Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет29/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Темір (III) хлоридімен реакция
Темір (III) хлориді рутинмен изумрутты-жасыл түсті кешенді қосылыс түзеді. Координациялық байланыстар темір йоны мен рутин молекуласының фенольдық гидроксил топтарының оттек атомдары арасында пайда болады.
1-2 мл рутиннің қаныққан сулы ерітіндісіне бірнеше тамшы 1%-дық темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосады. Жасыл бояу түзіледі.


Концентрленген күкірт қышқылымен реакция
Концентрленген күкірт қышқылы флавондармен және флавонолдармен ерітінділері ашық сары бояумен сипатталатын оксоний (флавил) тұздарын түзеді.
1-2 мл рутиннің қаныққан сулы ерітіндісіне абайлап сынауық қабырғасымен 1 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады. Екі сұйықтың арасындағы шекарада сары түске боялған шеңбер пайда болады.


Кверцетиннің тотықсыздану реакциясы
Кверцетин қызыл-қызғылт немесе күлгін-қызыл түсті (концентрациясына байланысты) цианидин түзе оңай тотықсызданады.



Кверцетин

Цианидин

1 мл кверцетиннің қаныққан спирттік ерітіндісіне магний таспасын немесе аздаған (скальпельдің ұшымен) металдық магнийдің ұнтағын қосады және 3 - 4 тамшы концентрленген тұз қышқылын қосады. Сұйық алғашында қызғылт түске боялады, бірақ тұрғаннан кейін бояудың қанықтылығы таңқурай немесе күлгін-қызыл түске дейін қоюланады.


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Суда еритін дәрумендерге қандай дәрумендер жатады? Олардың физиологиялық рөлі қандай?
2.B1, B2, C, P дәрумендерін қандай сапалық реакциялардың көмегімен анықтайды?
3.Ағзада суда еритін дәрумендер жетіспеген кезде қандай патологиялық өзгерістер байқалады?

14 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: С ДӘРУМЕНІН САНДЫҚ АНЫҚТАУ. СҮТТЕГІ ФОЛИЙ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктен (картоптан) алынған сығындыдағы С дәруменінің және сүттегі фолий қышқылының мөлшерлерін тәжірбие көмегімен анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет