Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет2/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Зертханада жұмыс істеу кезінде студент қандай сақтық шараларын ұстанған жөн?
2.Зертханада кезекші студенттің атқаратын қызметі қандай?
3.Затты қыздыру кезінде қандай сақтық ережелерін ұстанған жөн?
4.Зертханадағы тартпа шкаф не үшін арналған?
5.Қышқылдан немесе сілтіден күйік алған және газбен уланған жапа шегушіге қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керек?
2 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Амин қышқылдары. оларға түсті реакциялар


Жұмыстың мақсаты: Аминқышқылдарын радикалдарының түсті реакциялары бойынша сапалық анықтау.
Жалпы мағлұматтар

Қазіргі уақытта әртүрлі табиғи нысандардан бөліп алынған 250 -ден астам амин қышқылдары белгілі. Өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар құрамында аминқышқылдары бос күйінде де, байланысқан күйде де (мысалы: ақуыздарда) кездеседі.


Көпшілік жағдайда бос амин қышқылдарын биологиялық материалдан 70-80%-дық этанол ерітіндісімен бөліп алады.
Аминқышқылдарын шаймадан нингидрин арқылы ашады, сол уақытта зерттеліп отырған ерітінді сынамасында ά- аминқышқылдарының бар екенін көрсететін қаныққан көкшіл-күлгін бояудың пайда болатынын бақылайды.
Аминқышқылдарының радикалдары мүлде алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл көпшілік амин қышқылдарын ашу үшін түсті реакцияларды қолдануға мүмкіндік береді.


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
1. Тирозинге түсті реакция (Миллон реакциясы). Тирозиннің бірнеше кристалдары салынған сынауыққа 1 мл 2.5%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, толық ерігенше араластырады. Оған 1 мл Миллон реактивін қосып, сынауықты сілки араластырады да, бөлме температурасында біраз уақыт қояды. Біраз уақыттан кейін ерітінді қан қызыл түске боялады. Түстің пайда болуын тездету үшін аздап қыздыруға болады. Миллон реактиві концентрленген азот қышқылында ерітілген сынап (I) және (II) оксидтерінің нитраттары мен нит­риттерінің қоспасы болып табылады. Ол тирозиннің фенол ядросымен әрекеттескенде, қызыл түске боялатын сынаптың қосылысы - нитрозотирозин түзіледі.

Тирозин Ртутное соединение нитрозотирозина




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет