Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек. Гете



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі4.91 Mb.
#18529
1   2   3   4   5   6

28 қыркүйек

Жазушы, қоғам қайраткері, Шерхан Мұртаза – 80 жаста

Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғары Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Мұртазаев Ш. 41 жылғы келіншек. Повест, әңгімелер.-Алматы,Жазушы, 1972.- 248 б.

Мұртазаев Ш. Мылтықсыз майдан. Повестер мен әңгімелер.-Алматы, жазушы,1977.-432 б.

Мұртазаев Ш. Қызыл жебе:Роман.-Алматы,жазушы,1978.-240 б.

Мұртазаев Ш.Таңдамалы шығармалар 2 томдық.Т.1. Повестер, роман және әңгімелер.-Алматы:Жазушы,1982.-504 б.

Мұртаза Ш. Тамұқ: «Қызыл жебе» ғұмырнамалық роман-эпопеясының бесінші кітабы.-Алматы:Атамұра-Қазақстан,1994.-224 б.


28 қыркүйек

Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл (1897-1961)

Мұхтардың өскен ортасы, ұшқан ұясы - бір кезде қазақ сахарасында мәдениеттің ордасы сияқты болған Абай ауданына қарайтын Шыңғыстау деген жерде. Ескіше сауаты бар атасы Әуездің көмегімен 7-8 жасқа келгенде арабша хат таниды. Осы кезден бастап

қазақ әдебиетінің әр түрлі үлгілерін және ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, Абай өлеңдерін жаттап, оқи бастайды.

Бала кезінде тұңғыш көрген ақыны — Абай болды. Мұхтар ең алғаш Абайды көргенде алты жаста екен. Ең алғаш сауатын ашқан оқу құралы - Абайдың қолжазба өлендері. «Атамыз бізді өзінше оқытатын,- деп еске алады Мұхтар-... аздап қара таныған соң, өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Арасында Лермонтов, Фошкин, Крылов, Татьян мен Анагин тәрізді құлақ естімеген өзгеше есімдер кездесіп қалады. Молдаға ұқсап атамыз бізге таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын». Сөйтіп, болашақ жазушының тұңғыш тәлім-тәрбие алған алтын бесігі, қанаттанып үшқан ұясы — Абай мектебі болды.

1907 жылы он жасында Семейдің бес кластық училищесіне оқуға түсіп, жақсы оқитын шәкірттің бірі болады. Осы училищенің 3-класында оқып жүріп, «Дауыл» деген тақырыпта шығарма жазып, оқушылар арасында ерекше көзге түсіп, талантты оқушы екенін көрсетті. Училищені үздік бітірген соң, 1912 жылы Семейдің мүғалімдік семинариясына оқуға түседі. Сол семинарияны үздік бітірген екі оқушының бірі Мұхтар болды. Семинарияда оқып жүргенде дарынды жасты толғандырған мәселе: өнер, білім, мәдениет, әйел тендігі, еңбекші қамы болды. Жазушы әрқашан да Абай атасының өнегелі сөздерін есінен есінен шығарған жоқ.

Семинарияны бітіріп шыққаннан кейін Әуезов ең алғашқы еңбек жолын өзінің туған ауылында Шаған болысындағы мектепте мүғалім болудан бастады.

Жазушының білім алған мемлекеттік оқу орындары мыналар: Семейдің бес кластық училищесі (1908-1914), мұғалімдер семинариясы (1915-1919), Ташкенттегі Орта Азия университетінің (САГУ) аспирантурасы (1923-1924), Санкт-Петербург университеті (1924-1928). Осындай оқу орындарын бітірген және өз бетімен көп ізденген ағартушы-ұстаз, ғалым-жазушы.

М.Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жолдардан өткен жазушы. Ол жиырма жасында өзінің жазушылық алғашқы қадамын «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазып, қазақ даласында театр өнерінің бастапқы үлгісін көрсетті.

Дарынды жас жазушы «Еңлік-Кебек» пьесасын тарихта болған уақиға негізінде жазған. Және Еңлік-Кебек Мұхтардың туып өскен жерінде ХҮІІІ ғасырдың соңғы кезінде болған тарихи шындық. Пьеса күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан тозбайтын дүние.

Осы пьесадан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Қыр суреттері», «Жетім», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу». «Қилы заман» секілді атақты шығармалары мен 1926 жылы қазақтың тұңғыш театрының сахнасын ашқан «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз», «Бәйбіше тоқал» секілді драмалық шығармалары оқырман назарын бірден өзіне аударды. Ол осы туындыларымен өзінің қүдіретті талант иесі екенін көрсетті. Жазушы, ғалым, педагог, қоғам қайраткері М.Әуезов аса құнды еңбектері үшін халық құрметіне бөленіп, жазушылық сатысының ең жоғарғы сатысына шыққан еді.

М.Әуезов - журналист те болды. Оның ең алғашқы публицистикалық мақалы 1917 жылы жазылған «Адамдық негізі - әйел» атты еңбегі. Онда жазушы әйел тұрмысына, қоғамда алатын орнына азаматтық ой-пікір тұрғысынан пайымдаулар жасаған. Адам тәрбиесіндегі ананың, әйелдің алар орнын ерекше бағалай білген жас Мұхтардың толғақты мәселесі бүгінде негізгі тақырыбына айналып отырғаны шындық.

Атақты «Абай жолы» эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы, осы роман-эпопеясы арқылы Абайды бүкіл әлемге паш етті. Осы роман арқылы жазушы ең алдымен өз халқының қадыр-қасиетін алдымен қазақ халқына, сонан кейін бүкіл дүние жұртына айғақтап берді.

Бенжамен Матип: «Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім. Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтың тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар неткен ғажап халық» деп жазған еді.

Шыңғыс Айтматов: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі ортаазиялық көркем ойдың жоне біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов сондай әсер етті»,-деп жазушының терең білімділігін қүрметтейді.

М.Әуезовтің Абай жөнінде жазған мақалаларының ішіндегі ең көлемді мақалаларының бірі «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласы.

Жазушының ерекше бір бауырмалдығының бірі-туысқан халық әдебиеттерін қадірлей білуі еді. Соның бір дәлелі өз елінде қудалауға түскен көрші қырғыз халқының атақты «Манас» жырын әлемдік ғылыми маңызы туралы тебірене жазып қорғап шыққаны туралы басылымдарда жарияланды.

М.Әуезов прозаның барлық жанрында еңбек етті. Сонымен қатар орыс әдебиетінің классиктері Л.Толстойдың, И.Тургеневтің, Н.Гогольдің және т.б. жазушылардың шығармаларын тәржімалады. Отыз жылдан астам уақыт бойы аудармамен айналысқан жазушы қазақ-орыс әдебиетінің жақындасуына көп септігін тигізді. Көптеген орыс және шет ел пьесаларын аудара келе М.Әуезов драматургиялық және аудармашылық саласында шеберлік үлгісін көрсетті. Көп ұлтты әдебиетті өркендетудегі зор еңбегі үшін Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Жазушының Алматыда мемориалдық музей үйі бар.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беретін қаладағы байырғы оқу орны — Семей педагогикалық колледж- М.Әуезов атында, өйткені, осы оқу орнында жазушы білім алып қана қоймай, өзі ұстаздық еткен. Абай музейі жанына және қаланың Жаңасемей бөлігінде ескерткіш, Бөрліде жазушының музей үйі бар, Абай атындағы совхоз, көшелер бар.

Әдебиеттер:

Әуезов М. Уақыт және әдебиет.-Алматы,1962.-426 б.

Әуезов М. Өскен өркен:Роман.-Алматы,1977.-264 б.

Әуезов М. Абай жолы:Роман-эпопея.Бірінші кітап.-Алматы:Жазушы,2007.-368 б.

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.-Алматы,2001.-

Әуезов М. Қорғансыздың күні.Әңгімелер, повестер.-Алматы,2002.-432 б.

Әуезов М.Қилы заман:Әңгімелер және хикаят.-Алматы,2004.-280 б.




8 қазан

Ұлы Отан соғысына қатысушы, ҚР еңбегі сіңген қаржыгер Рымбек Байсеитовтің туғанына (1922-1991) 90 жыл
Рымбек Смақұлы Байсейітов 1922 жылғы 8 қазанда Семей облысының Абыралы ауданы Қайнар ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылы совхоз есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап аяғына дейін Калинин және 1-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты. 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтті. Соғыстан кейінгі жылдары Р.Байсейітов

Семейдің қаржы органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім бастығы болып істеді.

1951 жылы Қазақ ҚСР Қаржы министрлігінің салық, алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып тағайындалды.

1961 жылдан Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары, 1973 жылы республика Министрлер Кеңесінің баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1974 жылдан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін Қаржы министрі болды.

Ол қаржы жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығы салалары мен мәдениеті, ғылым мен білімді қаржыландыруда айтулы үлес қосты.

Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталды.

Семейде өзі оқыған қаржы-экономикалық колледжіне және Семей қаласының бір орталық көшесіне есімі берілді.

Әдебиеттер:


Байжұманов Т. Туған жерге тағзым //Семей таңы.-2002.-25 қазан.-12 б.

Байсейітов Рымбек Смақұлы.-Алматы, 2002.-272 б.




9 қазан

Халық ақыны Тәңірберген Әміреновтің туғанына 105 жыл (1907-1985)
Халық ақыны Тәңірбергенов 9 қазанда 1907 ж. Абай ауданы Саржал ауылында туған. Әкесінен жеті жасында жетім қалып, үлкен шешесі Зылиханың қолында тәрбиеленеді. Ауыл молдасынан оқып хат таныған Тәңірберген ел ауызындағы аңыз, әңгіме, өлең-жыр, ертегілерді үйреніп, жатқа айтатын болған. Халық жырының үлгісімен өзі де ойынан өлең шығаратын болған.

Ақынның өлендері 1930 жылдан бастап республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жариялана бастады. Ақын 1943 жылы желтоқсан айында Алматыда өткізілген респуликалық аындар айтысында өзін айтыскер ақын екенін мойындата білген жүйріктердің бірі.

Кезінде Т.Абдырахманова, Қ.Алтынбаев, Ш.Әбеновтермен айтысқа түсіп, жыр додасында өзінің бет-бейнесін, ақындық келбетін жұртшылыққа таныта білген айтыскер.

Т.Әміреновтың өлеңдері, айтыстары жинақ болып басылып шықты: «Ақындар айтысы» /1958/, «Ақындар шықты айтысқа» /1960/, «Пернедегі термелер» /1965/, «Айтыс» 3-том, 1967 жылы «Жұмбақ тас өлеңдер жинағы, 1977 жылы « Жол мұраты» атты өлендер жинағы шықты.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы өлеңді серік етіп, халық өміріндегі үлкенді-кішілі оқиғаларға өз үнін қосып келе жатқан ақын шығармаларының ішінде: «Жұмбақ тас, «Сары атан», «Батыр» дастандары көлемі кіші болғанмен, айтар ойы қомақты. 1973 жылы шыққан «Қанды қанжар» дастаны халық жауларының қолынан қаза тапқан Зейіт деген жігіттің ерлігін, азаматтық парасатын дәріптейді. Ал «Батыр» дастаны Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы.

Халық алдында сіңірген еңбегі бағаланып Еңбекте үздік шыққаны үшін медалімен, Жоғары Советтің Құрмет грамотасымен мараппатталды.

Әдебиеттер:


14 қазан

Журналист, аудармашы, жазушы Шәрбану Бейсенованың туғанына (1947) 65 жыл

Шәрбану Бейсенова 1947 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін1969 жылы бітірген. Еңбек жолын республикалық

«Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында 1968 жылы әдеби қызметкер болып бастаған, кейіннен бөлім

меңгерушісі

болды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысты. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман әрі жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысқан.«Қазақ әдебиеті» газетінде «Кітап әлемі» қосымшасының редакторы болды.

Алғашқы әңгіме, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды. Төл туындыларымен қатар аудармамен де айналысады. Украин жазушысы В.Дроздың, эстон жазушысы Е.Ермановтың, әзірбайжан жазушысы Анардың, латын жазушысы Д.Рукшаненің, армян жазушыларының жекелеген шығармаларын, X.Андерсеннің ертегілерін, латиноамерикандық қаламгер Ж.Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» атты романын қазақ тілше аударған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1985) марапатталды. «Тағылымды тағдырлар» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007).

Тойға келген келіншек. Әңгімелер жинағы. А., «Жалын», 1980; Қызғалдақтар. Ұжымдық жинақ «Зағипа» повесі. А., «Жазушы», 1983; Топжарған қыздар. Деректі әңгімелер. А., «Жалын», 1985; Қазақ ауылы. Ұжымдық жинақ - «Темірқазық» әңгімәсі. А., «Жазушы», 1985; Сезімтал жүрек. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1988; Тағылымды тағдырлар. Аст; «Елорда», 2000; Нарық нақыштары. Ұжымдық жинақ -«Қарлыған піскен шақ», Қамсыздандыру агенті. Әңгімелер. А., «Қайнар», 2003. «Мизамшуақ». Әңгімелер жинағы. А., «Өлке», 2006, Сүзгенің соңғы күндері. Хикаят, әңгімелер жинағы. А., «Ақ Арыс», 2008.



15 қазан

Жазушы Әлжаппар Әбішевтің туғанына – 105 жыл (1907-2001)

Әбішев Әлжаппар (15.10.1907 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) — Қазақстанның Халық

жазушысы (1985). Тұңғыш әңгімелері “Завал” (1936), “Еңбек ері – ел еркесі” (1938) жұмысшылар өмірін суреттеуге арналған. Ертеректергі шығармаларының бірі “Армансыздар” повесіне қазақ шаруаларының өмірін суреттесе, “Төлеген Тоқтаров” (1944),

“Саржан” (1945), “Үлкен жолда” (1948), “Терең тамырлар” (1952), повестерінде, “Жас түлектер” (1945), “Сахара сәулеті” романында, “Намыс гвардиясы”

1942, М. Әуезовпен бірігіп жазған), “Отан үшін” (1949), “Жолдастар” (1940), “Қырағылық” (1941), “Мен өлмеймін” (1948), “Достық пен махаббат” (1947) пьесаларында. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажыр-қайратын, олардың жеңіске деген сенімін шынайы көрсетеді. “Достық пен махаббат” пьесасы кезінде қазақ драматургиясына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. “Бір семья” (1948), “Күншілдік” (1954), “Кім менің әкем?” (1957), “Белгісіз батыр” (1966), “Армандастар” (1966), “Сәкен” (1965), “Мансап пен ұждан” (1977), “Көлеңкелер қалай жоғалады” (1978), “Мәди” (1977), “Нұрлы жаңбыр” (1981), “Кәусар” (1982), “Ажалсыз адам” (1983), “Сәкен аманаты” (1987) пьесаларында адамгершілік, мораль тақырыптарын қозғады. “Найзағай” (1969), “Атыңнан айналайын” (1988) романдарына халық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек болды. “Шерлі шежіре” эссе кітабында қаламгер өзі көріп, куә болған заман тақсыретін, замандастарының мінез-құлқын өз көзқарасы елегінен өткізе отырып әңгімелейді. Жазушының айрықша атап айтарлық табыстарының бірі – оның сан алуан тақырыптарға жазған драма шығармалары ұзақ жылдар бойы республика облыстық театрлары сахнасында үзбей қойылып келеді. Осынау толымды еңбегінің арқасында Әбішев қазақ театры ардагерлерінің бірінен саналады. Шығармалары шет тілдеріне аударылған. Әбішев Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, екі мәрте “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:

Әбішев Ә. Жас түлектер: Таңдамалы шығармалар үш томдық.-Алматы:жазушы,1974.-336 б.

Әбішев Ә.Атыңнан айналайын:Роман,повесть, эсселер.-Алматы:Жазушы,1988.-384 бет, порт.


18(30) қазан

Зерттеуші, саяхатшы. этнограф, географ Николай Михайлович Ядринцевтің туғанына (1842-1894) 170 жыл

Ядринцев Николай Михайлович (18.10.1842, Омбы қаласы – 7.6.1894, Барнаул қаласы) – Сібірді зерттеуші этнограф, археолог, публицист. Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін 1860 – 63 ж. Санкт-Петербург университетінің ерікті тыңдаушысы болды. “Сібір

жерлестер ұйымы” студенттік үйірмесіне қатысып, 1865 ж. “Сібір патриоттарына” саяси мәнді үгіт парақшасын құрастырушы ретінде Омбы түрмесіне қамалды. 1874 ж. Петербург қаласында тұруға рұқсат алды. 1876 ж. Батыс Сібір Бас басқармасына (Омбы қаласы) мемлекеттік қызметке орналасып, 1881 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Ядринцев Орыс географиясы қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен 1878, 1880 ж. Батыс Сібір мен Алтайға барып, өлкенің өткені мен қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер жинап қайтты. 1880 жылғы экспедициясында “бұратана халықтардың тұрмысын” зерттеуге көп көңіл бөлді. Осы еңбектері үшін Орыс географиясы қоғамының алтын медалімен марапатталды. 1881 жылдан редакторлық, ғылыми жұмыстармен айналысты. 1882 – 89 ж. “Восточное обозрение” газетінде (1882 – 87, СПб.; 1888 – 89, Иркутск) редактор болды. 1885 ж. Еуропаға (Германия, Италия, Швейцария, Австрия) саяхат жасады. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 – 91 ж. финн археологтарының Қарақорымға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев Ұйғыр қағандығының астанасы – Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының астанасы – Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. “Сібір тұрғындары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы” атты кітабын шығарып, онда жергілікті халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын “Орхон экспедициясы жайлы еңбектер” жинағында (1892) және “Байырғы моңғол атласы” (1892 – 99) атты еңбегінде жариялады. 1893 ж. АҚШ-қа қоныс аудару мәселесі бойынша зерттеу жүргізуге барды. 1894 ж. Барнаулға келіп, бекіністе орналасқан шаруашылықтар туралы мәліметтер жинаумен, қоныс аударушылардың жағдайын зерттеумен айналысты. Ол өз еңбектерінде Солтүстік Қазақстан өлкесі, соның ішінде Петропавл және Көкшетау уездері жайлы мәліметтерге көп көңіл бөлген. Сондай-ақ “Көшпелі тұрмыс және даладағы зерттеулер” (1886), “Батыс Сібірге сырттан келген халықтарды зерттеу жоспары” (1880) деген мақалаларында қазақ халқын антропологиялық, этнографиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді ұсынды. Шоқан Уәлихановпен жақын таныс болып, ол жайлы мақалалар жазды.
31 қазан

Семей педагогика институтының ашылғанына 75 жыл (1937)
Республика өңіріндегі түңғыш жоғары оқу орны - педагогикалық институт 1937 жылы Семей қаласында өмірге келген. Жалпыға танымал ресми құжаттарға сүйенсек, аталмыш оқу орны одан бұрын осында 1934 жылы ту тіккен екі жылдық мүғалімдер институтының тұғырында туса керек. Ал кең тарамаған кейбір деректер бойынша 1930 жылдан қызмет атқара бастағанын айғақтайды.

1930-1937 жылдар арасындағы уақыт Республика ауқымында адами (гуманитарлық) әрі іргелі жоғары білім беретін жоғары оқу орындарының тууына әзірлік кезең болып табылады. 1939 жылы оқу орнына Н.К. Крупская есімі берілді.

Семей шаһарында ірге тасын қалаған педагогикалық институт өзінің алдына тарих пен қоғам қойған мақсаттар мен міндеттерді абыроймен толық іске асырып, жаңа және жоғары басқышқа, белеске көтерілді.

Әдебиеттер:


Ахметбекова А. Сүйсініп елі ақынға мән бергендей: (Оқу орнына Шәкәрім аты берілді) // Семей таңы.- 1999.-4 қараша.

Әділбаева А. Білім мен ғылым ордасы // Семей таңы.-2009.-29 қазан.-11 б.

Білікті кадр тәрбиелеу-парызымыз // Егемен Қазақстан.-2000.-18 шілде.

Еспенбетов А. Білімнің қарашаңырағы: (Семей пединститутына - 60 жыл) // Семей таңы.- 1997.- 18 қазан.

Еспенбетов А. Ұшқан ұям, алтын бесігім: (СМПИ-на 75 жыл) // Семей таңы.-2009.-8 қазан.-3 б.

Сыдықов Е. Семей университеті- классикалық үлгідегі оқу орны: // Арна.-2000.- 9 маусым.


23 қараша
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері,

Алаш Қозбағаровтың туғанына 95 жыл (1917-1996) Атақты дәрігер Алаш Қозбағаров 1917 жылы 23 қарашада Семей өңірінде дүниеге келген. Алаш Ахметжанның үлкен ұлы, Алматы қалалық №10 мектептің 7 сыныбы мен Талдықорған медициналық рабфакты аяқтаған соң, 1934 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық институтына түседі. 1939 жылы Алаш

ҚазМИ-ды тәмамдап, дәрігер – емдеуші дипломын алып, Ақмола облыстық денсаулық сақтау бөліміне жолдама алады.

Өзінің еңбек жолын Шортандинскі ауданында КазЦИК атындағы астық совхозындағы учаскелік ауруханада меңгеруші болудан бастайды, кейін аудан ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Төрт жылдық еңбек жолына соғыс кедергі болады. Генерал Рыбалконын басшылығымен 22-гвардиялық атқыштар бригадасы 3-батальонының дәрігері болады.

Өзінің батылдығы мен ерлігі үшін алғаш рет Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. Днепрді, Украинаның оң жағалауын азат етуде жарақаттар алады. Майдан госпиталінде емделген соң, қайтадан жаралыларды құтқаруға аттанады. Кейін хирургия бөлімінің бастығы, туберкулез бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады. Жауынгерлерді құтқарудағы еңбегі үшін екінші мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен және «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталады. Соғыс аяқталған соң 1946 ж. наурыз айында А.А.Қозбағаров қатты ауырады. 4 айға жуық Талдықорған қалалық ауруханасында және жарты жылдан астам уақыт Семей Отан соғысы мүгедектері госпиталінде емделеді.

1948 жылы ақпан айында госпитальдан шыққан соң, акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Кейін Семей қаласы Затон ауданының емдеу бірлестігінің бас дәрігері, 1950-1958 жж. аралығында №1 перзентханада бас дәрігер болып қызмет атқарады. Ол акушер, гинекология саласында еңбек етеді. Акушерлік және гинекологиялық кафедра құру кезінде А.А.Қозбағаровтан өткен кандидат жоқ еді. «Клиническая оценка некоторых методов стимуляции и возбуждения родовой деятельности» атты кандидаттық диссертация қорғайды. 1957 жылы диссертациясын қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Бұдан соң Акушерлік және гинекологиялық кафедраның меңгерушісі қызметінде доцент атағын алып 20 жыл еңбек етеді.

1996 жылы 6 қаңтарда дүниеден өтеді.

Семей қаласының әкімі мен қалалық мәслихат қала тұрғындарының ұсынысы бойынша қаланың орталық көшелерінің біріне Алаш Қозбағаров есімін беру туралы шешім қабылдады.


29 қараша

Журналист, аудармашы Зейнолла Тілеужанулынын туғанына (1942) 70 жыл

Тілеужанұлы Зейнолла (29.11. 1942 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Қызыл қайың ұжымшары) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1968). Алматы облысы "Жетісу" газетінде, кинематография к-тінде, "Жаңа фильм" - "Новый фильм", "Еңбек таңы" журналдарында және халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарған. Алғашқы жырлары республикалық жас ақындарының "Жас керуен" (1969) жинағына енген.

"Лебіз" (1971), "Солидарность" (1973, орыс тіліндегі ұжымдық жинақтарында өлеңдері жарияланған), "Толағай тау", "Ой ағысы", "Сарыарқа", "Махаббат дастаны", "Аспанға көшкен ауыл", "Күнге табынғандар", т.б. жеке жыр кітаптары жарық көрген. Көптеген шет ел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ, 100-ге тарта кинофильмдерді қазақ тіліне аударған.




2 желтоқсан

Рахманқұл Бердібайдың туғанына 85 жыл

(1927-2012)

Түрколог-ғалым, сыншы, фольклорист, Қазақстан Ұлтгық Ғылым академиясының академигі, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Рахманқұл Бердібай 1927 жылдың 2 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Ихан кентіне жақын Көкіш ауылында өмірге келген. Ащысай кентіндегі орта мектепте оқып, 1943-1944

оқу жылында Түркістан педагогтік училищесін бітірген.

Әдеби, ғылыми ортаға жақындауды арман еткен Р.Бердібай 1953 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне аспирантураға қабылданады.

«Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеген жылдары (1955-1959) Р.Бердібай сыншы-публицист ретінде қалыптасты. Бұл жылдарда сыншының әдебиет тарихы, мәдени мұра, қазақ тілінің тағдыры туралы («Ең үлкен мәдени байлық», «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері», «Музыка мұқтажы», «Әдебиет пәні және оқулық», «Шығыс қазынасы», «Қазақша энциклопедия қажет» т.б.) жазған проблемалық мақалалары жұртшылықтан қолдау тауып, Қазақстан үкіметінің ұлт мәдениетін көркейтуге бағытталған үш бірдей қаулысының алынуына себепкер болды. 1955-1959 жылдар Р.Бердібайдың әдебиет сыншысы ретінде өнімді еңбек еткен кезеңі болса, ол 1960-1972 жылдар арасында әдебиеттің тарихы жөне теориясы мәселелерімен тереңірек айналысады. Сыншы ғалымның осы тұстағы ізденістерінің нәтижесі «Әдебиет және өмір», «Роман және заман», «Қазақ прозасындағы замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағлымы» тәрізді кітаптардан көрініс тапты. Р.Бердібай 1961 жылы филология ғылымдары бойынша кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы»), 1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының теориялық мәселелері») диссертация қорғайды.

1968 - 1970 жылдарда ол жаңадан ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты секретары болып, 70 мыңға жуық терминнен тұратын 13 томдық әмбебап энциклопедияның сөз тізбегін саралауға басшылық етті. Ол — алты томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960-1967 ж.ж.), «Көпұлтты совет әдебиеті тарихы» (1970-1974 ж.ж.) авторларының бірі болды.

Р.Бердібай 1973-1995 жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.

Әдебиет сыны, тарихы, фольклортану саласындағы көрнекті еңбектері жоғары бағаланып, «Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткері» (1983), «Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» (1992) атағы берілді. Түрік тілі құрымының (Түркия), Халықаралық Шыңғыс Айтматов қоғамдық академиясының, Ресейдің халықаралық психология академиясының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік дүниесіне қызмет сыйлықтарының» иегері болды. Ол «Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», «Тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығы», «Ана тілі», Қырғызстан Республикасының «Даңқ» медальдарымен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен ардақталған еді.

Әдебиеттер:

Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы:мақалар мен зерттеулер.-2-ші бас.-Алматы:жазушы,1977.-320 б.



4 желтоқсан

Алмахан Мұхаметқалиқызы туғанына 50 жыл (1962)
Ақын бұрынғы Мақаншы ауданы Жарбұлақ селосының тумасы. Әдебиетке деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталды. Сөз өнері нағашы атасы Саяхметтен дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде жазған өлеңдері республикалық басылымдарда 1976-1979 жылдары «Балдырған», «Қазақстан пионерінде« жарияланып тұрды. Ақынның ең бірінші халыққа танылуы 1979 жылдан басталды.

Дәстүрлі байқауға байланысты сол жылы үлкендер арасында аудандық айтыста бірінші орынды жеңіп алып, Жарбұлақ совхозының бетке ұстар ең жас ақыны атанды. Кейіннен Семейге келіп әдебиет сүйер қауыммен танысып, өзінің жазба ақын екенін мойындады. Сөйтіп өнердің ең қиын жолын тандады. Ақын жырлары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жиі жариялана бастады.

1991 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын пединститутының тіл-әдебиет бөлімін ойдағыдай аяқтап, көп жылдар Абай қорық мұражайында ғылыми қызметкері болып Абай мұраларын зерттеді. 1999 жылы полигон тақырыбына байланысты «Семей таңы» газетіне 140 шумақтан тұратын «Құрсақсыз ана» деген жан тебірентерлік поэмасы шықты.

1999 жылы Өскемен қаласында өткізілген жазба ақындар мүшайрасында 1-жүлделі орынды жеңіп алды. 1999 жылы «Жансая» атты тұңғыш жыр жинағы шықты. 2002 жылы «Жыр-ғұмыр» атты екінші жинағы басылып шықты. «Абай әлемі» атты телехабарды ұйымдастырушы.

Ақын 2002 жылдың 3 қазан айында марқұм М.Ибраевтың 60 жылдығына орай өткізілген облыстық мүшайрада 1-орынды жеңіп алды.

2010 жылдан бастап ақын Астана қаласында қызмет етеді.

Әдебиеттер:
Мұхаметқалиқызы А. Жансая.Өлеңдер.Арнаулар.-Семей,1999.-156 б.





6 желтоқсан

Нұрлыбек Баймұратовтың туғанына 125 жыл (1887-1969)
Нұрлыбек Баймұратов 1887 жылы 6 желтоқсанда Бесқарағай ауданы Балапан деген жерде туған. Нұрекеңе өлең он жасында дарыпты. Сол кездегі тәжірибелі Абайдың хатшысы болған ақын Ахметшәріп баланың бойында булығып шыға алмай тұрған өнердің барын бірден байқайды. Баланы бір айдай қасына ертіп, білгенін үйретеді, ақындық жолға баулиды.

Алғашқы ұстазынан осылай тәлім алған ақын 15 жасынан ақындық жолын ұстана бастайды. Нұрлыбектің балалық, жастық шағы жетімдік, жоқшылық құрсауында өтті. Соған мойымай

домбыраны серік етіп, дархан еліне еркелеп өсті. Әр ақынның өзін танытатын бір кезеңі болады.

1922 жылы Семей қаласында ақын Иса Байзақовпен айтысады. Кезінде М. Әуезов бұл айтысты аса жоғары бағалаған. Баймұратовтың тұңғыш баспасөзде жарялаған шығармасы «Қала сұлуы» атты поэмасы. Ол 1925 жылы Семейде шығатын «Таң» журналында басылған.

Ақынның республика жұртшылығына кеңінен танылған кезеңі 1939 жыл. Осы жылдың 21-27 маусым күндері Қазақстан жазушыларының Алматыда өткен 11-ші сиезінде делегат ақын суырып салма шумақтарымен ұлы жиынды құттықтаған. Сол съезд үстінде Нұрлыбек СССР Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданады.

Нұрлыбек айтыс өнерін жете меңгерген тұлға. Оның атақты ақындармен айтыстары көп болған. 1939 жылдары «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілген. Ол 1943 жылы қарағандылық М. Жапақовпен, 1944 жылы Т. Көбдіковпен айтысқан. Сол жылдары

Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров сынды халқымыздың қас батырларын жырға қосты. Саңынан «Ер Төлеген» атты дастан жазды. Азамат соғысының оқиғаларын суреттеген «Қанды жорық» атты дастаны 1962 жылы кітап болып шықты.

Нұрлыбек ақынның өмірінде жазықсыз жала жауып, тар қапасқа қамап, азап тартқызған күндері де аз болмаған. Қазақтың біртуар марқасқа ұлдары- М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Ә.Қашаубаев т.б. басқалармен қоян-қолтық араласып, халқына қызмет көрсеткен перзенті 1969 жылы 8 қарашада 82 жасында дүние салды.

1992 жылы Башкөл совхозының орталығы Жаңа-Николаевкада ақынның мұражайы ашылып, басына ескерткіш орнатылды.

Әдебиеттер:


Баймұратов Н. Өлендер мен поэмалар.-Алматы: Қазмембаскөркемәдеббас, 1957.- 144 б.

Баймұратов Н. Қазына: өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1982.- 240 б.

Баймұратов Н. Ер Төлеген : Поэма.- Алматы : Жалын, 1985.- 25 б.


  1. желтоқсан

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл (1922-2011)
Жазушы Ә.Нұршайықов Жарма ауданының Ақбұзау ауылында туған. Бала Әзілхан ауылдағы орта мектепті бітірген соң, Алматыға тау-кен институтының жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, бір жыл оқыған соң бұл оқуын тастап кетеді де, Семей қаласындағы Абай атындағы педучилищеге барып түседі.

1941-1945 жылдарда Қызыл Армия қатарында қызмет етті. Майданда жүргенде де қолына қаруы мен қаламын қатар ұстап жүрді. Өзінің жауынгер жолдастарының майдандағы ерліктерін мадақтап, үнемі өлендер, очерк, мақалалар жазып жүреді. Олар майдан газеттерінің, республикалық газет беттерінде жарияланып тұрды.

Ең алған еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған жазушы бұрынғы облыстық «Екпінді» газетінде (қазіргі «Семей таңы»), республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Соц.Қазақстан» газетінде, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде қызмет етті.

«Нұршайықов - әдебиеттің әңгіме, повесть, новелла секілді шағын жанрларында жарқ етіп көрініп, өнімді еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан туған «Ескі дәптер», «Махаббат жыры», «Әсем», «Ботагоз» атты лирикалық повестер - бүгінгі прозаның аясына өзінше жаңа леп, жаңа бояу қосқан шығармалар» («Қазақ әдебиетінің тарихы» 1967,3 том,131 б.)

1970 жылы ол өзінің тұңғыш романы «Махаббат, қызық мол жылдарды» романын жазып бітірді. Роман кезінде әр жастың жастығының астынан түспейтін болды. Әрбір жас осы романның рухымен тәрбиеленді. Ешқашан құнын жоғалтпайтын бұл кітап қазір де оқушы қауымның қолынан түскен жоқ. Романның негізгі мақсаты — адамгершілік, эстетикалық тәрбие, жан дүние тазалығын, мөлдір махаббатты паш ету.

«Адамшылықтың алды - махаббат, ғаділет сезім» - деп ұлы Абай айтқандай, жазушы шығарма оқиғасын махаббат төңірегінде құра отырып, жас кейіпкерлердің сүйіспеншілік қасиеттерін ашып көрсетеді. Романдағы Ербол, Меңтай, Жомартбек, Тана, Майра бейнелері арқылы әр адамға өмірді дұрыс түсіне білуге ой салатындай жан тебірентерлік шығарма. Бұл роман ешқандай «жалаңаштанбай» қазақи мінезімен суреттелген, лайланбаған тұнық роман.

Атақты «Ақиқат пен аңыз» атты романда қазақ халқының қаһармандық бейнесін көрсету үшін даңқы аңызға айналған Бауыржан бейнесімен ғана шектелмей, аспан тәңірісі Талғат Бигелдиновті, фашизм ордасына алғаш ту тігуші Р.Қошқарбаевты, партизан Қ.Қайсеновты келістіре суреттейді.

1985 жылы қазақтың ұлы жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы «Екі естелікті» жазды.

Ғажайып сөз зергері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы әскери әдебиет Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Ә.Нұршайықовтың «Ұлыма«, «Монолог», «Майдан жазбалары», «Автопортрет» атты туындыларынан басқа жастардың адал-достығы мен махаббаты туралы «Махаббат, қызық мол жылдар», жауынгер-жазушы Б.Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған «Ақиқат пен аңыз» романдарымен-ақ белгілі тұлғалардың легіне енген. Жазушыға «Ақиқат пен аңыз« кітабы үшін Мемлекеттік сыйлық берілген. Ә.Нұршайықов алғаш публицист ретінде танылып, кезінде әйгілі қаламгерлер сапына «Алыстағы ауданда» атты деректі повесімен қосылған жаңашыл жазушы. Жазушының айтуынша, ол өзін бірінші - журналистпін, екінші - жазушымын деп санайды.

Жазушы тек көркем шығармалар жазып қана қойған жоқ, 1987 жылы «Өмір орнектері» атты әдеби күнделігі шықты. Сонымен қатар, «Қаламгер және оның достары» атты әдеби еңбектерімен де таныс. Кітапта өз замандастары туралы да, сонымен катар: М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, Ы.Жақаев сияқты алыптар туралы да жазды.

«Мен отыз шақты кітап жазған жазушымын. Соның ішінде мұра боп қалады-ау дейтін дүнием екеу. Оның бірі - «Махаббат, қызық мол жылдар», екіншісі - осы «Ақиқат пен аңыз». Оқырманым үлгі алатын кейіпкерім де екеу. Бірі - Меңтай, бірі – Баукең» -дейді жазушы («Қазақстан сарбазы», 2002,13.12).

Қазақстанның Халық жазушысы Әз-аға 2011 жылы ақпан айында дүниеден өтті.

Әдебиеттер:
Нұршайықов Ә.Таңдамалы шығармаларының он томдығы.-Алматы: Қазығұрт,2005.-

Нұршайықов Ә. Махаббат қызық мол жылдар.- Алматы:

Нұршайықов Ә.Автопортрет (әдеби портреттер, естеліктер, әскери жазбалар).-Алматы:Жалын, 1977.-200 б.

Нұршайықов Ә. Алтын соқпақ. Повест, әңгімелер.-Алматы: Жазушы,1967.-128 б.

Нұршайықов Ә. Тоғыз толғау. Повест-монолог.-Алматы:Мектеп,1977.-220 б.
19 желтоқсан

Әди Шәріповтің туғанына 100 жыл (1912-1993)
XX ғасырдың басындағы дүрбелең, 1930-жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы қанды қырғын, 1941-1945 жылдардағы соғыс, одан кейінгі қазақ халқының тіршілігі, 1912 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген Жарма ауданы, Малиновка селосынының тумасы Әди Шәріповтің көзімен көріп, көңіліне

тоқыған ұзақ өмір жолы.

Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Бір тонның тарихы» атты повестерін халқымыз жылы қабылдап, сүйіп оқитын шығармаларына айналды.

Ұзақ жылдар бойы жазушы әдебиеттану ғылымында жемісті еңбек етті. Ол- филология ғылымының докторы, 350-ден астам ғылыми мақалалар мен зерттеулердің, монографиялардың авторы.

Көп жылғы еңбектері еленіп Ленин, Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен т.б медальдармен мараппатталды. Кембридж университетінің халықаралық библиографиялық орталығы шығарған «Планетаның аса көрнекті адамдары» атты анықтамалыққа есімі енгізілді.

Көрнекті қаламгер, зерделі ғалым, мемлекет қайраткері 1993 жылдың 4 қарашасында 81-ге қараған шағында қайтыс болы.

Әдебиеттер :

Шәріпов Ә. Арбасу.Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1988.-320 бет,суретті,прорт.

Шәріпов Ә. Сахара қызы: Роман.-Алматы: Жазушы, 1979.-427 б.
20 желтоқсан

Жазушы, драматург Дулат Исабековтің туғанына – 70 жыл (1942)

Дулат Исабеков (20.12.1942 жылы туылған, Арыс ауданы, "Ленин жолы" ауылы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1966). Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор (1967—68), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-70), "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі (1971—76), "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі (1976—80), Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-88), 1988— 97 жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры. Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды. Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985).


23 желтоқсан

Ақын Қалихан Алтынбаевтың туғанына 85 жыл (1927-2002)
Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаев- республикамызға аты мәлім, әрі жазба, әрі суырып салма ақындардың бірі.

1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы халық ақыны С.Әлімбетовтің жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар домбырашы, өлеңші, шежіре кісі болған. Қалиханның өзі де жастайынан С.Әлімбетов; Т.Көбдіков; Н.Баймұратов, Т.Әміренов секілді ақындардан үлгі алып өсті. Көрнекті өнер иесінің ерекше қасиеті-ұлттық өнеріміздің алтын қазығы — ауыз әдебиетін терең білетіндігі, халқымыздың өткен-кеткен тарихынан, көне шежірелерден мол хабардарлығы, шұрайлы тіл байлығы, тіліміздегі ескі сөздердің мағынасын жетік ажырата алатындығы.

Айтыс өнеріне 1957 жылдан бастап белсене араласып келе жатқан ақын талай ұлы дүбір сайыстарда суырылып шығып, абыройға ие болды. Оның кезекті бір айтыста қолма-қол тауып айтқан "Үш бәйтерек" деген өлеңі көпшіліктің сұрауымен баспа бетінде қайта жарық көріп, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық.

Ақын онға тарта поэмалардың авторы, шағын да шымыр поэзияның нағыз асыл маржаны деп айтуға тұратын лирикалық өлендері бар ақын. Жеке басылып шыққан "Мамай батыр" поэмасы күні кеше ғана өткен ұлы ақынымыз Абайдың 150 жылдығы қалай өткендігі туралы туралы жазылып,

«Семей таңы» газетінің ішінде кітапша болып шыққан "Жер кіндігі - Қарауыл" атты суреттеме дастаны ғажайып дүниелері.

Әдебиеттер:


Алтынбаев Қ. Жеңіс туралы: ( Өлең) // Дидар.- 1999.- 8 мамыр.

Алтынбаев Қ. Жер кіндігі- Қарауыл": (Өлең) // Семей таңы.-1995.- 21 қараша.




1 қаңтар

Мәдениеттанушы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің туғанына 70 жыл (1943)
ӘУЕЗОВ МҮРАТ 1943 жылы 1 кантаря Жамбыл облысынын Меркі селосында туған. 1965 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Шығыс тілдері институтын қытай

филологиясы мамандығы бойынша бітіреді. М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын 1969 жылы "Проблемы национального своеобразия современной казахской литературы" деген тақырыпта кандидаттык диссертация қорғаумен аяқтайды. Бір қыдыру уакыт Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және право институтында, республикалық Тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамында жүмыс істеді. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының Бас редакторы болды, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі, Халықаралык "Сорос" қоры қазақ бөлімшесінің төрағасы болды. Қазір Ұлттық кітапхананың директоры.



"Дни своей долгой-долгой жизни" деген макаласы "Дружба народов" журналының (№ 8, 1968) сыйлығын алған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Шыгармалары: Времен связующая нить. Монография "Жазушы", 1972; "Иппокрена Хождение к колодцам вре 1997.


1 қаңтар

Актирса, Қазақстанның халық артисі Бикен Римованың туғанына 90 жыл (1923-2000)
Актирса, Қазақстанның халық артисі Бикен Римованың туғанына 90 жыл (1923-2000)
Римова Бикен (1923 -2000 жж.)- тұрақты түрде бір-ақ театрда жұмыс істеді. Кейін Мұхтар Әуезовтың есімі берілген Академиялық драма театры оның өз үйінен артық болмаса, кем болған жоқ. Осы сахнада ол эр алуан өйелдер бейнесін жасады. Кейбіреуін ғана санап өтсек: Еңліктен кейін М. Әуезовтың "Қаракөзіндегі" Маржан, "Абайындағы" Зейнеп,Шыңғыс Айтматовтың "Ана-Жер-анасындағы" Жер- ана, "Жәмиласындағы" Жаңыл, "Ақ кемесіндегі" Әжей, Әбділда Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш — орман емесіндегі" Фарида, "Майрасындагы" Майра, Ғабиден Мұстафиннің "Миллионеріндегі" Жанат, Әбіш Кекілбаевтың 'Абылайханындағы" Әулие-ана, Мольердің "Сараңындағы" Элиза, [Гоголь|Н.Гогольдің "Ревизорындағы" Пошлепкина, Н.Островскийдің "Шындықжақсы, бақыт одан да артығындағы" Мавра Дурасова, Шахмет Хұсайыновтың "Алдар көсесіндегі" Меңсүлу, "Сырымбет саласындағы" Зылиха, Тахауи Ахтановтың "Кездейсоқкездесуіндегі" Ғайни, Сәкен Жүнісовтың "Ажар мен Ажалындағы" Сарыжорға. Бөле-жара атауға болатын образдың бірі — "Абай" драмасындағы Зере. Азуы алты қарыс Қүнанбайдың анасы, болашақ данышпан ақынның өжесін сахнада сомдау екінің бірінің қолынан келмейді. Ешкімді бетіне қаратпайтын ақылды да айбынды Құнанбайдың өзі оның алдында именіп, Абай бір жағы еркелесе, бір жағынан одан тәлім-тәрбие алады, — ауыл-аймақтағы үлкен-кішінің бәрі соның аузына қарайды — осындай сан қырлы қарым- қатынастарды, сезім, мінез тайталастарын көрерменге нанымды түрде жеткізе білу, өрине, үлкен шеберлікті керек етеді. Сахнада талай образдар жасап, көпшілікке кеңінен танылса да өзінің көкейінде көптен жүрген бір образды ол соңғы рет ойлағанындай шығарды. Ақын-драматург Иранбек Оразбаевқа өзі айтып, қазақтың ең бір сыршыл сазгері Естай өмірінің соңғы кезеңін бейнелейтін драма жаздырды. Жастайынан ғашық болған Қорланға Естай бір емес, бірнеше ән арнаған. Оның бәрі ел аузында. Бірақ тағдыр екеуін қоспаған. Ал мына пьеса Естайдың да, Қорланның да қартайған шағын бейнелейді. Ресей жақтағы бай қазақтарға тұрмысқа ұзатылған Қорланды Естайдың іздеп барғаны — тарихи шындық. Енді екі ғашықгың жасы ұлғайғанда кездесуі, әрине, қызық тақырып. Бикен Римова жасы жетпістің мол ішінде де "сыны кетсе де сыры кетпеген" Қорланның бейнесін аса бір тебіреніспен, тұңғиық терең сезіммен ойнағанын көзіміз көрді. Бүл — ұлы актрисаның сахнамен де, өмірімен де қоштасар алдындағы аққу әніндей көрініс еді... Сахна саңлағы кинода да көрнекті рөл атқарды. "Тақиялы періште", "Шабандоз қыз", "Менің атым Қожа", "Қозы көрпеш — Баян сұлу", "Қүланның ажалы", "Гауһар тас", "Аруана", "Абай" т.б. фильмдерде эр қилы образдар жасады. Олардың ішінде драмалық та, күлкілі де бейнелер бар. Соңғы жыл¬дары "Тоғысқан тағдырлар" ("Перекресток") атты көп сериялы телефильмге түскені талайлардың жадында болар. Бикен Римова қолына қалам үстай білетін дарындардың бірі еді. Ол өзінің замандас әртістерін насихаттайтын бірқатар мақалалар жазды, сүйген жары — көрнекті драматург Шахмет Хұсайынов жайында жазған естеліктері бір төбе. "Еңлігім — Еңлік гүлім", "Онердегі өнегелі өмірлер" атты кітаптарында қазақ театры сахнасы жайында талай сырлар бар. Шахаң қайтыс болғаннан кейін Бикеннің драматургтік талантын да байқадық. "Абай — Әйгерім", "Қос мүңлық", "Қорғансыз жандар" сияқты пьесаларын сахнадан көргенде кәнігі драматургпен кездескендей болдық. Өзіме, әсіресе, "Қос мұңлық" ерекше үнады. Бала-шағасынан зәбір көрсе де мүң-зарын білдірмеуге тырысып жүрген ер мінезді, өр кеуделі әйелдің көңіл күйі, жүріс-түрысы кімді де болса тебірентпей қоймайды. Сахнаға шыкқаннан бастап бақытты ғұмыр кешкен Бикен әпкеміздің балалық, жастық шағы өте қасіретте болған. 1923 жылы бұрынғы Талдықорған облысының Қаратал ауданында тұған ол кішкентай кезінде қажымас, қайсар шешесімен бірге Қырғызстанға барып жан сақтады, қаңғырған кездері де бар — қысқасы 20-30-жылдардың барлық қасіретін көзімен көрген. Оны өнердің айдынына алып шыққан тума таланты. Шахаңдай жар сүйді, бала- шағасының қызығын көрді... Бар жүбаныш, бар қуаныш сол!


8 қаңтар

Сазгер Жолан Дәстеновтің туғанына 70 жыл (1943-1991)

Сазгер Жолан Дәстенов 1943 жылы Бесқарағай ауданы, Өндіріс селосында туған

Қарапйым жұмысшы отбасында туған талантты жас орта мектепті бітірген соң, Семей саз колледжіне оқуға түсіп, өмірдегі орнын табады. Одан кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға түседі. Онда профессор Қ.Қоажамияровтың композиция класын бітіреді. Бір жылдай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бір жылдай қызмет етіп, Композиторлар Одағына мүшелікке қабылданады. Біраз жылдар қазақ теледидары мен радиосында қызмет етеді.

Жерлесіміздің еңбек еткен жері - өзінің Семейі. Сол кезде Композиторлар Одағының Ертіс бөлімшесі құрылып, оның төралығына Ж.Дәстенов тағайындалады. Кейіннен қайта Алматыға оралып, Қомпозиторлар Одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарады.

Дәстенов қазақ музыкасы мен өнерін насихаттауда аянбай еңбек етеді.Оның оркестр мен вилончельге арналған концерті, бірнеше симфониялық поэмалары, хорлары, романстары бар. 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты атағын алды.

Шығармашылық өнерде Жолан Дәстенов фольклорға да ден қойды. Сазгердің ең соңғы жазған шығармасы Абайдың аттас поэмасы бойынша жазылған «Ескендір» симфониялық поэмасы.

Дарынды сазгер 1991 жылы 10 қазанда қайғылы қазаға ұшырады.

Әдебиеттер:


Дәстенов Ж. Автодромда: Бірнеше пьсалары бар/Құраст. А.Байсақалова.-Алматы, 1986.-Б. 23-26

Дәстенов Ж. Кішкентай машинист: Форт.арналған миниатюралар. /Құрат.Ә.Бабыкова.-Алматы: 1982.-Б.21-23.



10 қаңтар

Әнші, сазгер Болат Сыбановтың туғанына 75 жыл 1938-1998)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет