Жапырақ бетіне қоныстанатын өсімдіктер де бар. Мысалы: балдырлар, хнолар. Өсімдіктердің т.б. ерекшеліктері; Сукулетті-өсімдіктер суды қор ретінде жинай-н қабілеті бар өсімдіктер. Мысалы: Кактус тұқымдастар гүлдейтін түрі-генриол түрі бар н/е Калунелия (Columnеa) бар. Оңт.Шығыс Азияда ж/е ШриЛанка аралдарында диптериокарптар тобы орналасқан. Оңт.Америкада, Африкада, Малий тұқымдасы кездеседі. Австралияда ж/е Жаңа Гвинеяда мййрті тұқымдас ж/е диптериокарптар ж/е Кукалиптаз эвкалипт кездеседі. Columnus тұқымда сы жатады. Америка, Африка, Азияда тез өсіп жетілетін талдар-больсте, охрчота бар.Мәңгі жасыл тропикалық ормандар өсімдіктері жыл бойына гүлдеп пісіп жатады. Бірақ соған қарамастан кейбір өсімдіктер гүлдеп, жеміс береді., жапырақ жаяды. Ал кейбір өсімдіктер бір мезгілде жапырақ жайып гүлдеп жатады.

Сапротрофтар ж/е прототрофтар тобына бактериялар, саңырауқұлақтар, және актиномицеттер, жатады. Әсіресе бұл топ Оңт-к аймақтарда көп қоныстанған. 1гр топырақта 20,0 109 микроорганизмдер бар. Осы топқа термиттер кіреді. Термиттерге Ysoptera тұқымдас ақ құмырсқалар жатады. Термиттер тіршіліксіз фитомассамен қоректенеді. Өйткені онда блокты ң көзі болып табылатын саңырауқұлақтар өте көп. Термиттер ұяларын яғни (терметник) ағаш бұтақтарында, салады. Осы орманның Африка бөлігі әсіресе термиттерге өте бай. Конго бассейнінде 1га 875 терметниктер кездеседі. Гилеяда басқада биаидардай сия қты ұсақ ақ (құмыр) құрттар қоныстанған. Олардың ұзындығы 0,1мг. 1м2 10даған миллион экземплярда құрайды. Осы орманда кездесетін кене, бүргелердің орташа салмағы 0,01-0,025мг Сапротрофтар қатарына панцерлі бүргелер кіреді. Сонымен қатар қанатсыз жәндіктер, аяқ-құйрықтылар, колемба т.б. буынаяқтылар тіршілік етеді. Ылғалды қ тропикалық орманның барлық типтерінде тарқандар түрлері бар. Таракандар, шаян тәрізділер қатары, қоңыздар тіршілік етеді. Көк шөппен қоректенетін (хлорофитофаг) қатарына, малюскалар, қоңыз, шегіртке, жапырақ қидалағыш, құмырсқалар түрлері кіреді. Жапыра қпен қректенетін жануарлардың бір түрі Орталық ж/е Оңт. Америкада кездеседі. Африкада жапырақтармен қоректенетінге колобус тмпті ма ймылдар, ол Оңт. Америкада ол бақырау маймылдар (ревун) Австралия мен Жаңа Гвинеяда кенгурулар, ол Азияда жіңішке денелі маймылдар, ал Мадагаскарда лемурдың түрлері кездеседі. Мартышкалар әсіресе Африкада кездеседі, әр түрлі кемшргіштер (тиын, көрты шқан, тышқандар) Тоқылдақтар Америка, Африка, Азияда кең тараған. Әр түрлі тұқымдастар, мәңгі жасыл ылғалды ормандардың барлық материктерінде тараған. Ал Африка мен Азия ормандарында мұрынтұмсық мекендейді. Кептер мен тауықтар осы орманда кездеседі. Актофилдер қатарына жататын аралар кездеседі. Аралардан басқа масалар, шыбындар, көбелектер бар. Паразитте р-басқа ағзаның тканымен сөлімен қоректенеді. Бірақ жыртқыштарға қарағанда ол ағзаларды өлтірмейді. Оларға құрттар, гелминиттер жатады. Паразиттер экдопаразитпен, пен эктопаразиттер болады. Эктопаразиттер ішінде: биттер, бүргелер, кенелер, масаларды атап өтуге болады. Паразитойд-ға болып паразиттер мен жыртқыштар арасындағы топ. Олар егесінің тканымен қоректеніп, соңында оны жойады. Көптеген вирусты және инфекциялық аурулар осы зонамен тығыз ба йланысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет