Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология



бет19/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Дайындалу дәрежесі бойынша: дайын қоректік орталар, құрғақ қоспалар.
Консистенциясы бойынша: сұйық, жартылай сұйық, тығыз. Жартылай сұйық және тығыз орталар сұйық ортадан құрамында желе тәріздес агенттің болуымен ерекшеленеді. Тығыз орта ретінде сарысу нәруызы, картоп сияқты орталарды қолданады.
Құрамы бойынша:
Қарапайым: ет-пептонды сорпа, ет-пептонды агар.
Күрделі: көпкомпонентті орталар
Мақсаты бойынша:
Негізгі: көптеген микроорганизмдерді өсіру үшін қолданылады.
Арнайы: қарапайым орталарда өспейтін микроорганизмдерді бөліп алып, оларды өсіру қызметін атқарады.
Элективті: бұл белгілі бір микроорганизмдердің түрлерін бөліп алып, олардың өсуіне қолайлы жағдай тудырып, олармен бірге өсетін микроорганизмдердің өсуін тоқтатады.
Дифференциалды-диагностикалық: микробтардың бұл түрін басқа ферменттік белсенділігі бойынша ажыратуға мүмкіндік береді.
Транспорттық (тасымалдаушы): бұл алғашқы себіндіге және себіндіге зерттелетін материалды тасымалдауға арналған.
Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары негізгі 3 топқа бөлінеді:
1) Әмбебап қоректік орта. Бұл ортада хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроағзалардың көптеген түрлері өседі. Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.
2) Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроағзаларды өсіретін орта.
3) Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроағзалардың жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды.
Қоректік орталарды жасау принциптері. Микроағзаларды лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроағзаларды зерттеу барысында ,көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады. Синтетикалық орта деп – белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күрделілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады. Құрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделі орта деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет