Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет40/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Лекциялар жинағы

Папринді буып түю және қораптау
Папринді буып түю, қораптау және қоймаға жіберу өсімдік шикізатының гидролизатында және сульфидті щелокте азықтық ашытқы өндірісі зауытындағы сияқты жүргізіледі. Бұл кезде қолданылатын әдістердің кемшілігі болып паприн өңдіретін зауыттар үшін қуаттылығының бірнеше есе жоғарылығы. Қорапсыз сақтауға көшіру және түйіршіктелген азықтық ашытқыларды тасымалдауда қораптау кезінде қол еңбегінің болмауы, ақуыз өнімдері өндірісінің одан әрі ұлғаюы қажет шарты болып табылады.
Тақырып 10. Гаприн алу өндірісінің технологиясы


Дәріс 19. Гаприн алу және шикізатқа сипаттама. Гаприн алу өндірісінің негізгі сатылары. Гаприн алуға егіс материалын дайындау.
Дәріс 20. Ферментация процесі. Бактериалды биомассаны концентрлеу. Гапринді кептіру, буып-түю.
Микробиологиялық синтез үшін көміртегі көзі ретінде табиғи газды пайдалану өте маңызды, себебі ол ақуыз өнімдерді азықтық емес шикізаттардан алу проблемаларын шешу.


Шикізатқа сипаттама
Табиғи газдың негізгі компоненті метан CH болып табылады, оның құрамы 94-98% аралығында болады, алынатын, газ шығатын жеріне байланысты. Метаннан басқа табиғи газда белгісіз мөлшерде этан СН6, пропан СН8, бутан СН10, көміртегі диоксиді СО2 және азот N2 қатысады. Метанды сіңіретін (тотықтыратын) микроорганизмдер табиғатта кеңінен таралған. Олар топырақта, өзен мен көл суларында, шахта сулары мен табиғатта кеңінен таралған. Метанды ассимилирлеуге қабілеті бар бактериялар туысы: Mycobacterium, Pseudobacterium, Chromobacterium, Brevibacterium, Bacillus және сонымен қатар тағы басқа микроорганизмдер. Көрсетілген микроорганизмдердің негізгі белгісі көмірсутегінен тек бір көміртегі атомымен барлық жасушалық компоненттерді синтездеу қабілеті бар метан болып саналады. Метан негізінде биосинтезге аралас культураларды пайдалануда үлкен қызығушылық тудыруда. Кейбір таза культуралар метанды тотықтырмайтын бактериялармен қосылып метанды тотықтырады. Аралас культуралар популяциясынан бөлініп алынған және таза культураларға қарағанда, метанды активті ассимилияциялайды. Табиғи газда культивирлеу арқылы алынған бактерия биомассасы тазалығы жоғарғы деңгейде ерекшеленеді және сапасы бойынша көмірсулар мен Н-парафиндерден алынған азықтық ашытқылардан кем емес. Оның құрамында 65% ақуыз бар, жануарлардың организміне қажет барлық аминқышқылдары және В тобындағы витаминдер бар.
Микроорганизмдерді табиғи газда культивирлеу арқылы алынған ақуыз өнімі гаприн деп аталады. Табиғи газдың мол қоры, оның арзандығы, тиімділігі микробиологиялық синтез үшін ең тиімді көміртегі көзі болып саналады. Бірақ табиғи газ негізінде азықтық ақуыз өндіру технологиясын жасауда күрделі техникалық қиындықтарды тудырады, ол негізгі қоректік зат құрамынды метан мен оттегі – газдардың болуына байланысты. Метан культуралды сұйықтықта нашар ериді (максимум 0,02 г/л), микроорганизмдер метанда баяу өседі, олардың өсуін Н-парафинде культивирлеумен салыстырғанда 2,5 есе артық оттегі қажет. Сондықтан микроорганизмдерді өсіруге арналған аппараттарда қарқынды зат алмасу үрдісін қамтамасыз ету керек. Метанның ауамен қосылуда қоспаның оптимальды концентрациясын таңдауда, мұндай қоспаның жарылу қаупінің бар екендігін ескеру керек. Метанның жарылу қауіптілігі бар концентрациясының ауадағы аумағы 5-15%, ал оттегінде 6-60%. Метанды ассимиляциялайтын микроорганизмдер – бұл бактериялар, олардың жасушаларының өлшемі бойынша ашытқы жасушаларынан кіші, ол микроорганизмдер биомассасын культуралды сұйықтықтан бөліп алу сатысында қосымша қиындықтарды туғызады. Метанды тотықтыратын микроорганизмдердің өсуі үшін, қоректік ортаның құрамына азот көзі, фосфор, микроэлементтер және тағы басқада қоректік заттар кіруі керек. Метанды тотықтыратын бактериялар әр түрлі азот қосылыстары бар азотты тұтынуын қанағаттандырады: нитраттар, аммоний тұздары, аммиак, мочевина және де органикалық азот көзі (пептон, аминқышқылдары) арқылы толықтырылады. Бактериялардың кейбір түрлері атмосфералық азотты сіңіреді. Микроорганизмдерді метанда культивирлеуде фосфор көзі ретінде әртүрлі фосфор қышқылының тұздары атқарады.
Микроорганизмдердің өсуін қолдайтын микроэлементтер құбырдағы судың құрамында, тұздардың ерітіндісінде болады, ал олар қоректік орта құрамына кіреді. Алайда қоректік ортаға кейбір микроэлементтерді енгізу, метанды тотықтыратын бактериялардың тіршілік етуіне жағымды әсер етеді. Гаприн өндірісінде қоректік тұздар мен микроэлементтердің ерітіндісін дайындау, азықтық ашытқы мен паприн өндірісінде тұздардың ерітіндісін дайындау ерекшеленеді, демек дайын ерітінділер залалсызданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет