Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
Ферментация сатысының соңғы өнімі болып, микроорганизм суспензиясын құрайтын культуралды сұйықтық саналады.
Культуралды сұйықтық болып үлкен мөлшерде араласқан күрделі компонент саналады, осының көбісі физико – химиялық қасиетке ие болады. Бірқатар еріген минералды тұздармен қатар көмірсу, ақуыз және басқа органикалық заттар мен жартылай дисперсті коллоидты бөлшектердің белгілі санын культуралды сұйықтық құрайды. Олар көп компонентті ерітінді ғана емес және сонымен қатар суспензия болып табылады, бұл суспензияның дисперсті фазасы микроорганизм жасушасынан және мицелиядан тұрады, сондай-ақ қатты бөлшектен, көбінесе қоректік орта - ұн, жүгері экстрактісіндегі ақуыздан және тағы басқалардан құралады. Культуралды сұйықтықтың сипаттамасының ерекшелігі болып дайын өнімнің салыстырмалы құрамы саналады. Мысалы: ашытқы өндірісіндегі биомасса құрамы 5-10 % құрайды, ал бактериялық препарат өндірісіндегі биомасса құрамы 1-2 % аспайды.
Көбінесе микробиологиялық синтездің дайын өніміне әр түрлі факторлардың әсер етуі дәлелденген және тұрақты емес. Мысалы, ақуызды қыздырғанда сезімталдылығының күштілігі, көптеген физикалық және химиялық фактордың әсері, ортаның рН өзгергіштігі. Дайын өнімді бөлу технологиясын өңдеуде, культуралды сұйықтықтың физико– химиялық қасиетін ескермегенде, оның дайын өнімдегі төменгі концентрациясын ескеру қажет және биопрепараттың дайын тауарлы формасының түрін ескеру керек.
Барлық биопрепараттың тауарлы формасының технологиясы жағынан негізгі үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топта –инактивтелген жасушаның биомассасы негізінде және оның өңделу негізіндегі өнімі, биопрепараттар (азықтық ашытқы, саңырауқұлақ мицелиясы және т.б.).
Екінші топта – микроорганизмнің метаболизмі негізіндегі тазартылған өнім, биопрепараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер және т.б.).
Үшінші топта – микроорганизмнің тіршілік ету қабілеті негізіндегі, препарат (өсімдікті қорғайтын препараттар, бактериалы тыңайтқыштар және азықтықты силостау үшін ашыту т.б.).
Биопрепараттың тауарлы формасын таңдау өнімнің қасиетіне байланысты, қолдануға қолайлылығына, тасымалдауда және сақтауда биологиялық қасиетін сақтауына байланысты және т.б. қарай таңдалады.
Микробиологиялық синтездің дайын өнімі болып микроорганизм биомассасының өзі болуы мүмкін (инактивтелген немесе тірі жасуша), әлде метаболизмнің өнімі культуралды сұйықтықта еріген күйінде немесе жасушаның ішінде болады .
Бірінші топтағы биопрепаратты алу үшін инактивтелген биомассаны бөлу, технологиясы жағынан қарапайым және культуралды сұйықтық концентрленген болып келеді (немесе одан биомасса бөліп алынған) және кептіріледі.
Метоболит негізінде өнімді бөліп алу технологиясына байланысты, культуралды сұйықтықта дайын өнімнің болуы немесе микроорганизм жасушасының ішінде болуы ескеріледі. Бірінші жағдайда осындай әдістер қолданылады, немесе экстракция әдісі қолданылады, немесе жасуша қабырғасын (бұзу) дезинтеграциялаудан кейін дайын өнімді бөліп алады.
Үшінші топтағы биопрепаратты алу үшін тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу (концентрлеу, кептіру) әдісін қолдану, бірақ өндірістің жоғарғы культурасы қажет болмайды.
Дайын өнімді өте жиі бөлуде бір ғана әдісті қолдану мүмкін емес. Сондықтан комбинирленген бірнеше әдістер қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |