Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет41/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Лекциялар жинағы

Гаприн өндірісінің технологиясы
Микроорганизмдерді құрамында табиғи газы бар қоректік ортада культивирлеудің технологиялық сызба нұсқасы, сұйық Н-парафиндерде ашытқы биомассасын алу технологиялық сызба нұсқасынан едәуір ерекшеленеді, әсіресе микроорганизмдердің өсу сатысында.
Гаприн алудың технологиялық үрдісі келесі негізгі сатылардан тұрады:
1) Егіс материалын алу;
2) Қоректік тұздардың ерітіндісін дайындау;
3) Табиғи газ бен ауаны (немесе оттегін) дайындау;
4) Фермантация;
5) Бактериалды биомассаны концентрлеу;
6) Биомассаның плазмолизі;
7) Кептіру;
8) Буып түю.
Микроорганизмдерді табиғи газда өсіру өндірісінің үрдісінің ерекшелігі, ферментация үрдісі жоғары қысымда және аппаратқа көміртегі мен оттегінің газ тәрізді көзін беру арқылы жүреді. Сондықтан ферментер герметикалық түрде жабық болады және жарылуға қауіпсіз болуы керек. Сонымен қатар метанды тотықтыратын бактериялардың ферментация үрдісі асептикалық жағдайда жүретіндіктен, ферментерге келетін сұйық және газ тәрізді компоненттерді және құралдар мен коммуникацияларды залалсыздандыру керек.


Егіс материалын алу
Бактерия культурасының –продуцентін өсіру сатысында табиғи газда егіс материалын алу үшін микробиологиялық технологияда дәстүрлі түрде жүретіндермен ажыратылмайды. Өсіру бірнеше ферментерде тізбектеле жүреді, культивирлеудің қолайлы жағдайы сақталып, қоректік ортаның көлемі ұлғаяды. Алынған таза культура жинағышқа келіп түседі, ол жақтан насостың көмегімен ферментерге келіп түседі.


Ферментация үрдісі
Өндірістік ферментерде метанды тотықтыратын бактерияларды үздіксіз культивирлеу үрдісінде өсіру сатысындағы гаприн өндірісінің негізгі технологиялық үрдісі болып саналады.
Табиғи газда қоректік орта арқылы бактерияны өсіру бір рет газ қоспаны жіберу арқылы немесе газды фазаның рециркуляциясының сызба нұсқасы бойынша жіберу арқылы жасалынады.
Бірінші жағдайда метанның ассимиляциялау деңгейі 25% аспайды. Ауаның орнына оттегі пайдаланылатын газды фазаның рециркуляция жүйесінде, ассимиляция деңгейі 85-90%-ке жетеді, бұл метан бойынша және оттегі бойынша 90-95%-ке жетеді.

Егіс материалы


Ауа (оттегі)


Ферментация



Микро
элементтер

Коректік тұздар

Су

Аммиакты су

Табиғи газ


Сепарирлеу





Декантация






Центрифугирлеу
Биотазартуда өңделген культуралды сұйықтық

Плазмолиз



Бу Су


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет