Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет5/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

2.Негізгі кезең.
Бақыт ағашы:
– Балалар, күз мезгілі келді, өкінішке орай менің бұталарымның жапырақтары азайып жатыр. Жұмыс басталмай тұрып балалардан ағаштың бұталары қандай болатыны, жапырақтардың қайда өсетіндігі сұралады және балалар жауаптары толықтырылады (терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, ромб пішініне ұқсайды).
Балаларға терек бұтасының суретін салу жолдары үлгі ретінде көрсетіліп, түсіндіріледі: ең алдымен, қалың сызықпен теректі (бұта) сызып аламыз, діңі, төменгі бөлігі жуан, ағаштың басына қарай жіңішкере түседі, діңіне көлбеу сызықтар сызу арқылы бұтақтарын саламыз, осы үлкен бұтадан тармақтап кішкентай бұталарды саламыз. Содан кейін терек бұтақтарына ретімен біртіндеп жапырақтар саламыз. Жапырақтарды қарындашпен әдемілеп тегістеп бояймыз. Сергіту сәті Сары жапырақтар жауғанда Күзде жауын. Бұлт. Тұман. Сары жапырақ жауады: Сары құйын ұйтқыған, Сапырады ауаны. (Мұзафар Әлімбаев) 3. Рефлексия. Балалар салып болған суреттер ағаштың бұталарына ілінеді
3.Құрастыру
Тақырыбы: Ұшақ
Мақсаты: құрылыс материалдарынан құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.
Міндеттері:
- құрылыс материалдарынан ұшақты құрастыра білуге үйрету;
- ұшақты құрастыруда оның негізгі бөлігі мен ұсақ бөлшектерін ажырата алу және балалардың ой-қиялын дамыту;


Ұйымдастыру кезеңі.
ұшақ туралы жұмбақ жасыраМЫН.
«Құстан аумайды,
Көкті жаулайды».
– Ұшақ қандай көлік түріне жатады? – Ұшақтың қандай түрлерін білесіңдер? – Өздерің ұшақпен ұштыңдар ма? Педагог ұшақтардың суреттерін көрсетеді. Балалар қандай ұшақ екенін айтады.
2. Негізгі кезең.
Педагог балалармен бірге ұшақтардың құрылысына талдау жасайды. Үлгіден ұшақтың негізгі бөлігін, қанаттарын, құйрығын, дөңгелектерін (шасси) көрсетеді. Осындай ұшақ жасау үшін оның қандай бөлігінен бастаған дұрыс деп ойлайсыңдар?
Педагог тәрбиеленушілерге жұмыстың ретін түсіндіреді.
–Алдымен негізгі үлкен бөлігін, одан кейін ұшақтың қанаттарын, соңынан құйрығы мен дөңгелектерін орналастырамыз.
– Ол үшін қандай құрылыс материалдары керек?
Жеке жұмыс барысында педагог балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануына бағыт беріп, оның берік орналасуын, бөліктердің қатынастарының сәйкестігін қадағалайды, бағыт береді.
Сергіту сәті:
Көлдерді көктей өт
Тауларға жетпей өт!
Бұлттарды жарып ұш,
Бұлттан да әріге ұш!
Тоқтаусыз төтеле,
Жетейік көкеме...
Педагог балалардың өздігінен дербес жұмыс жасауларына жағдай жасайды. Жеке жұмыс барысында педагог балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануына бағыт беріп, оның берік орналасуын, бөліктердің қатынастарының сәйкестігін қадағалайды, бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет