Болат Күнтуұлы Сыбанов (10.1. 1938, қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Жаңа Семей ауд. Изатолла а. 1998, Семей қ.) - актер, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1987). 1957 ж. Семей обл. музыкалық. драма театрына қабылданады. Ол Қозы, Төлеген (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш -Баян сұлу", "Қыз Жібегінде"), Асан (М.Әуезовтің "Қарагөзінде"), Әбіш (Б.Майлиннің "Шұғасында"), Жаяу Мүса (З.Ақышевтың осы аттас спектаклінде), Досым (Қ.Аманжоловтың "Досымның үйленуінде"), Елисатов (К.А. Треневтің "Любовь Яроваясында"), Иван Позднышев (А.П. Штейннің "Толасында"), Әскер (У.А. Гаджибековтың "Аршин мал алаңында"), т.б. рольдерді орындады. 1977 ж. өткен республикалық әншілер байқауының лауреаты.
28 қаңтар
Ақын, публицист, ғалым, мемлекет қайраткері
Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл (1873-1937)
Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі
Хронология
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Әдебиеттер:
Байтұрсынов А. Шығармалары:Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер./Құраст. ШәріповӘ..-Алматы:жазушы,1989.-320 б.,порт.,суретті.
Байтұрсынов А. Ақ жол:Өлеңдер мен тәржімелер, публ.мақалалар және әдеби зерттеу/Құраст.Р.Нұрғалиев.-Алматы:жалын,1991.-464 б.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері).-Алматы:Ана тілі,1992.-448 б.
Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер?.-Алматы,1994.-112 б.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер.-Алматы:атамұра,2003.-208 б.
28 ақпан Филолог, этнограф Балтабек Ерсәлімовтің туғанына 75 жыл (1938)
Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы туған. Филолог, этнограф. Абайдың жиені. Семейдегі Абай қорын ең алғаш ұйымдастырған зиялы азамат.
1992 жылы «Абай» журналыныњ қайта шығуына айтарлықтай үлес қосты.
Республикалық «Абай» журналыныњ қайта шыға бастағанына 10 жыл толу мерейтойына байланысты, «Абайдың, Шәкәрімнің және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін», «Абай» қорыныњ президенті Балтабек Ерсєлімовқа 2002 жылы «Семей қаласыныњ құрметті азаматы» атағы берілді.
Єдебиеттер:
7 наурыз
Ақын Жарасқан Әбдірашовтың туғанына 65 жыл (1948-2001)
Жарасқан Әбдірашев — қазақ ақыны. 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
«Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде, «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. «Тамаша» ойын-сауық отауында редактор болған.
Жарық көрген әдеби жинақтары
«Тұңғыш кітап» (1969). «Ақ қайран» (1970). «Найзағайлы жаз» (1971). «Саяхат» (1972). «Парасат пен парыз» (1973). «Дала, сенің ұлыңмын» (1975). «Соғыстан соң туғандар» (1977). «Перзент парызы» (1980). «Сана соқпағы» (1988). «Әзілің жарасса» (1989). «Сана соқпағы» — 3 томдық тағдамалы жырлар жинағы (1998). «Көңіл көкпары» (1998). «Шежірелі шаңырақ» (1998).
Әдебиеттер:
Әбдіраштың Жарасқаны. Шежірелі шаңырақ: Өлең,тақпақ,ертегі.-Алматы:Рауан,1998.-368 б.
13 наурыз
Сазгер, қоғам айреткері Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960)
Төлебаев, Мұқан (1913—1960) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.
Туып-өскен жері — Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылы. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы.
Орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. Москва консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936). Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944). Москва консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951). КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942). Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948). Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).
Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.
М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.
Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады.
М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі
15 наурыз
Невзоровтар отбасы мұражайының ашылғанына 25 жыл (1988)
Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған ірі мәдениет орындарының бірі – Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы ең алғаш өзінің жұмысын тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-көркем бөлімі ретінде бастаған. 1988 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Советінің шешімімен жеке мұражай ретінде таныла бастады.
Мұражайдың бітім болмысын революцияға дейінгі орыс өнері айқындайды.
Мұражай коллекциясы отбасы Невзоровтар атынан сыйлыққа келген 500-ден астам орыс, шетел туындыларынан жинақталды. Оның ішінде ХУІІІ-ХХ ғасыр аралығында дүниеге келген сурет және кескіндеу өнерінің бір топ тамаша туындылары, С.Щедрин, К.Лебедев, К.Брюллов, И.Шишкин сияқты атақты қылқалам шеберлерінің өшпес туындылары бар.
Невзоровтар отбасының коллекциясы өзіндік тарихын тереңнен, сонау ХІХ ғасырдан бастайды. Өнерді терең бағалай білетін отбасы Юлиий Владимирович көп жылдарғы жинақтаған мәліметтерін мұражай қорына тапсырды.
1991 жылы мұражайға Невзоровтар отбасы атауы берілді.
Мұражай коллекциясының қатарын қазақстандық Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева,Г.Исмаилов, С.Мәмбеев, Е.Сидоркин, М.Айтбаев, Б. Түлкиев сынды қас шеберлердің туындылары толықтыруда.
Мұражай қорында 3600 өнер туындылары, соның ішінде 1000 экспонат Қазақстан бейнелеу өнері жайында баяндайды.
Мұражай қызметкерлері де үлкен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде тұңғыш каталог жинағын баспаға әзірледі.
Мұражайдың шығармашылық туындылары тек облыс көлемінде ғана емес, Астана, Алматы, Павлодарда да көрермендер назарына ұсынылуда. Мұражай жанында лекторий, балалардың көркемсурет студиясы жұмыс істейді, классикалық музыка кештері өтеді.
1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытудағы зор еңбегі бағаланып Ю.В.Невзоров Елбасының Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы: Жолкөрсеткіш.-Семей: «Тенгри», 2003.-203 б
Сейсенұлы Д. Семейдің «Третьяковкасы»// Егемен Қазақстан, 2010, 13 ақпан
22наурыз
Жазушы Марат Қабанбайұлының туғанына 65 жыл
(1948-2000)
Марат Қабанбайұлы(1948-2000) - 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1975). 1966—1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1987—1994 жылдары шығармашылық жұмыста, 1995 — 1997 жылдары «Ана тілі» газеті редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «Солдат» газетінің бас редакторы болды.
Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) аттыповес-тер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан, я, виоленчель» (1980, М., ), «Вот он я — бывалый» (1986, М.,), «Горький вкус» (1989), «Эхо» (1991) деген атпен басылып шықты. Жекелеген туындылары украин, молдован, латын, неміс тілдеріне аударылған.
Әдебиеттер:
Қабанбаев М. Айшылық алыс жол.-Алматы:жалын,1987.-328 б.
Кабанбаев М. Чытыре времени родной земли:Повести.-Алма-Ата:Жалын,1986.-240 с.
22 наурыз
Өлкетанушы, этнограф В.Н.Белослюдовтың туғанына 130 жыл (1883-1916)
Виктор Николаевич Белослюдов (1882- 1916) - суретші. Семей қаласында туған. Сондағы 5 кластық училищеде оқып жүрген кезінде-ақ сурет салу қабілеті байқалады. 1894-1906 жылдары Москвадағы Строганов атындағы сурет енері училищесін бітіріп, Семейге оралады. Ол Семей өлкесін терең зерттеп, тарихи-этнографиялық мәні бар экспонаттар жинап, бауырлары Николай, Федорлармен бірігіп, ез қаржыларына мұражай ашқан. Мұражай қорында: геология мен минералогия және антропология, б. з. б. археология, ерте заманғы киім үлгілері, кітаптар мен қолжазбалар қоры, нумизматика-этногр. бөлімдері болды. Б. з. б. археология белімінде 600-ден астам экспонат болса, нумизматика бөлімінде мыңнан аса алтын, күміс, жез тиындар мен теңгелер, этнография бөлімінде қазақтардың, сарттардың, татарлардың әр түрлі киім-кешектері, ою-өрнектері т. б. жинақталды. Мұражайда барлығы 4 мыңдай экспонат болған. 1903 жылы «Біздің отанымыздың географиялық сипаттамасы» аталатын кеп томды еңбектің «Қырғыз өлкесі» деп аталатын 18- кітабы жарық көреді. Бірақ кітап Белослюдовтың қолына 2 жылдан соң тиген. Белослюдов Абай туралы алғаш рет осы кітаптан оқып біледі. Кітаптың өзіне таныс этнограф-ғалым А. Н. Седельников жазған бөлімдерінен Абай Құнанбаевтың жаңа бағыттағы әдебиеттің өкілі, А. С. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» «Татьянаның хатын» аударғанын біледі. Кітап Белослюдовтар отбасына қатты әсер етіп, содан бастап Абай шығармашылығына ерекше мән бере қарайды. «...Абай Құнанбаев өлеңдерін аудару және оған иллюстрация жасау жөнінде не айтарымды білмей отырмын. Егер сәл ғана бос уақыт болса, және де сен, мен, Алеша үшеуміз бірге болсақ, мұның бәрін жүзеге асыруға болар еді», - деп жазады Виктор Николайға 1913 жылы 29 желтоқсандағы хатында. 1914 жылы 6 қаңтарда: «...Құнанбаев өлендерін аудару жөніңде саған не айтсам екен. Сауатты қырғыз (қазақ) жоқ деймісің, әрине, бар. Тек оны тауып, жақсылап жегу керек, бірақ оны қолға алатын ешкім жоқ», - деп жазды. Белослюдов тек суретші ғана емес, Семей өлкесін зерттеуші ғалым да. Семейдің құрылғанына 200 жыл толуы жөніңде жазған тарихи очеркі өзі дүниеден өткен соң 1918 жылы «Семипалатинский край» газетінде жарияланған. Тарих, әдебиет салаларын зерттей отырып, қазақ әдебиеті классигінің өлеңдерін орысшаға аударуға алғашқы қадам жасаған Белослюдов еді. Белослюдов осы іске жақындарын жұмылдырып, жер-жерге хаттар жазып, жақсы аудармашылар іздеген. Белослюдов 1916 жылы қаңтарда әскер қатарына шақырылады. Барнауыл қаласында қызмет етіп жүріп, ауырып 33 жасында қайтыс болады. Сүйегі Семей қалысына әкелініп, жерленеді
23 сәуір
Жазушы, Қазақстанның халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің туғанына 95 жыл (1918-2006)
Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті
1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.
1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.
Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.
Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.
1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.
1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.
Шығармашылығы
Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.
Марапаттары
Қайсенов «Богдан Хмельницкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстанның халық қаһарманы.
Әдебиеттер:
Қайсенов Қ. Жау тылында.-Алматы:Жалын,1977.-128 б.
Қайсенов Қ. Ағалар туралы аңыз. Естелік-әңгімелер.-Алматы:Балауса,1992.-144 б.
Қайсенов Қ.Елімнің ертеңіне сенемін.-Алматы:ҚАЗақпарат,2004.-282 б.
14 сәуір
Ақын, жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың туғанына 110 жыл (1903-1964)
Әбдіқадыров Қалмақан(15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды. Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары респ-да балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.
Әдебиеттер:
Әбдіқадыров Қ., Бегалин С. Қажымұқан. Шоқан асулары:Повестер.-Алматы:Жалын,1988.-512 б.
Әбдіқадыров Қ. Қажымұқан:Повесть және әңгімелер.-Алматы:Жазушы,1989.-416 б.
16 сәуір
Әнші, КСРО халық артисі Роза Жаманованың туғанына 85 жыл (1928-
Роза Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оның ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршақтай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады. Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды 1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. [1]Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.Роза Жаманованың шетелдерге гастрөлдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты.
Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді. Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”), Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “ Иолантасы”), Амелияның (Дж. Вердидің “Балмаскарады”) және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері.
«Абай» операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова.
Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі – оның ұстаздығы. 1987 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. Музыкалық жоғары оқу орындарында вокалдық әншілер үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты, ал 2008 жылдан консерваторияда ақылшы-ұстаз. Ол 1962 – 1979 жылдар аралығында Қазақ театр қоғамының төрайымы болды. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі. КСРО халық әртісі Роза Жаманова Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар оған Моңғол мемлекетінің, Эстон республикасының, Шешен-Ингуш автономиялық республикасының құрмет грамоталары берілді.
28-29 сәуір
Семей былғары-мех зауытының іске
қосылғанына 85 жыл (1928 ж)
Семей қаласында 1928 жылы тері зауыты пайдалануға берілді. Былғары комбинаты қайта құрылды. 1936 жылы былғары комбинаты қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Совет Армиясының қажеті өтеді. 1950-59 жылдары тері зауыты кеңейтілді. 1964 жылы тері комбинатының құрамына № 1 филиалы деп аталатын мех комбинатымен біріктіріліп, Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі деп аталды. 1983 жылы қой терісінен жасалатын өндірісі пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта бұрын жабылып қалған өнеркәсіп орындарының ішінде «Семей-тері» былғары комбинатының өнімдері, атап айтқанда – тон бұйымдарын шығара бастады. Комбинаттың әсем бұйымдары шетелге де шығарыла бастады. Қазіргі уақытта мұнда түрлі үлгідегі бас киімдер мен әскери қызметкерлердің арнаулы киімдері де шығарыла бастады. Бүгінгі күні мұнда жұмыс істейтіндер саны 783 адамға жетіп отыр. Кәсіпорын өндірістік қуатын күн өткен сайын арттыра түсіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |