Теориялық негіздері
Адамның организмі және оны қоршаған орта экологиялық жүйе болып табылады, онда ең үлкен физиологиялық рөлі адамның микробтары - симбионттары жатады. Көптеген сыртқы факторлардың құрамымен салыстырғанда тұрақты болып келетін микрофлораға әсер етеді. Олардың әсерімен, әсіресе антибиотиктерді, химиятерапиялық дәрілерді қолданған кезде, ауыз қуысының, терінің және ішек микрофлорасының құрамының бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде ішек дисбактериозды (стафилококкты, протейді, кандидозды және тағы басқа) микроорганимздердің қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкелетін қауіпті ауруларды болдырады.Қалыпты микрофлораның құрамындағы өзгерістермен байланысқан аурудың дамуының негізгі себебі, организмнің иммунологиялық гомеостазасының механизмдерінің бұзылуынан құралады. Сонымен қатар, дисбактериоз кезіндегі ішекте орналасқан антибиотикті-резистентті микроорганизмдер (ішек таяқшалары, стафилококктар, Candida тұқымдас ашытқылар және тағы басқа) қалыпты микрофлорадан зат алмасуы бойынша ерекшеленеді және қалыпты микрофлораға тән көптеген маңызды функцияларды атқара алмайды.
Ішек микрофлорасындағы кең таралған өзгерістермен байланысты және дисбактериоздың патологиялық жағдайларымен байланысты белгілі бір аурулар тобы пайда болады, оларда жалпы қабылданған дәрілік препараттар қалыпты микрофлораны қалпына келтіре алмайды. Бұл жағдайларда қалыпты ішек микрофлорасының тірі микробтарынан алынған препараттарды қолдану әдісі комплексті емдік дәрілер бактериотерапия үлкен маңызды рөл атқарады.
Жұмысты орындау әдісі
Жұмыс оқытушының тапсырмасы бойынша бірнеше вариантпен
орындалады
1 Вариант. Колибактерин өндірісі үшін ішек таяқшасын культивирлеу. Құрғақ колибактерин ампулаларға, флакондарға буып түйілген немесе таблеткаланған, ішек таяқшасының М-17 штаммының лиофилизденген тірі культурасы болып табылады. Колибактеринді пайдаланудың жағымсыз жақтары жоқ.
Материалдар және құрал-жабдықтар.Лиофилизденген тірі Е.Соlі культурасы, 100 мл, 500 мл колбалар, пробиркалар, культивирлеуге арналған сілкігіш қондырғы, заттық және жабын әйнектер, фуксин, микробиологиялық ілмешектер, спиртовка, желатин, жаңадан жасалған ет-пептонды сорпа, казеин немесе сүт.
Достарыңызбен бөлісу: |