Я завтра схожу в спортзал – Мен ертең спортзалда барамын
Бұл сөйлемдегі «в спортзал» сөзінің дұрыс аудармасы «спортзалға». Инофон жіберген интерференция көрінісі – барыс септігінің орнына жатыс септігінің қолданған. Бағытты білдіретін барыс септік, ал жатыс септік орынды білдіреді. Бұл жағдайда сөйлем бағытты білдіріп тұр.
Оқу менен жазу (ол) ендігі тірлік тынысы еді
Мұндағы «ол» сөзінің сөйлемдегі дұрыс формасы - «оның». Тәуелдік категориясының III жағының жекеше түріндегі «ол» сөзі тәуелденгенде -ның қосымшасы жалғанып, «л» дыбысы элизияға ұшырайды.
Моя сестра сейчас на работе – Менің әпке қазір жұмыста
Информантпен ескерілмеген жағдай – тәуелдік категориясының әр жағында өзіндік қосымшалары бар.
I жақ Менің -м, -ым, -ім
II жақ Сенің -ң, -ың, -ің
III жақ Оның -ы, -і
«Әпке» сөзі түбір сөз, ешқандай қосымша жалғанбаған. Сөз тәуелдік категориясының I жағының жекеше түрінде тұруы керек еді. «Менің» деген сөз меншікті білдіріп тұр, яғни «моя сестра» деген тіркес «менің әпкем» деп аударылуға тиіс еді.
3.2 Шақ категориясына байланысты жіберілетін интерференциялық қателер
Қазақ тілі мен орыс тілінің қайшы келетін жері – қазақ тілінде етістіктің барлық жүйесіне ықпалын тигізуші анықтаушы категория шақ категориясы болса, орыс тілінде – түр (вид) категориясы болып табылады.
Мәтіндегі шақ қозғалысы түзу сызықты да емес, бір бағытта да емес: яғни жұмыс істедім, жұмыс істеймін, жұмыс істемекпін сияқты түзу сызықты емес. Мәтіндегі шақ кеңістігінің көлемі үш сызықта, үш темпоральдық осьте өзара әрекет ете алады. Ғалым Г.А.Золотова өз зерттеулерінде темпоральдық кеңітікті шартты түрде Т1, Т2 және Т3 арқылы белгілеп көрсетеді [22,105].
Т1 күнтізбелік, табиғи, объективтік тоқталмайтын уақытты, бір бағыттағы, кері оралмайтын уақытты білдіреді. Бұл –гносеолониялық-когнитивтік ұғынумен, адамның объективтік уақытты түйсінуімен баланысты физикалық категория.
Достарыңызбен бөлісу: |