Микробтық ақуыз өндірісі
Ауыл шаруашылық жануарларының рационында нормаға сәйкес әрбір азықтық бірлікке кемінде 110г жарамды ақуыз қажет. Әр түрлі ақуыз қосылысынның барлық уақыттағы синтезіне қажет организмнің тіршілік ету функциясын ұстау үшін жасуша мен ұлпаны тұрғызу керек. Егер көмір қышқылынан, судан, аммиактан және минералды тұздан алынған көптеген микроорганизмдер барлық ақуыз аминқышқылдарын және өсімдікті синтездеуге қабілетті, бірақта адам мен жануарлар кейбір аминқышқылдарын (валин, изолейцин, лейцин, треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофан) синтездей алмайды, мұны алмастырмайтын амин қышқылы деп аталады. Адам ағзасына бұл аминқышқылы тамақпен түсуі қажет және ол ауылшаруашылығы жануарларында бұл аминқышқылының жетіспеуі жануарлар өнімінің төмендеуіне әкеледі.
Адам баласына ең қажетті тамаққа қосылатын алмастырмайтын амин қышқылы – жануарлар мен өсімдік тектес ақуыздар, ал жануарлар үшін - өсімдік тектес ақуыздар жатады. Барлық алмастырмайтын аминқышқылы белгілі қатынаста сол микроорганизмнің қажеттілігін өтейтін тамақ ақуызында құралады. Егерде ақуыз құрамы өсімдік азығында нормадан төмен болса, азықтың шығынынан және жануарлар өнімінің ақуыз санының өзіндік құны алмастырмайтын аминқышқылының препарат түрінде ақуыз қоспасын қосумен алмастырылады, демек орнын басады немесе жоғарғы құрамда ақуыз массасын бірқатар аминқышқылымен салыстырғанда қосылады. Сондай-ақ жоғарғы биологиялық құндылығы бидайдың, күріштің құрамындағы ақуыз және бұршақтың да құрамындағы ақуыз құндылығынан жоғары болады. Бидай дәнінің және арпаның ақуызында лизин, метионин және изолейцин өте төмен, жүгері ақуызында триптофан төмен. Ақуыз және алмастырылмайтын аминқышқылы бойынша мал азығын баланстауда концентрленген ақуыз қоспа комбикорм қолданылады. Оларды дайындау үшін ет, сүйек және балық ұны, ет және сүт өндірісінің қалдықтары, ұнның кебегі, бұршақ тұқымдас культураның шроты қолданылады. Микроорганизмдерді ақуыз және витамин көзі ретінде тамақ өнімі өндірісінде қолдануға үлкен көңіл бөлініп отыр.
Тамақ өнімі өндірісінің технологиясында микроорганизмдерді қолдану экономика жағынан тиімді және перспективті бірқатар факторлар көрсетіледі:
әртүрлі химиялық қосылысты қолдану мүмкіншілігі, соның ішінде микроорганизмді культивирлеу үшін өндіріс қалдықтарын қолдану мүмкіндігі;
ақуыз синтезінің жоғары қарқындылығы;
микрооорганизмді культивирлеу күрделі емес технологиямен тәулік
бойы және жылдың барлық мерзімінде болады;
микроб негізіндегі препаратта және липидте сондай-ақ көмірсуда витаминнің және ақуыздың құрамы жоғары;
өсімдік ақуызымен салыстырғанда алмастырылмайтын аминқышқылының жоғарғы құрамы;
ақуыз және витамин өнімнің бағалылығын жаңарту үшін
микроорганизмнің химиялық құрамына генетикалық әсер ету мүмкіндігі.
Тамақ өнімін дайындау үшін микроб тектес ақуызды қолдану, өсімдіктер мен жануарлар ақуызының жоғары бағалылығын үнемдеуге мүмкіндік жасайды, сондай-ақ дайын өнімдегі биологиялық бағалылығын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |