Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Тақырып 4. Микробиологиялық синтездің жасуша биомассасынан мақсатты өнім алу. Микробиологиялық синтездің жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу



бет15/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Лекциялар жинағы

Тақырып 4. Микробиологиялық синтездің жасуша биомассасынан мақсатты өнім алу. Микробиологиялық синтездің жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу.


Дәріс 7. Биомассаны бөліп алу. Биомассаны анықтау әдісі.
Дәріс 8. Азықтық микробтық ақуыз алу


Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
Ферментация үрдісі аяқталғаннан кейін культуралды сұйықтықтың құрамында микроорганизмдердің тіршілік етуіне қажет заттар, қоректік ортаның қалдықтары, көбік сөндіргіш, еріген және ерімеген заттар болады.
Биосинтез үрдісінің дайын өнімі болып, культуралды сұйықтықта еріген зат немесе микроорганизм жасушасының ішіндегі микроорганизмнің өзі, әлде оның метаболиттері саналады. Барлық жағдайда дайын өнімді бөліп алу үшін, культуралды сұйықтықтан микроорганизмдер массасының өлшенген фазасын бөліп алу қажет.
Культуралды сұйықтықтағы микроорганизмдердің құрамы төмен. 1л культуралды сұйықтықтың құрамында 5-10г ҚБ (құрғақ биомасса) болады. Фазаның мұндай мөлшерін бөліп алуда күрделі технологиялық үрдіс жүреді, әр түрлі әдістер қолданылады, барлық уақытта биомассаны концентрлеумен шешіледі (флотирлеу, сепарирлеу, буландыру). Өндірістік жағдайда үлкен көлемде қиын фильтрлеуші суспензияны өңдеуде мол мөлшерде энергияның жұмсалуына әкеліп соқтырады.
Культуралды сұйықтықтан микроорганизм жасушасының биомассасын бөліп алу әдістерін механикалық (центрифугалау, фильтрлеу, тұндыру) және жылу техникалық (кептіру) бөлімдеріне бөлуге болады. Соңғы өнімге байланысты осы әдістің сәйкес келетінін таңдауға болады. Культуралды сұйықтықтағы микроорганизм концентрациясын, биопрепараттың тауарлы формасын ескеріп, концентрлеудің және биомассаны бөліп алудың сызба нұсқасы таңдап алынып, экономика жағынан бағасы беріледі.
Флотирлеу
Азықтық ақуыз өндірісінде ашытқы жасушасын концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады. Орындалу мақсаты культуралды сұйықтық көбіктенгенде ашытқының негізгі массасы ауамен бірге көбікке ауысады, оны культуралды сұйықтықтан бөліп алады. Флотирлеу үрдісі арнайы аппаратта – құрылысы әр түрлі флотаторда жүргізіледі. Биотехнологиялық өндірісте флотатор аппараты қолданылады, бірнеше вариантта орындалады: көлденең конусты, тігінен цилиндрлі, бір сатылы және екі сатылы ішінде стаканы бар болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет