Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын анықтау. Құрғақ биомассаны анықтау



бет2/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Лаб

Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын анықтау. Құрғақ биомассаны анықтау.
Жұмыстың мақсаты

Азықтық ақуыздар, шикізаты, қолданылатын негізгі аймақтармен танысу және азықтық микробты ақуызды өндіруге керекті шикізаттармен танысу, ақуызды микробты препаратгың бағалалығын көрсету, азықтық ашытқыларды түптік культивирлеу әдісін меңгеру, ашытқыштарды өсіру жылдамдығына әсер ететін қоректік орта құрамының әсерін зерттеу. Іс жүзінде анықтауды үйрену және ашытқының құрғақ биомассасының ылғалдылығын және күлділігінің құрамын формула бойынша анықтау.микроорганизм суспензиясын кептіру процесінің технологиясымен танысу, және кептіру процесін бақылаумен, реттеумен және бұл сатыдағы ауа-газ тастандыларын тазарту технологиясымен танысу.




Теориялық негіздері

Биотехнологияның ең маңызды тапсырмаларының бірі - бұл ауылшаруашылығын микробтық ақуыз азығымен қамтамасыз ету. Мал шарушылығы және құс шаруашылығы азықтық ақуызға қажеттілігін қамтамасыз етеді, негізінен өсімдік шаруашылығы арқылы орындалады. Бағалы өсімдік бидай культурасына, картопқа, азықтық шөптер сияқты шикізаттарға тек қана жетілген ақуыздар витаминдерді және мироэлементтерді қосу барысында колдану тиімді болады. Өсімдік азығы құрамының сапасын жақсарту үшін, оларға балықтың немесе етсүйек ұнын, майсыздандырылған сүтті, өнімнің сығындысые қосу арқылы орындалады. Бірақ, бұл ақуыз қосылыстар өндірілетін мөлшері мал шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырмайды. Дүние жүзінің барлық елдерінде азықтық ақуыздың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан микробтық ақуыз өндіру ең маңызды мәселені шешу.


Азықтық ақуыз өнімдерінің шикізатты үшін қолдануыға байланысты келесі тауарлар қолданылады:
1. Азықтық ашытқы немесе гиприн өсімдік шикізатының немесе сульфитті сілтілердің гидролизатынан алады.
2. Азықтық ашытқы, ақуызды-витаминді концентрат (АВК)
немесе паприн мұнай парафиндеріндс алады.
3. Гаприн - табиғи газда алады.
4. Меприн - метил спиртінде алады.
5. Эприн - этил спиртінде алады.
Азықтық ашытқылар - бұл белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілетін микроорганизм биомассасы, биологиялық жетілген азықтық. Ақуыз көзі болып витаминдер мен минерлды заттар саналады. Протеиннің құрамы 52-55% дейін жетеді, сонымен қатар ауыстырылмайтын микробты ақуызды аминқышқылдары құрамы жағынан жануарлардың ақуызына ұқсас. Азықтық ашытқылардың құрамында витаминдердің В тобы, жануар ағзасындағы ақуызға микробты ақуыз айырбасталмайтын аминқышылына өте жақын болады. Витаминдердің В тобы жануарлар ағзасында ақуыздық алмасуға оң көрсетіш білдіреді. Сонымен бірге азықтық ашытқыларға эргостерин қатысады, оны УФ – сәулесімен сәулелендірілген кезде оңай Д2 витаминіне айналады. Азықтық ашытқыларда жануарларға және құстарға пайдалы макро- және микроэлементтер бар: фосфор, калий, кальций, темір, магний, натрий, күкірт, марганец және тағы басқалар құрайды.
Орташа құрғақ ашытқыларды тәулігіне қолданудың мөлшері шамамен 1 г жануардың тірі массасының 1 кг тең.
Күлділік құрамын анықтау дайын өнімді (азықтық биомасса) тұрақты массаға жеткенше фарфор тигелде муфельді печте 5500С температурада күйдірген (күлдің) қалдығына негізделген.
Құрамының ылғалдылығын анықтау дайын өнімді (азықтық биомасса) кептіргіш шкафта бюкісте 1500С температурада салмағы тұрақты массаға жеткенше кептіруге негізделген.
Азықтық ашытқыны өндіру процессіне микробиология технологияның барлық негізгі сатылары кіреді:
1. Eric материалын алу.
2. Коректік ортаны дайындау.
3. Ферментация (культивирлеу).
4. Ашытқыларды концентрлеу.
5. Плазмолиз.
6. Кептіру.
7. Буып-түю.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет