Жалпы мағлұматтар
Зерттелетін материалдағы С дәруменінің мөлшерін анықтау 2,6-дихлор-фенолиндофенолдың көмегімен оның титрленген ерітіндісін пайдалану арқылы іске асырылады. С дәруменінің тотығуына кеткен реактивтің мөлшері бойынша зерттеліп отырған материалдағы дәруменнің қаншалықты екенін анықтайды.
Фолий қышқылының мөлшерін анықтау үшін оны сүттен активтелген көмірмен адсорбциялап алады. Содан соң оны калий перманганатымен тотықтырады, нәтижесінде парааминобензой қышқылы, глутамин қышқылы және 470 нм-де интенсивті көк флюоресценциялық жарқыраудың максимумын беретін птеридин-6-карбон қышқылы (немесе альдегид) бөлінеді.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
Құрал-жабдықтар, реактивтер. 5 мл-лік бюреткалар (2 дана); 2, 5 және 20 мл-лік тамшуырлар; 50 және 100 мл-лік конустық колба; 100 мл-лік стақандар (4 дана); 100 мл-лік өлшегіш колбалар (2 дана); 250 мл-лік цилиндр; фарфор үккіш; сағат шынысы; кварц құмы; кәртөп; сәбіз; томат шырыны; итмұрын; 5%-дық тұз қышқылы; 0,001 н 2,6-дихлорфенолиндофенол; 2%-дық және 4%-дық метафосфор қышқылы; 0,1%-дық аскорбин қышқылы; 0,001 н калий йодаты; калий йодиді; 1%-дық крахмал; 5%-дық калий йодиді; 3%-дық сутегінің асқын тотығы.
2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісінің титрін анықтау
Жуық шамамен 0,001 н 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісінің титрін анықтауды сол күні аскорбин қышқылымен жүргізеді. 2 мл 0,1%-дық аскорбин қышқылын алып, 50 мл 2%-дық метафосфор қышқылының (немесе күкірт қышқылының) ерітіндісінде ерітеді; осы ерітіндінің 5 мл-ін 2,6-дихлорфенолиндофенолмен қызғылт түс пайда болғанша титрлейді. Титрлеуге жұмсалған реагенттің көлемін белгілейді. Осыдан кейін ізінше аскорбин қышқылының сондай ерітіндісін басқа микробюреткадан титрленген калий йодатының ерітіндісімен (0,001 н) титрлейді. Аскорбин қышқылының ерітіндісіне титрлеудің алдында калий йодидінің бірнеше кристалын (0,1 г-нан аспайтын) және 5 тамшы 1%-дық крахмал ерітіндісін қосады. Титрлеуді абайлап, әзер көрінетін көк бояу түзілгенше жүргізеді және титрлеуге кеткен калий йодатының көлемін белгілейді. Бірінші және екінші жағдайларда титрленген аскорбин қышқылының көлемдері бірдей болғандықтан, сәйкесінше, жұмсалған калий йодаты мен реагентің мөлшерлері бір-біріне эквивалентті болады. 1 мл 0,001 н калий йодатының ерітіндісі 0,088 мг аскорбин қышқылына эквивалентті болғандықтан, 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісінің титрі (аскорбин қышқылының миллиграмымен) тең:
мұнда V1 мен V2 — сәйкесінше аскорбин қышқылының ерітіндісінің бірдей көлемдерін титрлеуге жұмсалған 2,6-дихлорфенолиндофенол мен калий иодатының ерітінділерінің көлемдері.
Достарыңызбен бөлісу: |