Жұмыстың орындалуы
Анабиоз күйінен қалпына келтіру үшін М-17 штаммының Е.Соlі лиофилизденген культурасының 0,1г Залалсызданған жағдайда 50 мл салады.Ортаның құрамы :
1 Орта 2 Орта
Залалсызданған сүт -98% Ет-пептонды сорпа - 98%
Желатин - 2 % Желатин - 2%
рН - 7,2 ÷8 рН - 7,2 ÷8
6-7 сағат бойы термостатта 37°С температурада 100 мл-лік колбада мақта тығынмен жабылған колбаларда инкубирлейді.Содан соң бактерия суспензиясын құрамында 300 мл 1 немесе 2 ортасы бар 500 мл-лік Залалсызданған колбаларға қайта ауыстырады және 37°С температурада 6-10 сағат бойы сілкігіште араластырады және аэрациялау жағдайында инкубациялайды. Культивирлеу аяқталғаннан кейін жұғынды дайындалады, оны фуксинмен бояйды және микроскоптың астында Е.Соlі жасушаларының санын есептейді. Алынған суспензияның құрамында 1 мл-де 35-40 млрд.тірі бактериялар болу керек.
Қосымша ақпарат. 1.Өндірістік жағдайларда дайын препаратгы алу үшін бактерия суспензиясына 10 % сахарозаны қосады, лиофилизациялауды жоғарғы вакуумды (5·10-3 мм.сын.бағ. дейін) сублимациялы камерада жүргізеді және соңғы өнімнің қалдықтық ьшғалдылығы 2 ÷4 % болады.
Таблеткалау үшін құрғақ жартылай фабрикатқа лактозаның (2%), медициналық тальктің (2 % дейін),кальций немесе магний стератын (1 % дейін) қосады.
Колибактеринді ауа мен ылғал кірмейтіндей етіп препараттың бұзылмауын қамтамасыз ететін қорапқа буып-түйеді. Құрғақ колибактериннің мөлшерінің құрамында 10 млрд. кем емес тірі микробтық жасушалар болуы керек.
2 Вариант. Лактобактерин өндірісі үшін лактобактерияны культивирлеу.
Сүт қышқылы бактериясына сәйкес лиофилизденген культура лактобактерин (Lactobacillus fermenti және L.plantarum) ампулаланған, флакондарға құйылған буын-түйілген немесе таблеткаланған болып табылады. Ол, патогенді энтеробактерияларға, гемолитикалық стафилококқа, протеяға және тағы басқа дизентерия қоздырғыштарға жоғары антагонисттік белсенділікке ие. Одан басқада, сүт қышқылы бактериялары витаминдер мен аминқышқыдары, соның ішінде алмастырылмайтын аминқышқылдарының пайда болуына қатысады. Олардың жақсы қасиеттері болып антибиотиктерге төзімділігі саналады. Лактобактеринді пайдалануда жағымсыз жақтары болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |