Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Тақырып 11,12. Өсімдік шаруашылығын қорғауға арналған микробиологиялық препараттар



бет43/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Лекциялар жинағы

Тақырып 11,12. Өсімдік шаруашылығын қорғауға арналған микробиологиялық препараттар.


Дәріс 21.22. Микробтық патогендер. Бактериалы энтомопатогенді препараттар.
Дәріс 23.24. Энтобактерин алу өндірісінің технологиясы. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар.

Ауылшаруашылығының қарқындап дамуының негізгісі өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және құрттардан қорғау. Зиянды жәндіктермен күресуде бұрыннан химиялық инсектицидтер қолданылады, бірақ оларды ұзақ қолдану кері әсерін тигізеді, өсімдікті химиялық инсектицидтермен залалсыздандыруда зиянды жәндіктермен қатар пайдалы жәндіктерде жойылып кетеді. Олар құстарға, балықтарға және жабайы жануарларға токсинді болып келеді, ал зиянды жәндіктердің бірнеше ұрпағы жалғасқаннан кейін улы заттарға сезімталдығын төмендетеді. Инсектицидтер ұзақ уақыт топырақта жойылмайды және жануарлардың, адамдардың тағамдарына түсуі мүмкін.


Зиянды жәндіктермен күресуде нәтижелі қолданылатын патогенді (улы) микроорганизмдер, олар микробты патогендер деп аталатын – бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар және тағы басқалар. Биологиялық заттардың жәндіктермен күресудегі негізгі әрекеті зиянды жәндіктердің анықталған белгілі түрлерін жою қабілеті. Басқа жәндіктерге, сонымен қатар адамдарға, жануарларға, құстарға олар зиянын тигізбейді. Микробты патогендер, табиғи тіршілік ортасына түскенде биоценоздағы жағымсыз әрекеттерге әкелмейді, топырақты және суды ластамайды. Зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын микроорганизмдерді энтомопатогенді деп атайды (энтомо-грек тілінен аударғанда «насекомос жәндік» дегенді білдіреді).
Энтомопатогенді микроорганизмдер көзделген жәндіктерге жоғары вирулентті болуы керек және басқа тірі организмдерге қауіпсіз болуы керек, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен вируленттілігі ұзақ уақыт сақталу керек, себебі энтомопатогенді препараттардың қажетті қорын шығару үшін қерек. Зиянды жәндіктер көп шығын әкелмес үшін микробты патогендердің әрекетін тез іске асыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет