Тақырыбы: «Спортзал»
Мақсаты: а) Допты алдыға, жоғары лақтырып, оны қайтадан қағып алуды үйрету. Заттарды аттап жүрген кезде дене бітімін дұрыс ұстап, тепе-теңдік сақтап жүруді үйретуді жалғастыру.
. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Ұйымдастыру кезеңі Спортзалда өздерін қалай ұстау керектігі туралы әңгіме. Спорттық құрал-жабдықтарды көріп, оларды зерттейді. Спорттық құрал-жабдықтар туралы жұмбақтардың шешуін табады. 2. Негізгі кезең I. Бір тізбекке тұрғызады. «Ине-жіп» жүрісі бойынша бір тізбекпен жүру. Тізелерін жоғары көтеріп жүгіру. Бір тізбекке тұрады. Тізбекте бір-бірден жүріп үйренеді, баяу қарқынмен жүгіреді. Қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүгіруге тырысады. Жүгіруден кейін тыныс алуларын қалпына келтіреді. 1. Құралсыз жалпы дамыту жаттығуларын орындату (№1).
Жаттығуларды қалай орындау керектігін көрсетеді.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау үшін шеңбер бойына тұрады. 3. «Жұбыңды тап!» (3 рет). Ойынға қатысады. Шеңбер бойына тұрып, санамақ арқылы ойын жүргізушіні шығарады. Белгі бойынша орындықтың үстіне жылдам шығуға тырысады. Жүргізуші оларды ұстауға тырысады.
III. «Жұбыңды тап!» ойын-жаттығуы.
Зал ішінде жұп болып жүреді, педагогтің белгісі бойынша әртүрлі бағытта шашырап жүгіреді. «1-2–3 жұбыңды тап!» деген бұйрықпен жұп болып тұрады. Жұпсыз қалған балаға: «Ұйықтап қалма, Әсет,
Жұбыңды тап тездет», – деп барлық балалар хормен айтады.
3. Қорытынды кезең (рефлексия).
Балалардың ҰОҚ-дағы жетістіктерін атап өтеді.
Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Суық жел»
Мақсаты:Балаларды таза ауаға серуенге шығарып, табиғат құбылысы күзгі суық желдің бағытын лентамен анықтатып үйрету. Жазғы желмен күзгі желді салыстыру Күзгі желмен жазғы желдің айырмашылығын түсіндіру. Күзде қандай жел соғады екен? Жылы жел қай кезде соғады?
«Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнатуға болады. Ойын шарты: педагог балаларға «М» дыбысынан басталатын сөздерді тез ойлантып айтқызады. Сөз айтқан сайын бір қаламнан қолдарына ұстатып отырады. Қай бала көп сөз айтса, соның қаламы көп,
|