Стерилизация физикалық және химиялық болып бөлінеді. Термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шығылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданылады.
Физикалық стерилизацияға жатады:
1. Автоклавтау
2. Құрғақ ауамен стерилизациялау
3. Қайнату
4. Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау
Автоклавтау - қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138С) мен жоғары қысым (2,5ат.қ) арқылы әсер етумен жүзеге асырылады. Нәтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауаға ығыстырылады.
Құрғақ ауамен стерилизациялау. Металлдан, шыныдан жасалған құралдарға арналған. Стерилизацияның бұл түріне көбінесе су өтпейтін құрғақ қағазбен қапталған заттар ұшырайды. Қағазбен стерилизацияланған заттарды 3 күннен артық сақтауға болмайды. Стерилизациялы камераның жұмыс температурасы 180С, ұстау уақыты 60 мин. Қағаз қапшықтарды қолдан жасап, 5% крахмалмен желімдейді. Құрғақ ауадағы стерилизация жұмысының орындалу реті: 1. Салқын стерилизатор; 2. Қыздыру; 3. Стерилизация: қажетті температура 180 С, белгіленген уақыт 60 мин; 4. Суыту: 40-50 С дейін.
Қайнату. Бұл әдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше және т.б құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар мен бактериялар сполары толық жойылмауы мүмкін.
Ультракүлгін сәулелермен стерилизация. Бұл әдіс толқын ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сәулелермен әсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты әртүрлі бактерацидтік шамдар қолданылады.
Химиялық стерилизация. Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентеляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |