Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет14/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Лаб

Жұмысты орындау әдісі


Материалдар және құрал-жабдықтар.

Конусты колба, азықтық ашытқы, экстракциялық қоспа, шайқағыш, қабаттап бүктелген фильтр, түбі дөңгелек колба, пропанол, араластырылған тұз қышқылы




Жұмыстың орындалуы

Қазіргі кезде липид өндірісінің жаңа алынатын көздері іздестірілуде. Липид алынатын көзі болып микроорганизмдер саналады, олар өзінің ерекшелігіне қарай спирт, қышқыл, витамин, ақуыз және т.б. өндірісінде қолданылуға ұсынылады. Арзан шикізатта мелассада жаңа қосымша қоры микробтық май алу ашылды.


Сыйымдылығы 750 мл конусты құрғақ колбаға 0,01 дәлдікте дейін өлшенген азықтық ашытқының 10г салады. Одан кейін 100 мл алдын ала дайындалған экстракционды қоспаны қосады,(75% петролейн эфирі, 20% пропанол, 5% дистилденген су), колбаны мақта тығынмен жауып, оны тербелмелі шайқағышқа қояды және 35-40°С температурада 1,5-2 сағат майды экстракциялайды.
Экстракция аяқталғаннан кейін колбаны тербелмелі шайқағыштан алып, таза 250 мл түбі дөңгелек колбаға қабатталған фильтр арқылы фильтрлейді. Биомассаның қалдықтары тербелмелі шайқағыштан алынған колбадан 30мл экстракциялы қоспамен фильтрлеп жуылады.
Ерітіндіден майларды бөлу, вакуум астында еріткіштің роторлы қабықша буландырғышта айдаудың көмегімен жүргізіледі, су төгіліп тұратын насосты құрумен жүргізеді .
Еріткіштерді айдап болғаннан кейін биомайы бар түбі дөңгелек колбаны қондырғыдан ажыратьш алып, кептіргіш шкафқа алдын ала 105°С температураға 30-40 минут еріткіштерді толығымен бөлу үшін қояды. Одан кейін колбаны эксикаторда салқындатады, аналитикалық таразыда 0,002 г дәлдіке дейін өлшейді және экстракцияланған майлардың санын анықтайды.
Экстракциялаудан және фильтрлеуден кейін қалған биошротты фильтрмен бірге Петри табақшасына орналастырады, кептіргіш шкафта 1050С температурада 1,5-2 сағат кептіреді, эксикаторда салқындатады, биошротты 0,01 г дәлдікте дейін өлшейді және экстракция процесінің материалдық балансын тұрғызады. Параллельно биомассада қышқыл гидролизді қолданып липидтің құрамын анықтауды жүргізеді. Ол үшін 100 мл колбаға 2 г азықтық ашытқыны салады, оны алдын ала экстракцияға қолданылатын партиядан 0,001г дәлдікке дейін өлшейді. Колбаға 2-3 мл пропанолды қосады, 10 мл (2÷1) қатынаста араластырылған тұз қышқылын мұқият араластырып қосылады. Колбаны кері тоңазытқышпен қосады және реакциялық қоспаны су моншасында 75°С температураға 1 сағатқа қыздырады. Содан кейін кері тоңазытқыш арқылы колбаға 10 мл пропанолды қосады, колбаны моншадан алып, суытуға қалдырады.
Суытқаннан кейін колбадағыны бөлгіш воронкаға құяды, колба қабырғасындағы гидролизат қалдықтарын 20 мл диэтил эфирімен жуады. Воронкадағы қоспаны 1 минут сілкиді, сосын 20 мл петролейн эфирін қосады және қоспаны қайтадан 1 минут сілкілейді.Қабатталудан кейін қышқыл қабатын алып тастайды, оны қайтадан түбі дөңгелек колбаға құяды, ал эфир қабаттын таза бөлгіш воронкасына құяды. Қышқыл қабатының экстракциясын тағы екі рет жүргізеді, әр экстракция үшін 15 мл диэтил эфирі және 15 мл петролейн эфирі қолданылады. Экстракция аяқталғаннан кейін реакциялық қоспаны канализацияға жібереді төгеді, ал эфирлі экстрактпен біріккенді екі рет бөлгіш воронкамен 20 мл дистиллденген сумен жуады, сөйтіп қоспаны 30-40 секунт сілкілейді. Сыйымдылығы 100 мл түбі дөңгелек колбаға алдын ала 0,0002 г дәлдіке дейін өлшенгенді, эфирлі экстракт қабатталған фильтр қағаз арқылы фильтрлейді . Фильтрді жоғарғы шетінен бастап 40 мл қоспамен (диэтил эфирін және петролейн эфирін (1:1) қатынаста) жуады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет