Мембраналық фильтрлер
Ауаға бактериологиялық зерттеу жасау үшін залалсыздалған және №4 кептірілген мембраналы фильтр қолданылады. Ауа үрлегіштің көмегімен фильтр арқылы ауаны сорады. Мембраналы фильтр жақсы кептірілген болуы керек, ылғалды және сулы фильтрге іс жүзінде ауа өте алатын болуы керек. Мембраналық фильтр әдісінің артықшылығы болып оның ықшамдылығы және үлкен көлемде ауа онда микроорганизмдермен концентрлеу мүмкіндігі саналады. Мембраналы фильтр қыс мерзімінде атмосфералы ауаны зерттеуге қолданылады. Ауадағы вирусты табу үшін осы аспапты қолдану қолайлы, сұйық ұстағыш ортада вирусты аэрозолды ұстау іске асырылады. Қойылған мақсатқа байланысты ауа микрофлорасын зерттеу және сынама алу үшін мкроорганизмнің санитарлы – көрсеткіші және патогенді немесе шартты – патогенді микроорганизмдердің құрамымен жүргізілетін жалпы бактериялық ауаның көбеюін анықтаумен жүреді. Ауа сынамасын отырған немесе тұрған адамның тыныс алуынан бөліп алады.
Тапсырма
Лабораториялық бөлмедегі ауадан микроорганизмдердің құрамын седиментация әдісімен және Кротов аппаратының көмегімен анықтау.
ІІІ Вариант. Микробиологиялық әдіспен тамақ өнімін және басқа қатты өнімдерді зерттеу
Сынама алу ережесі, оларды зерттеу әдісі және сапасының нормаға сәйкестігі МЕСТ сериясымен немесе басқа нормативті – техникалық құжаттармен регламентеледі.
Материалдар және құрал – жабдықтар
Гомогенизатор немесе залалсыздалған келі, залалсыздалған су құбырындағы су немесе NaCl изотоникалық ертіндісі, бикарбонат натрийдің залалсыздалған ертіндісі, ЕПА мен Петри табақшасы.
Жұмысты жасау барысы
Ауаны залалсыздандырудың және тазартудың принципиалды технологиялық сызба нұсқасы суретте келтірілген. Атмосфералық ауаны шаңнан және оны сығылған ауадан тазарту бірінші сатыда тұр. Атмосферадағы ауаны алдын ала тазарту 1 - фильтр арқылы 2 - компрессорға келіп түседі, онда қажет қысымға дейін (350-500 кПа) сығылады. Биотехнологиялық өндірістерде ауаны сығуда көбінесе құбырлы компрессор немесе поршенді компрессор қолданылады. Сығылған ауаны екінші сатыда оптимальды термодинамикалық жағдайда ұстауы қажет. Сығылған ауа 100-2000С –температураға дейін қыздырылады, сондықтан оны жылу алмастырғышта 3-тен 25-300С температураға дейін салқындатады. Сығылған ауаны салқындатқанда атмосферадағы ылғал ауа конденсирленіп 4 - ылғал бөлгіште бөлінеді. Су бөлінгеннен кейін 5 - қыздырғыш – жылу алмастырғышта қыздырылады. Одан әрмен қарай ауа 6 - басты фильтрге келіп түседі, оның оптимальды ылғалдылығын және температурасын ұстап тұрады. Осы фильтрде ауаны салқынмен залалсыздандырады. Микроорганизмнің жасушалары және шаңның бөлшектері бөлінеді. Үшінші сатыда 7- жеке фильтрде ауаны соңына дейін тазалау және залалсыздандыру іске асырылады.
1-алдын – ала тазарту фильтрі; 2-құбырлы компрессор; 3-жылу алмастырғыш салқындатқыш; 4-ылғал бөлгіш; 5-жылу алмастырғыш-қыздырғыш; 6-басты фильтр;
7- жеке фильтр.
1 сурет. Ауаны залалсыздандырудың және тазартудың технологиялық
сызба нұсқасы
Ауаны тазартуды бақылау процесі. Ауаны тазарту және залалсыздандыру жүйесінде бақылау және реттеу үрдісі үшін арнайы қондырғы орнатылады. Ауаның температурасы 3 тоңазытқыштан шыққанда, кіргенде бақыланады, 5 қыздырғаннан кейінгі ауаның ылғалдылығы мен температурасы анықталады.
Автоматты бақылау және ауаның параметрлерін реттеу және жұмыс істеу принциптері келесідей, 6 басты фильтрге кіретін жерде температураның көрсеткішін тіркейтін аспап, ал арнайы реттегіш 5 қыздырғышта будың берілуін өзгертеді, олай болса ауаның температурасы регламент бойынша сәйкес келеді.
Фильтрдің жұмыс істеуін бақылау тиімді, АЗ-3 және АЗ-5 түрлері шаңданған ауаның тазарғанын анализ жасап жазып отырады. Аспап жоғары сезімділікке ие (өлшемі 0,3 мкм болатын 1м3-те 2-3 мың бөлшектер). Фильтрлермен ауа өткізгіш құбырларды залалсыздандыру үшін өткір бу қолданылады. Фильтрлеуші элементке будың қысымын төмендету үшін, фильтрге екі жағынан шығатын және кіретін ауа өткізгіш құбырға бу беріледі. 1200С температурада таза және құрғақ бу берілуі керек, қысымын тұрақты ұстап отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |