Жұмысты орындау әдісі
Материалдар мен құрал жабдықтар. Бұршақ сорпасы бар пробиркалар, ЕПА және бұршақты агары бар пробиркалар, бұршақты агары бар қисық косягындағы түйнек бактерияларының таза культурасы, 0,5 л сүт бөтелкесі, топырақ немесе торф, спиртовка, микробиологиялық ілмешек, Залалсыздалған дистилденген суы бар колбалар, 1 мл Залалсыздалған пипеткалар, Залалсыздалған Петри табақшасы, таразы, скальпель, Залалсыздалған заттық шыны.Егілген табақшаны термостатқа 300 С температураға 3 күнге қояды.Содан соң 1г. ризоторфиндегі бөгде микроорганизмнің құрамын анықтайды.
Жұмыстың орындалуы
Ризоторфинді дайындау.Құнарлы (немесе) топырақты немесе торфты 0,5 л бөтелкеге салады, субстраттың толық ылғалдылығын 30-40 % дейін ылғалдайды, және 2 атм қысымда автоклавта 2 сағат Залалсыздайды. Бактериялардың споралы формаларын жою үшін қатаң Залалсыздау керек. Түйнек бактерияларының культураларын параллель өсіреді. Бұл үшін активті түйнектен алынған түйнек бактериясының таза культурасын бұршақ сорпасы бар пробиркаға егеді және 25-28С° температурада термостатқа культивирлеуге қояды, ЖТБ (люпиндер, соялар, арахистер) - 10-12 тәулік, ТТБ (фасольдер, жоңыршқалар, бұршақтар) — 4-6 тәулік. Түйнек бактериясының культурасын бөтелкеге Залалсыздандырылған субстратпен бірге салады. Жоғарыда көрсетілгендей бактериялардың көбеюі үшін бөтелкелерді термостатқа қояды.
Ризоторфин сапасын анықтау
1.Түйнек бактерияларының мөлшерін анықтау. Залалсыздандықты сақтай отырып, заттық әйнекке 10 гр ризоторфинді өлшеп және 90 мл Залалсыздалған дистильденген сумен бірге №1 колбаға ауыстырады. Колбадағы құрамды 5 минут жақсылап шайқайды, сосын 1мл. түйнек бактерияларының мөлшерін анықтау үшін Залалсыздығын сақтай отырып, пипеткамен 1 мл суспензияны алып № 2 колбаға ауыстырады. дистильденген су бар № 2 колбада 100 мл. көбеюін жасайды, сосын осылай №3 колбаға сосын №4 колбаға көбеюін жасайды. (көбеюі 105 және 107) ТТБ құрамындағыны 106 және 107 көбейтеді, ЖТБ – 105 және 106 көбеюін анықтайды.Залалсыздандықты сақтай отырып, сәйкес көбеюден соң 1 мл суспензияны алып, 2-3 параллель Петри табақшасына егеді, сосын балқытылған және 40 С°температураға дейін салқындатылған бұршақ агарлы қабатын жұқалап Петри табақшасына айналдыра отырып құяды, құрамын жақсылап араластырады. Егісі бар Петри табақшасын температурасы 28-30 С° термостатқа қояды: ТТБ үшін 4-6 тәулік, ЖТБ үшін 9-10 тәулік. Әрмен қарай Петри табақшасының агарлы пластинасында өскен колониялар санын санайды. Өзіне тән көбеюіне қарай колониялардан орташа санмен 1 гр ризоторфиндегі түйнек бактериясының мөлшерін шығарады.
2. Ризоторфиндегі бөгде микроорганизм құрамын анықтау. Ризоторфин құрамында көгергендер (плесень) мен актиномицеттер болмау керек. Бөгде бактериялардың мөлшері ТТБ -ның оның жалпы санынан 3 %, ЖТБ санынан 7 %-тен аспауы керек. Бөгде микрофлора мөлшері түйнек бактерияларын анықтағанда параллель есептеледі. Залалсыздандықты сақтай отырып,сол көбейткендерден 1 мл суспензияны пипеткамен алып, Петри табақшасына егеді және ЕПА құяды. Егісі бар табақшаны 28-ЗО С0 температураға термостатқа 2-3 күнге қояды, сосын 1 гр ризоторфиндегі бөгде микроорганизмді анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |