Айы, күні белгісіз, аталып өтілетін күндер:
2012 жыл
Алаш Қозбағаров, қазақтан шыққан тұңғыш гинеколог-акушер, туғанына 95 жыл (1917-1997)
|
Батыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің ашылғанына 110 жыл (1902)
|
Бұрынғы Алаш қаласының (Семейдің сол жақ жағалауы) Жаңасемей атанғанына 85 жыл (1927)
|
Әсет Найманбаев, ақын, әнші туғанына 145 жыл (1867-1923)
|
Жанғазы Молдағалиев, Кеңес Одағының батыры, туғанына 95 жыл (1917-1943)
|
Мұқа Әділханұлы, ақын, домбырашы, скрипкашы, әнші туғанына 155 жыл (1857-1927)
|
Семей радио-телевидениесі, қазақ радио комитеті негізінде іске қосылғанына
50 жыл (1962)
|
Семей губерниясының 1-әйелдер съезінің өткеніне 80 жыл (1927)
|
Семей тоқыма фабрикасы, іске қосылғанына 80 жыл (1932)
|
Совет Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің туғанына (1907- 1943) 105 жыл
|
2013 жыл
|
Ақан сері Қорамсаұлы, әнші, композитор, ақын, туғанына 170 жыл (1843-1913)
|
Байкөкше Балғынбайұлы, суырып салма ақын, туғанына 200 жыл (1813-1892)
|
Дайрабай Нұрғожаұлы, күйші, домбырашы, туғанына 190 жыл (1823-1893)
|
Әбусағит Жиреншин, жазушы, туғанына 100 жыл (1913-1975)
|
Әміре Қашаубаев, әнші, туғанына 125 жыл (1888-1934)
|
И.Биназаров, ақын, туғанына 115 жыл (1898-1964)
|
Құрманғазы Сығырбайұлы, күйші, композитор, ақын, туғанына 195 жыл (1818-1888)
|
Махамбет Өтемісұлын, ақын, жырау, күйші, батыр, туғанына 210 жыл (1803-1845)
|
Орынбек Беков, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, туғанына 115 жыл (1898-1937)
|
Отыншы Әлжанов, Алаш азаматы, туғанына 140 жыл (1873-1918)
|
Сапарғали Әлімбетов, халық ақыны, туғанына 125 жыл (1888-1956)
|
Сара Тастанбекқызы, ақын, туғанына 160 жыл (1853-1907)
|
Уәйіс Шондыбайұлы, ақын, сазгер, туғанына 140 жыл (1873-1923)
|
Шөже Қаржаубайұлы, ақын, туғанына 205 жыл (1808-1895)
|
Ықылас Дүкенұлы, күйші, қобызшы, туғанына 170 жыл (1843-1916)
|
Абыралы ауданының құрылғанына 85 жыл (1928)
|
Аспалы көпірдің ашылғанына 15 жыл (1993ж.)
|
Жарма ауданының құрылғанына 85 жыл (1928)
|
М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің құрылғанына 110 жыл (1903)
|
Семей губерниясында ең алғаш медициналық көмектің ұйымдастырылғанына
85 жыл (1923)
|
Семей қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Советінің құрылғанына 45 жыл (1968)
|
Семей қаласында биологиялық орталықтың құрылғанына 75 жыл (1938)
|
Семей қаласының 250 жылдығына орай орнатылған монументке 30 жыл (1978)
|
Семей метрологиясына 90 жыл (1923)
|
Семей облыстық статистикалық комитеттің құрылғанына 135 жыл (1878)
|
Кеңес Одағының батырлары:
|
Буторин В.В. -100 жыл (1808)
|
Гулькин И.Т.-85 жыл (1923-1945)
|
Елистратов С.А. –90 жыл (1923-1947)
|
Железняков П.Ф. – 90 жыл (1918-1951)
|
Зарудин Ю.Ф. – 90 жыл (1923)
|
Камолоиков Д.Т. –90 жыл (1923)
|
Карелин П.Г. –90 жыл (1923-1944)
|
Косенков И.В. –90 жыл (1923)
|
Середин Ф.Я. – 90 жас (1918-1943)
|
2012 жыл Қазақстан жазушыларының мерейтой кітаптары
175 жыл
1837
Даль Владимир Иванович Орынборда болған жылдары қазақ ауылдарын аралап, олардың тұрмыс-тіршілігі туралы «Бикей мен Маулена» повесін жазған.
170 жыл
1842
«Бозжігіт» ертеден-ақ Дешті Қыпшаққа, кейін қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарына мирас болып қалған, сюжеті шығыс халықтарының көбіне ортақ және кең тараған ғашықтық дастандардың бірі. Жырдың қазақ арасында ең көне нұсқасы 1842 жылы жазылып алынып, 1870 жылы В.В. Радлов жинағында жарияланған. Дастанда Бозжігіт пен Қарашаштың адал да берік махаббаты жырланады.
155 жыл
1857
Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлге жасаған саяхаты кезінде «Манастың» бір тарауы - «Кекетайдың асын» тұңғыш рет жазып алып, орысшаға аударды.
«Бабырнама» - тарихи шығарма. Орталық Азия халықтарына ортақ мұра. Авторы - Монғол империясының (1526-1558) негізін қалаған Захир өд-Дин Мұхаммед Бабыр. Шығарманың қолжазбасын Н.И. Ильминский орыстіліне аударып, 1857 жылы Қазан қаласыыда бастырып шығарды.
150 жыл
1862
Орыс шығыстанушысы Н.И. Ильминский Марабай ақыннан 1859 жылы алғаш жазып алған «Ер Тарғын» батырлар жырын жариялады. Бұл негізгі нұсқасы болып табылады.
140 жыл
1872
«Түркістан аймағы» (Түркистанская провинция) газетінде араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық шығармасы «Мың бір түннің» қазақ тіліндегі басылымы жарияланды.
135 жыл
1877
Ақын, ойшыл, сазгер, аудармашы Шәкәрім Қудайбердіүлы жастарды Абайдан үйреніп, оқуға шақырған «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» өлеңін жазды.
125 жыл
1887
Қазан қаласында алғаш рет Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани Хикмет» өлеңдер топтамасы түрік тілінде басылып шықты. Онда исламның заңдары мен қиғидалары баяндалған.
115 жыл
1897
Жамбыл Құлмамбетпен айтысында байларды өткір тілмен әшкерелей отырып, Сүраншы, Саурық батырлардың ел қорғау жолындағы ерліктерін жырлайды.
105 жыл
1907
Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, оның бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері - оның айтыстары. Ақындармен айтысы Жамбылдың суырып салмалық дарынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін есірді және тақырып аясын кеңейтті. Жамбылдың Доспамбетпен (1907) т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Бұл айтыста Жамбыл қоғам өмірінің шындығын, әлеуметтік теңсіздік мәселелерін, шиеленіскен тап тартысының бейнелерін жырлайды.
100 жыл
1912
Жазушы, драматург Тайыр Жомарт-баевтың (1884-1937) төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген «Қыз көрелік» романы басылып шықты.
Спандияр Көбеевтің «Үлгілі бала» деген оқу кітабы басылып шықты. Кітапқа Көбеев аудармасында Крыловтың мы-салдары, орыс классиктерінің балалар-ға арналған шығармалары, қазақ ауыз әдебиеті, табиғатқа байланысты жазылған қысқаша әңгімелері енген.
95 жыл
1917
Сүлтанмахмүт Торайғыров «Шәкірт ойы» деген өлеңінде өнер, білім идеясын үлкен романтикаға айналдырады. Ақын білімді, халықты надандық пен құлдықтан күтқарудың бірден-бір жолы деп түсінген, бұл идея мен тақырыпты шын жүректен толғанып жырлаған.
Мухтар Омарханұлы Әуезов семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік-Кебек» пьесасын жазды.Осы пьесасы арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты.
90 жыл
1922
Сәкен Сейфуллин 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын, «Бақыт жолында», «Қызыл суңқарлар» пьесаларын жазды.
Бейімбет Майлин поэзиясынан біріне-бірі ұқсамайтын, әрқайсысы өмірдегі өз әрекетімен танылған кейіпкерлерді ондап кездестіруге болады. Халықтың ерекше сүйіп қабылдағаны, әзіл-қалжыңына қосып үнемі айтып жүретіні де - Мырқымбай. Бейімбет өлеңіндегі Мырқымбай - еңбек адамы. Ақынның «Мырқымбай» атты өлеңінде Мырқымбайдың әділетсіз болысқа қарсы шыққаны, әкесінің оған наразы болғаны баяндалады.
Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» атты әңгімеде малды мен әлдінің мейірімсіздігін, күйеуі Мақтұм мен жалғыз баласы Қали аштан өлгенін көріп зарланған Күлпаштың қасіретін суреттейді.
85 жыл
Өтебай Тұрманжанов елуге тарта кітап шығарды. Оның тұңғыш әңгімелер жинағы «Қошан кедей» деген атпен 1927 жылы жарық көрген.
80 жыл
1932
Өтебай Түрманжановтың «Қарлығаш» ертегі-кітапшасына жан-жануарлар жайында жазған елеңдері енген. Кейіннен балаларға арналған елең-тақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жаза бастады.
75 жыл
1937
Ақын Диқан-баба Әбіловтың «Шалқыма», «Бармақ» атты поэмалары шыққан. Поэмада әкесінің өлімі үшін байдан кек қайтармақшы болып, түрмеге түскен жарлы баласының азапты өмір жолы суреттелген. Бұл жерде ол Иван атты орыс шаруасын жолықтырады көптеген достар тауып солармен бірге туған халқының бақыты үшін күреседі.
Ілияс Жансүгіров, оның ақындық талантын танытқан «Құлагер» поэмасын жазып бітірді. Поэма XIX ғасырда өмір сүрген белгілі әнші-ақын Ақан Серіге арналған, ал поэмасын оның жақсы керетін атының атымен атаған.
Тайыр Жароковтың 1921 жылы Верный қаласында болған апат (сель) жайлы жазған «Тасқын» атты поэмасы жарық керді.
60 жыл
1952
Кенен Әзірбаевтың «Өлеңдері мен дастандары» атты кітабы екі бөлімнен тұрады. I бөлім - өлең, әндері; II бөлім -дастандар.
Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» романын жазды.Бұл шығарма идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған «Қарағанды» романы - ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман.
55 жыл
1957
Жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Дина» атты кітабы Қазақ ССР-нің өнерге еңбек сіңірген қайраткері Дина Нұрпейісова, оның сонау өткен жастық шағынан бастап, домбыра үйренудегі шәкірттік кездері, ұлы композитор Құрманғазының оған ұстаздық еткен жылдары, домбырадағы орындаушылық шеберлікті еркін игеру, есу, кемеліне келу, атақты домбырашы болған кездері айтылады. Дина шығарған «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Әсемқоңыр», «Жеңіс», «Тойбастар» күйлерінің шығу тарихы көркем бейнелеу арқылы көрінеді.
Жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы - өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары қазақ қарасөзінің өркешін көрсеткен сүбелі шығармалардың бірі. Қарымды қаламгер трилогияның «Төңкеріс үстінде» атты бұл бірінші кітабында Орал өңіріндегі ұлы дүрбелеңді керкем кестелеп, халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңнің кеп бояулы суреттерін көз алдымызға тартады.
Ғафу Қайырбековтың «Дала қоңырауы» ¥лы Октябрь революция-сының қырық жылдық мерекесіне тартуы. Поэмада ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірі жырланған.
50 жыл
1962
Түрсынхан Абдрахманованың «Әннен әнге» кітабы ақынның өлең енерінде құлашын кең жаза бастағанын аңғартады. Тақырыбының кеңдігімен, көркемдік бояуының ажарлығымен оқушы жүрегіне жол табатын туындылардан тұрады.
Жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың «Көк дөңгелек» кітабына әр түрлі тақырыпқа жазылған әңгімелері енген.
Бірінші белімдегі бір топ әңгіменің ортақ кейіпкері Бауыржан деген бала достарымен бірге ойнап, бірге жүргенді ұнатады. Сабақтан тыс кезде үлкендердің де сенімді қолғанаты бола біледі. «Атам айтқан» деп аталатын екінші бөлімдегі деректі әңгімелерге ардагер азаматтардың өнегелі өмірі арқау болған. Кітапқа енген мысалдар мен ертегілердің де оқиғасы қызық, тілі оқуға жеңіл.
-
жыл
1967
Жазушы Ілияс Есенберлин «Қатерлі өткел» романында еңбекші халыққа бостандық, теңдік, бақыт әперген ұлы күш, ең демократияшыл құрылыс -советтік құрылыстың қазақ даласында қалай қалыптасқанын бейнелеуді мақсат еткен.
Ақын Нурхан Жанаевтың «Құстар ушып келеді» атты тұңғыш кітабына енген азаматтық, достық, туған ел жайындағы лирикалық жырлары ойлылығымен, сезімталдығымен кеңілге ұялайды.
Қайрат Жүмағалиевтың «Перзент үні» кітабы Кавказ сапарынан туған туысқан халықтардың өмірін жырлайтын туындыларымен бірге қазақ елінің өткені мен бүгінін көрсететін бір топ өлеңдерін қамтыған.
Біржан сал Қожағүлүлының «Өлеңдер» кітабына Біржанның ел арасына кең тараған, халқымыздың асыл қазынасына айналған жетпіске жуық өлеңдері, әр кездегі айтыстары енген. Сондай-ақ жинақта Біржанды көзімен көрген адамдардан жазып алынған жаңа естеліктер де бар.
Ақын Түманбай Молдағалиевтің «Жаңа дәптері» тақырып жағынан сәл өзгешелеу. Мұнда туып-ескен ел, тату-тәтті көрші, қимас дос-жаран, өмір гүлі - жас ұрпақ жайындағы ақын тебіренісі, азамат ойы басымырақ, Сондай-ақ «Ана көзіндегі жас» поэмасында адам басындағы алуан түрлі жайлар, асыл қасиеттер дәріптепеді.
Ақын Жүмекен Нәжімеденовтың «Күй кітабына» Құрманғазы, Дәулет-керей, Тәттімбет, Дина және Паганини туралы толғаулары енген. Бұл толғау-ларда белгілі күй мазмұндары өлең өрнегіне түскен. Жинақгың «Күй кітабы» аталуы да сондықтан.
-
Жыл
1972
Тәкен Әлімқұловтың «Жүмбақ жан» кітабы көп жыл бойында жинап-терген еңбегінің жемісі. Қазақтың үлы ақыны, ойшылы, санаткері Абай Қүнанбаев хақында дәйекті деректерді тоғыстыра, екшей отырып, жазушы құнарлы, көркем прозаның толғанысты тың түріне құлаш үрады. Мейлінше сазды, бейнелі түрде, серпінді де лепті ырғақта жазылған бұл кітап Абай туралы түсіндірменің, тебіреністің іштілігімен, әсерлілігімен көкейге қона кетеді. Кітаптың «Жұмбақ жан» атануында шешілген жұмбақтың сыры, шешілер проблеманың нүсқалары жатыр.
Жазушы Амантай Байтанаевтың «Қансонар» романы замандас-тарымыздың бүгінгі өмірін көрсетуге арналған туынды. Жас инженер Елдос, Тәліммен қатар Дәрмен, Әшірбек, Анар, Гүлбану сынды замандастар өмірі шынайы суреттеледі.
Ақын Қалижан Бекхожиннің «Шардара» атты кітабына күнбе-күн жүзеге асып жатқан ұлы жетістіктер, қарапайым халық еңбегінің құдіреті, совет жастарының жасампаздығы жайында жазылған жырларымен бірге «Теңіз дастаны» (Шардара), «Гималай сарыны», «Америка хикаяттары» атты поэмалары енгізілген. «Теңіз дастаны» поэмасы Шардара жөнінде жазылған туынды. Ақын совет адамдарының еңбектегі ұлы жеңісінің көзі - халықтар достығында, ел ынтымағында екенін шебер жырлап берген. Поэмадағы қазақ, өзбек, орыс, армян, корей халқының өкілдері өз міндет-жүгімен, өз мінезімен нанымды да нақышты көрсетілген.
Оразбек Бодықовтың «Бұлбұл» атты повесіне халық ақыны Нартай Бекежановтың өмір жолы өзек боп тартылған. Автор Нартайдың революциядан бұрынғы бұралаң тағдырын, кейін советтік дәуірде ақын өнерінің шарықтап, биікке құлаш сермегенін накгы фактілер аясында әңгімелейді.
Малік Ғабдуллиннің «Сұрапыл жылдар» кітабына автордың майданда ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды азаматтардың қаһармандық ісі жайында, жеңісті жақындатуға өз үлесін қосқан басқа да жауынгер жолдастары хақында жазылған хикаялары енген. Жинаққа кірген шығармалар жазушы қиялынан тумай, көзбен көріп, қолмен ұстаған нақты фактілерден туған шынайылығымен өрекшеленеді.
Әнуарбек Дұйсенбиевтің «Ақ қозы» жинағына төменгі сынып оқушыларына арналған тоғыз әңгімесі мен «¥рлық түбі -қорлық» деген көлемді ертегісі енгізілген. Бұл шығармаларда негізінен ауыл балаларының өмірі туралы айтылады. Достық, еңбексүйгіштік, тапқырлық, адалдық жайы сөз болады.
Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алтын құс» романы бір кеншінің басынан өткерген қилы-қилы өмір хикаясын баян етеді. Жазушы қырқыншы жылдардан осы кезеңге дейінгі уақыттың қатпар-қатпар сырына сол ойлы адамның кезімен қарайды.
Мүбәрәк Жаманбалиновтың «Батыр ұстаз» кітабына «Күш бен Білек», «Тентек жираф» атты поэмапары енген. «Батыр ұстаз» поэмасында ¥лы Отан соғысының батыры Серікбай Мүткеновтың ерлікпен өткерген жорық жолдарын жырлайды.
Ақын Сұлтан Қалиевтың «Қасиетті тақия» кітабына «Қасиетті тақия», «Боран», «Лодзьге сапар», «Жер - туған жер», «Дауылдың өкпесі» «Монтер» атты сюжетті жаңа туындылары енді.
Ақын Жумекен Нәжімеденовтың «Мен туған күн» жинағы - лирикапық шығармаларының жиынтығы. Жинақтағы әрбір өлең ақын жанының нәзік тебіреністерінен туған жарқын да жәйлі, назды да ерке әсем жыр жолдары.
Фариза Оңғарсынова «Мазасыз шақ» жинағында туған жер, сүйікті Отан, қимас достық, албырт жастықты езіне ғана тән ақьждық мәнермен жырлайды.
Ермек Өтетілеуовтың «Жүлдызша» атты жинағына Отанымыздың ұлылығын, туған жеріміздің сұлулығын, ғылым мен техниканың табысын бейнелейтін, жас ұрпақты ата-ана дәстүріне лайық өсуге, өз елінің патриоты болуға шақыратын бір топ өлеңдері енген.
Әбу Сәрсенбаев - республикамыздың белгілі ақыны әрі жазушысы, ¥лы Отан соғысы жылдарында от пен оқтың арасында жүріп майдандық газеттерде де істеген жауынгер-журналист. «Жауынгер монологы» кітабында ол қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, ел басына күн туған ауыр жылдардағы әр ұлт өкілдерінің құрыштай берік ұлы достығын баяндайды.
«Ақиық» - Ақселеу Сейдімбековтың тұңғыш кітабы. Автор мұнда аңшылық-саятшылықтың алуан сырларын әңгімелеріне арқау етеді. Адамдар арасындағы адал достық, туған жердің әсем табиғаты әсерлі де нанымды суреттеледі.
Нәсіреддин Сералиевтің «Қанат» деректі повесінде екі аяғын трактор кесіп кеткен Қаратай деген кісінің ауыр халі, оның баласы Жұбаныштыңбастан кешкен оқиғалары суреттеледі. «Шалдуарда» Ақан деген баланың қызықты іс-әрекеті сөз болады. Жинаққа енген әңгімелерде балалардың сабақ оқуы, қызықгы ойыны, достығы туралы айтылады.
Жақан Смақовтың «Намыс» кітабына бір топ тақпақтары және «Аю қалай адасты», «Кездесу», «Шие» деген оқиғалы елеңдері енген. Автор жас жеткіншектерді Отанын сүюге, еңбеккер болуға, туған жер табиғатын қорғауға, мейірбандылыққа, азаматтыққа шақырады. «Кездесу», «Шие» атты жырларында халыкгың телегей-теңіз махаббатын бала сезіміне лайықты жырлайды.
Олжас Сүлейменовтың «Атамекен» кітабы қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көрген туындысы.
Олжас поэзиясының бояуын, өрнек-нақысын ана тілімізде дәл жеткізіп беруде белгілі ақынымыз Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты Қадыр Мырзалиев еңбек сіңірген. «Атамекен» - соңғы жылдар әлетінде көркем аударма өнеріне қосылған үлкен үлес.
Турмағамбет Ізтілеуовтың «Назым» атты жинағы тұңғыш рет жарық көрді. Туғанына 90 жыл толу қарсаңында жарыққа шыққан бұл жинаққа поэзияның барлық жанрына қалам тартқан ақынның ең таңцаулы шығармалары іріктеліп алынған.
35 жыл
1977
Несіпбек Айтовтың «Әкем туралы жыр» атты екінші кітабы. Ақын бүгінгі таңдағы еңбек етіп жатқан жастардың ісін «Тау тұлғалы адам» атты поэмасына арқау етсе, лирикалық өлеңдерінде достарға, туған елге деген махаббатын жыр етеді.
Марфуға Айтхожинаның «Ақ бесігім» жинағына ақынның соңғы жылдары жазған өлеңдері мен толғаулары енген. Оның жол-сапарлардан туған жырларында азаматтық әуен басым. Ақынның ана туралы ой толғаулары өз алдына бір төбе.
Жас ақын Әлсейіт Ақпанбетовтің «Тұңғыш кітап» кітабына лирикалық өлеңцері мен Ақан сері өмірінен алып жазылған «Сырымбет» атты поэмасы енгізілген. Әлсейіттің өлеңдері ойлы, өзіндік сөз кестесі, екпін-үні бар.
Тұрдыбек Алшынбаевтың «Өткел» кітабына осы аттас повесі мен әңгімелері енген. Олардың бәріне тән ортақ тақырып - ауыл жастарының өмірі.
Керейхан Аманжоловтың «Ерлік жолымен» кітабы Қазақстан патриот-тарының майданда көрсеткен ерліктерін баяндайды. ¥лы Отан соғысындағы ¥лы Жеңіс дүние жүзіне совет халқының үлкен интернационалдық бірлігін паш еткенді.
Оразақын Асқардың «Ләйлә» атты балаларға арналған тұңғыш кітабы. Автор Ләйла атты кішкентай кейіпкері мен оның құрбыларының іс-әрекеттері, түрлі-түрлі қызықты қылықтары арқылы бақытты балалық шақты жырлайды. Сонымен қатар кітапқа бірнеше ертегі, ойындар және жұмбақтар да енген.
Өтен Ахметовтың «Алтын арқау» повесінде жұмысшы жастар өмірі -олардың қажырлы еңбегі, достығы мен махаббаты суреттеледі.
Белгілі аудармашы Ғалым Ахметовтың «Жорық жылдары» атты романы көркем жанрдағы алғашқы тырнақалдысы. Роман Ақгөбе маңында болған оқиғалар ізімен жазылған. Мұнда Революцияның қазақ еліне тигізген ықпалы, қазақ жумысшылары мен кедей шаруаларының, интеллигенциясының сол кездегі қоғамдық ағымға, Ақтөбе майданындағы азамат соғысына тартылуы, ауылда тап күресінің күшеюі, орыс-қазақ жұмысшылары мен кедейлердің достығы кең көлемде,, қызықты оқиғалар арқылы суреттелген.
Жазушы А.И. Алдан-Семеновтың «Өнегелі өмір» сериясында жарық көрген «Семенов-Тян-Шанский» кітабы ғұлама географ П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің өміріне арналған. Жиырма екі жасында орыс География қоғамына толық мүше боп, жиырма жасында бүкіл батыс оцымыстылары ішінде тұңғыш рет Тянь-Шаньға саяхат жасаған, орыс ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан өнегелі адам.
Кітапта қазақ жеріне, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов өміріне байланысты деректер мол.
Достарыңызбен бөлісу: |