Білім саласында арнаулы әлеуметтік



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі364.5 Kb.
#125012
1   2   3   4

Ескертпелер:
      1. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған түзеу ұйымдарында тәрбиешiлердiң саны тәрбиеленушiлердiң әр тобына 2 штат бiрлiгi есебiнен белгiленедi.

      2. Жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбi және мереке күндерi осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы түзеу ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар белгiленедi:


осындай әрбiр 25 балаға, бiрақ әр ұйымға 0,25 бiрлiктен кем болмайтын тәрбиешi лауазымының 0,25 штат бiрлiгi;

ұйымда кемiнде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бiрлiгi белгiленедi.

3. Жүрiп-тұру мүшелерi мен сөйлеу қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бiрлiгi есебiнен, кемтарлығы күрделi балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бiр штат бiрлiгi есебiнен логопед мұғалiм және дефектолог мұғалiм лауазымдары белгiленедi.
4. Бiр немесе бiрнеше мектепке дейiнгi топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбiр топқа мынадай лауазымдар белгiленедi:
тәрбиешi - 2 штат бiрлiгi;

естiмейтiн, нашар еститiн, кейiн саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретiн, ойлау қабiлетi нашар балаларға арналған топтар үшiн дефектолог мұғалiм 1 штат бiрлiгi.

5. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру қабiлетi бұзылған, жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған мектепке дейiнгi балалар топтарында 2 штат бiрлiгi есебiнен тәрбиешi көмекшiсiнiң штат лауазымы, сөйлеу қабiлетi өте нашар әрбiр 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбiр 12 балаға логопед-мұғалiм лауазымының штат бiрлiгi белгiленедi. Егер мектепке дейiнгi топтардың жатын бөлмелерi қатар орналасса, әрбiр 2 топқа 2,5 штат бiрлiгi есебiнен тәрбиешiнiң көмекшiсi, 0,5 штат бiрлiгi есебiнен кiр жуу машинисi лауазымының штат бiрлiгi белгiленедi.

6. Арнаулы түзеу ұйымдарында екi немесе одан да көп мектепке дейiнгi топтар болған кезде 0,5 бiрлiктен аспаз және көмекшi жұмысшы лауазымдарының штат бiрлiктерi қосымша белгiленедi.

7. Көру қабiлетi бұзылған балаларға, жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған балаларға арнаулы 4-тен 9-ға дейiн топтары бар түзеу ұйымдарында көмекшi жұмысшы лауазымының 1 штат бiрлiгi, ал 9 және одан да көп топтар болған кезде 2 штат бiрлiгi қосымша белгiленедi.

8. Жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында: осы ұйымдарда саны 100-ге дейiн тәрбиеленушiсi болса 0,5 штат бiрлiгi және саны 100-ден асатын тәрбиеленушi болса - 1 штат бiрлiгi ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөнiндегi техник лауазымының штат бiрлiгi белгiленедi.

9. Арнаулы түзеу ұйымдарында көру қабiлетi бұзылған балалардың бедерлi қарiптермен жазылған оқулықтары мен әдеби оқулықтарын пайдаланатын саны 4-5 топ болса, кiтапханашы лауазымының 0,5 штат бiрлiгi белгiленедi.
10. Есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөнiндегi техник лауазымы 3-8 сынып болған кезде 1 штат бiрлiгi, осындай 9-16 сынып болса - 1,5 штат бiрлiгi белгiленедi. Сыныптардың санында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейiнгi топтар да есепке алынады.

11. Есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында есту кабинетiнiң дефектолог мұғалiмi лауазымының 1 штат бiрлiгi белгiленедi.

12. Тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымы әрбiр жатын корпусына 2 штат бiрлiгi есебiнен енгiзiледi, егер жатын корпусына 100-ден аса тәрбиеленушi орналастырылса, жатын корпустың әрбiр қабатына 2 штат бiрлiгi енгiзiледi.
13. Арнаулы түзеу ұйымында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған жағдайда, қосымша тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымының 2 штат бiрлiгi қосымша енгiзiледi.

14. Жуылатын бұйымдардың бiр бөлiгi кiр жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда 15-ке дейiн топ саны бар арнаулы түзеу ұйымдарында кiр жуу машиналары операторы лауазымының бiр штат бiрлiгi, ал 15 және одан да аса топтары болса - 2 лауазымдық штат бiрлiгi белгiленедi.

      15. Жүрiп-тұру мүшелерi бұзылған балаларға арналған түзеу ұйымдарында әрбiр топқа массаж жасаушы медбике лауазымының 0,5 штат бiрлiгi белгiленедi.

16. 150-ден астам тәрбиеленушiсi бар арнаулы түзеу ұйымдарында психиатр-дәрiгер лауазымының 1 штат бiрлiгi қосымша енгiзiледi.



2. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары


Лауазымдардың атауы

Тәрбиеленушiлер топтарының санына
қарай штат бiрлiктерiнiң саны

5 топқа дейiн

5-9 топтар

10 және одан
да көп топтар

Директор

1

1

1

Директордың оқу
жұмысы жөнiндегi орынбасары

0,5

1

1

Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi
орынбасары

0,5

1

1

Директордың шаруа-
шылық жұмысы жө-
нiндегi орынбасары

1

1

1

Әдiскер

0,5

1

1

Педагог-психолог

1

1

1

Әлеуметтiк педагог

1

1

1

Бас бухгалтер

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

Кадрлар мәселелерi жөнiндегi инспектор

-

0,5

1

Хатшы

1

1

1

Дәрiгер-педиатр

1

1

1

Тәулiк бойы кезекшiлiк
ететiн медбике

4

4

4

Кiшi медициналық персонал

0,5

0,5

1

Кiтапхана меңгерушiсi

-

-

1

Кiтапханашы

1

1

-

Қоймашы

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

Киiм-кешек пен iшкиiмдi жөндейтiн тiгiншi

1

1

1

Экспедитор

0,5

1

1

Бас аспаз

1

1

1

Аспаз

2

4

4

Асхана жұмысшысы

3

3

3

Ыдыс жуушы

1

2

3

Кiр жуу машиналарының
операторы

1

2

3

Аяқ киiмшi

1

1

1

Шаштараз

1

1

1

Ғимараттарға кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбiр ғимаратқа)

1

2

2

Күзетшi

3

3

3

Жүк тасушы

1

1

1

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

 

Ескертпелер:
1. Балалық шақ үйлерiнде қосымша невропатолог дәрiгерi, физиокабинет медбикесi, патронаждық бикесi, емдәмбикесi, аға медбике, емдiк дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбике лауазымының штат бiрлiктерi қосымша енгiзiледi.

2. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тiс дәрiгерi, физиотерапия жөнiндегi медбике және емдiк дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейiн тәрбиеленушiлер болған жағдайда 0,5 штат бiрлiгi және 150 және одан астам тәрбиеленушi болған жағдайда 1 штат бiрлiгi есебiнен белгiленедi.

3. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешiлер лауазымдары штат бiрлiктерiнiң саны (мектепке дейiнгi жастағы балалар топтарында тәрбиешiлердiң көмекшiлерi лауазымдарының штат бiрлiктерi қосымша белгiленедi) тәрбиеленушiлердiң әрбiр тобына (отбасына) тәрбиешiлердiң түнгi уақыттағы кезекшiлiгiн, демалыс, мереке кезеңiндегi ауыстыруды, сондай-ақ апталық жүктеменi және ұйымдағы жұмыс режимiн ескере отырып белгiленедi.

4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру, ойлау қабiлеттерi бұзылған балалар (көру қабiлетi нашарлаған балалардан басқа) болған кезде дефектолог мұғалiм лауазымы есту, сөйлеу, көру, ойлау қабiлетi бұзылған балалардың әрбiр тобына, логопед мұғалiм лауазымы сөйлеу қабiлетi өте нашар (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) 12 баладан тұратын әрбiр топқа немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбiр топқа штат бiрлiгi белгiленедi.

5. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйiрмелiк, еңбек, спорт және емдеу iс-шаралары өткiзiлуiне қарай музыка жетекшiсi, қосымша бiлiм беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөнiндегi нұсқаушы лауазымдарының штат бiрлiктерi белгiленедi.

6. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жер учаскесi мен қосалқы шаруашылығы болған кезде бейiн бойынша мамандардың штат бiрлiктерi (агроном, зоотехник және мал дәрігері) қосымша енгiзiледi.

7. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы бiлiм беретiн мектеп, балалар үйiнен шеткерi орналасқан өзiнiң демалыс аймағы болған жағдайда қосымша штат бiрлiктерi тиiстi бiлiм беру ұйымдарының үлгi штаттарына сәйкес белгiленедi.
3. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсететін арнаулы ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары

 


Лауазымдардың_атауы__Штат_бiрлiктерiнiң_саны'>Лауазымдардың атауы

Штат бiрлiктерiнiң саны

Басшы

1

Психиатр-дәрiгер

1

Невропатолог-дәрiгер

1

Сурдолог-дәрiгер

1

Офтальмолог-дәрiгер

1

Педагог-психолог

1

Логопед-мұғалiм

1

Дефектолог-мұғалiм

1

Сурдопедагог

1

Тифлопедагог

1

Медициналық статист

1

Бухгалтер

1


Ескертпе:
1. Медицина саласының басқа мамандары кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
4. Арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары


Лауазымдардың
атауы

Тәрбиеленушiлердiң топтар санына
қарай штат бiрлiктерiнiң саны

10-ға
дейiн

10-15

16 және одан
да көп

Директор

1

1

1

Директордың оқу
жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

1

1

Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi
орынбасары

1

1

1

Директордың шаруа-
шылық жұмысы жөнiндегi орынба-
сары

1

1

1

Директордың режим бойынша орынба-
сары










Педагог-психолог

1

1

1

Әлеуметтік педагог

1

1

1

Музыка қызметшісі

1

1

1

Ұйымдастырушы педагог

1

1

1

Спорт нұсқаушысы

1

1

1

Бейнелеу өнері үйірмесінің басшысы

1

1

1

Режим бойынша кезекші

3

3

3

Тәрбиешілер

2

3

3

Дәрігер-педиатр

1

1

1

Тіс дәрігері










Тәулік бойы кезекшілік ететін медбике

1

1

1

Аға вожатый

1

1

1

Дәрiгер

1

1

1

Тәулiк бойы кезекшiлік ететін медбике

4

4

4

Кiшi медициналық
персонал

1

1

1

Кiтапхана меңгерушiсi

1

1

1

Кiтапханашы

1

1

1

Бас бухгалтер

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

Iс қағаздарын
жүргiзушi

0,5

0,5

0,5

Хатшы

1

2

2

Кадрлар мәселелері жөніндегі инспектор

1

1

1

Балалардың құқықтарын қорғау заңгері

1

1

1

Бас аспаз

1

1

1

Аспаз

1

1

2

Асхана жұмысшысы

1

2

2

Ыдыс жуушы

1

1

2

Диетолог

0,5

0,5

0,5

Қоймашы

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

Экспедитор

1

1

1

Аяқ киiмшi

1

1

1

Киiм мен iшкиiмдi жөндейтін тiгiншi

1

1

1

Кiр жуу машинала-
рының операторы

2

2

3

Ғимараттарға кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбiр ғимаратқа)

1

1

2

Күзетшi

3

3

3

Вахтер, әрбiр ғимаратқа 

1

1

1

Жүкшi

1

1

1

Электр маманы

1

1

1

Жүргізуші

1

1

1

Шаштаразшы

1

1

1

Қызметтік бөлмелерді тазалаушы

1

1

5

Әжетханаларды тазалаушы

1

1

1

Темір ұстасы-санитарлық техник

1

1

1

Дәнекерлеуші

1

1

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет