Бақылау сұрақтар
Қоректік ортада қандай қажет элементтер болады?
Шикізатты көбейтудің микроскопиялық әдістері
Қант ерітіндісіндегі таза қантты рефрактометрмен анықтау
Қоректік ортаны микробиологиялық зерттеу үшін қандай аспаптар мен әдістер қолданылады?
№ 4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Азықтық биомассадан липидтерді экстракциялап алу
Жұмыстың мақсаты
Еріткіштердің көмегімен азықтық биомассадан майларды экстракциялап бөліп алу және олардың дайын өніміндегі мөлшерін анықтау және лабораториялық жаңалықтарды меңгеріп экстракция жүргізу
Теориялық негіздері
Микробиологиялық синтез тәсілімен микроорганизмдерді арзан және қолайлы шикізатта өсірудің көмегімен экономикалық жағынан халық шаруашылығына тиімді өнімдерді алуға болады.
Қазіргі кезде липид өндірісінің жаңа алынатын көздері іздестірілуде.
Липид барлық микроорганизмдерге қатысады, әсіресе қарқынды липидтің жиналуына қабілетті.
Микроорганизм жасушасындағы майлар аса маңызды функцияны атқарады және әдетте майлардың мөлшері және құрамы микроорганизмдер үшін ерекше болып табылады.
Көміртегі көзі липид түзу үрдісіне ғана емес, сондай-ақ оның құрамына да әсер етеді. Липид синтезіне қоректік ортадағы көміртегі мен азот қосылысы да айтарлықтай әсер етеді.
Азот концентрациясының бірден жоғарылап кетуі микроорганизмдердің липид түзу қасиетін төмендетеді, ал азот көзінің жетіспеуі жасушада липидтердің құрамының көбейіп кетуіне әкеліп соғады. Микроорганизмдердің өсуі және липид түзуші үрдістің жылдамдығы, сондай-ақ минералды азық көзіне де байланысты.
Микроорганизмдердің өсуі және липидтердің жиналуына минералды тұздардың ішіндегі ең көп әсер ететіні фосфат болып табылады, фосфордың артық болуы ақуыз синтезінің жоғарылауына әкеліп соғады, ал фосфордың жетіспеушілігі ортада липидтің түзілуін арттырады.
Микробтық майлардың жалпы саны жасушаның құрғақ затында 1-50 % массаға дейін ауытқиды, азотқа кедей коректік ортада немесе көмірсулы ортада культивирлегенде жоғары мәнге жетеді. Бұдан басқада культивирлеу шарты және синтезделетін майлардың құрамына едәуір дәрежеде әсер етеді. Әртүрлі субстраттарда микроорганизмдерді культивирлеу процесі кезінде майлардың барлық кластарын алуға болады.
-жай майлар ( бейтарап майлар, балауыз)
-күрделі майлар (фосфолипидтер, гликолипидтер)
- майлардың туындылары (май қышқылдары, спирттер, көмертегі (сутегі, К,Е, витаминдері).
Микроорганизмдердің майларын бөліп алғаннан кейін және өндеуден кейін қолдану сәтті болады, доңғалақ, бояу, лак, химико-фармацевтикалық, медициналық, металлургиялық және тағы басқада өнеркәсіптің салаларында азықтық үшін қолданылады.
Өндірісте микробтық майларды ашытқының жасуша қабырғасынан экстракциялау әдісімен бөліп алады, өсімдік шикізаты гидролизатынан немесе мұнай көмірсуынан культивирлеумен алады.
Экстракция бөлімінің ішінде экстракциялау процесін жүргізуге арналған қондырғы және ертіндіні регенерациялау сатылары да кіреді. Экстракциялау процесі кезінде параллель екі бағалы өнім алынады: майсызданған микробтық биомасса (биошрот) және майлар (биомай). Құрлысы әртүрлі экстракторда жоғарғы температурада ашытқы жасушаларынан майларды бөліп алу, селективті еріткіштердің көмегімен жүргізіледі. Биошрот экстрактордан десольвенторға келіп түседі, сол жерде өткір будың және (90°С) жоғары температураның әсерінен майсызданған биомассадан еріткіштің қалдықтары бөлінеді. Десольвентордан шығарылған биошрот дайын өнім болып табылады және содан соң буып түю сатыларына жіберіледі. Еріткіштегі биомайдың концентрлі ерітіндісі дистилляцияға беріледі 2-3 колонна қосылады. Дайын биомай қоймаға немесе қосымша компоненттерден бөліп алу мақсатында, әрмен қарай өндеуге жіберіледі. Десольвенторда және дистилляторда бөлінген еріткіш регенерациядан кейін экстракторға қайта жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |