Бақылау сұрақтар
1. Асептикалық жағдайда культивирлеуде не түсіндіріледі ?
2. Микробиологиялық синтез технологясындағы негізгі талаптың бірі.
3. Залалсыздау дегеніміз не?
4. Судың сынамасын таңдауды қалай іске асырады ?
5. Ауа микрофлорасында және судың экожүйесінде қандай
микроорганизмдер табылған ?
6. Ауаны микробиологиялық зерттеу әдісі және аспабы.
7. Ауаның микроб санын есептеу үшін қандай формула қолданылады?
8. Жалпы өнімнің көбеюін қалай есептейді?
№ 3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Микробиологиялық синтездеуге шикізаттың сапасын анықтау
Жұмыстың мақсаты
Шикізаттың түрін және оған қойылатын талаптарды зерттеу және шикізат сапасын (тұқымдануын) анықтау әдістерін меңгеру.
Теориялық негіздері
Биотехнологиялық өндірістерде қолданылатын шикізаттарға бірқатар талаптар қойылады:
ол қажет өнімнің түзелуін қамтамасыз етуі қажет.
орта өзіне сәйкес болуы керек (арзан өнімдер үшін , ал қымбат
өнімдер үшін қымбат орта болады)
қоректік орта өнімнің жеңіл бөлінуін қамтамасыз ету керек.
орта улы болмауы қажет, қоршаған ортаға зияны тимеуі керек.
Ферментация үшін қолданылатын шикізат ең алдымен қоректік ортаның формалану мәселесін шешуі керек, бұл жерде микроорганизмдердің өсуі үшін биомассаға қажетті элементтер болуы керек, қоректік орта сонымен қатар, микроорганизмдердің қоректенетін ортасы болып саналады. Микроорганизмдердің биомассасының элементтік құрамы 95-96% жасушаның құрғақ массасынан құралатын ең басты негізі элементтер. Бұл, көміртегі (50%), сутегі (8%), оттегі (20%), азот ( 14%), фосфор (3%) және күкірт (1%). Бұлардан басқа жасуша құрамында 3-4% макроэлементтер болады-калий (1% дейін), натрий (1% дейін), (кальций 0,5), магний (0,5%) және темір (0,2%-ға дейін) болады. Олардың биомассадағы мөлшері салыстырмалы түрде қарағанда жоғары. Микроэлементтер биомассаға қажет мөлшерде енді ( жалпы 0,3% дейін), соның ішінде марганец, кобальт, мыс, молибден, мырыш, бор т.б. Бұл элементтердің концентрациясының жоғарылауы, микоорганизмдердің өсуіне ингибирлік әсер етуіне, бірақ бұларсыз поцесс жүрмейді.
Дәрумендер көптеген микоорганизмдердің өсуі үшін өте қажет – ауксогетеротрофтар олар өздігінен синтезделе алмайды. Көбінесе В – тобының дәрумендері өте қажет – тиамин, никотин қышқылы, пантотен қышқылы, пиридоксин, инозит және биотин. Бірақ, дәрумендердің аз мөлшері қолданылады ( 1 литр ортаға миллиграмның мыңнан бір бөлігі) олар көбінесе табиғи шикізатта болады.Микроорганизмдер қоректенуді іртүрлң тұтынады.Олар физиологиясына қарай бөлініп қоректік ортаның негізгі рецепті болып саналады. Әмбебап орта болмайды.
Ортаның физикалық жағдайына қарай бірнеше түрге бөлінеді: қатты (агар-агар, желатин т.б.) сұйық және сусымалы (ылғалды кебектер,сабан, ағаш ұнтақтары).
Құрамына қарай, орталар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи орталар өсімдіктің және жануарлардың өнімдерінен тұрады, олар күрделі және құрамы жөнінен тұрақсыз болып келеді.
Жасанды орталар белгілі бір химиялық қосылыстардан тұрады. әдетте аз заттардан тұрады. Олар қымбат тұрады, бірақ өнімділігі аз болады. Бұл орталарға макро және микро элементтерді және дәрумендерді қосады.
Шикізат дегеніміз- құрамында белгілі бір нақтылы заты бар, таза немесе комплексті заттар, олар қажет қоректік заттарды құрайды. Олар тез табылатын, арзан, құрамында улы заттар болмауы керек. Сондықтан, қолданылатын әрбір шикізаттың (әсіресе табиғи түрі) өзінің сапасын анықтайтын стандартты болуы керек.
Су - өзінің массасы жөнінен ең маңызды әрі арзан шикізат болып табылады. 1 мл судағы жалпы микроорганизмдердің саны 100-ден аспауы керек. Биотехнологиялық өндірістерде су тек қоректік ортаны дауындау үшін ғана емес, салқындату үшін аппараттарды жуу үшін қолданылады. Биотехнологиялық өндірістерде таза судың үлкен көлемін қажет етеді. Мысалы: нан ашытқысы өндірісінде 1т ашытқыны өндіру үшін 150-180м3 су жұмсалады
Қоректік ортаны дайындау үшін су құбырынан немесе ашық су қоймасынан алынған су өзіне тән өңдеулер жасалғаннан кейін суды қолданады. Су биологиялық таза, түссіз, дәмсіз және иіссіз, құрамында тұнба болмауы керек. Судың құрғақ қалдығы 1000 мг/л жоғары болмауы керек, жалпы тұтқырлығы 7 мг-экв/л көп болмауы керек. Өте тұтқыр су микроорганизмнің өсуін баяулатады. Судағы зиянды қоспалардың құрамы келесі мәндерден көп болмауы керек, мг/л:
Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0
Мышьяк - 0,05
Мыс - 3,0
Фтор - 1,5
Достарыңызбен бөлісу: |