Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Дәрумендердің ашылу тарихы.
2. Дәрумендердің номенклатурасы мен жіктелуі.
3. Майда еритін дәрумендер мен олардың физиологиялық рөлі (A, D, K, Q, E, F).
4. Суда еритін дәрумендер мен олардың физиологиялық рөлі (B1,B2,B3,B5,B6,B12,ВС,С,Р,Н,U).
5. Ұғымдарды түсіндіру: авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз.
Өздік жұмыс тапсырмалары
Дәрументәріздес заттар мен олардың физиологиялық рөлі.
№15 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: ГОРМОНДАР
Жұмыстың мақсаты: Стероидты, пептидті және басқа гормондарды сапалық реакциялардың көмегімен анықтау.
Жалпы мағлұматтар
«Гормондар» ұғымын алғаш Э. Старлинг 1905 жылы енгізді. Ең алғашында барлық гормондарды оларды бөліп шығаратын бездерге байланысты топтарға бөлді. Қазіргі кезде гормондар химиялық табиғатана қарай 3 топқа жіктеледі: пептидтік, стероидтық және басқалар. Соңғы жылдары ғалымдар жоғары май қышқылдарының туындылары болатын простагландиндермен, олардың ішінде арахидонның, қарқынды жұмыс істеуде. Медициналық тәжірибеде тиімділігі жағынан гормондардан еш кем емес простагландиндердің негізінде алынған препараттар кең түрде қолданылады. Гормондардың биологиялық нысандарда бар екендігін сапалық реакциялармен анықтайды.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
ПЕПТИДТІ ТАБИҒАТТЫ ГОРМОНДАР
Инсулинге сапалық реакциялар
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сынауықтарымен зертханалық штатив; инсулин ерітіндісі (ампулаларда); 0,1%-дық натрий гидроксиді; 0,5%-дық сірке қышқылы; ақуыздарға түсті реакциялар жүргізу үшін реактивтер.
Натрий гидроксидінің сұйытылған ерітіндісімен реакция.
Инсулин ерітіндісінің 10-15 тамшысына рН = 2,5-3,5 дейін 0,5%-дық сірке қышқылымен қышқылдандырғанда еритін мақта тәріздес тұнба түскенше біртіндеп тамшылата отырып, 0,1%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |