Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Әдебиетті жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту әдістерінің әдістеме ғылымында зерттелуі



бет30/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

33.Әдебиетті жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту әдістерінің әдістеме ғылымында зерттелуі
Әдебиеттік оқу әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Нысаны – мектепте әдебиеттік оқу сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиеттік оқу әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмайды, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Кезінде әдістеменің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытов айқындап айтқан. Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А. Рыбникова «Әдістеме» дегеніміз – уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде оқу жоспарына ерте ілінгенімен, оқу материалдық базасы жағынан кенжелеп келе жатқандығы жасырын емес. Осы сала бойынша 60-жылдарда жарық көрген Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев сынды әдіскер ғалымдар жазған «Әдебиетті оқыту методикасы» оқулықтарын, 1997 жылы жазылған әдіскер Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі» мен 2009 жылы жазылған әдіскер-ғалым Т.Қ.Жұмажанованың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» оқулығын атауға болады. Аталған оқулықтар оқу мақсатында уақыт үдесінен шыққандығы даусыз. Бүгінде оқу пәні ретінде әдебиетті оқытудың әдістемелік жүйесі жаңа әдіс-тәсілермен толыға түсуде. Білім беру жүйесіндегі жаңа ізденістер мен оқытудың технологиялары әдебиетті оқытуға тың серпіліс әкеліп отыр. Ендеше әдебиетті оқытудың жүйесін қалыптасқан дәстүр арнасында кеңейте қолдану, жаңа пайымдаулар мен психопедагогикалық интеграцияда жаңа технологияларға негіздеу қажеттігі айқындала түседі. Оқулықта әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсат, міндеттерінен бастап, әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы, әдістер жіктемесі, сабақ үдерісін жоспарлау, талдау түрлері,әдебиетті жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту, басқа да әдебиетті оқыту әдістемесі пәні аясында қарастырылатын мәселелер жаңаша пайымдалып, әдебиетті оқытудың жүйелі ғылыми негізі тұжырымдалды. Барлық әдіс-тәсілдер жүйесі жаңа оқу материалында түсіндірілді. Оқулық құрылымында әр бөлімде қарастырылатын мәселелердің жоспары, оқу материалының соңында өзін-өзі тексеру сұрақтары, әр бөлім бойынша қажетті әдебиеттер ұсынылып отыр. Оқулық мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының міндетті білім мазмұны минимумы тұжырымдамасына, білім стандарты мен бағдарламасына сәйкес құрылған. Оқулық мазмұнының материалдары ғылым мен техниканың жаңа бағытын қамту деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді деп айта аламыз.Оқулықта Отандық әдебиетті оқыту әдістемесі саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары сарапталып, әдебиетті оқыту әдістемесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер кешенімен толықтырыла ұсынылып отыр. Кітапта оқу материалынан кейін берілген сұрақ-тапсырмалар студенттердің оқу материалын қорытуы мен өздігінен ізденуіне көмектеседі деген сенімдеміз.


Ж.Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ол сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңалық табатын өнер, - деп бағалайды.

Жалпы, қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту әдістемесі ғылымы тарихында ХХ ғасырдың басында әдістемелік еңбек жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғаларымыздың орны айрықша. Бұл мақаламызда шағын әңгімені қалай оқыту қажеттігін алғашқы болып жүйелеп берген Жүсіпбек Аймауытовтың ұсынған әдістерін және оның қазіргі білім беру саласында қолданылып жүрген әдістердің түп негізі екенін ашып көрсетпекпіз.


Ж.Аймауытов өз заманындағы оқыту әдістерін сөз ете отырып: «Мектепте қысқа әңгімелер қалай оқытылу керек?» – деген үлкен мәселені кеңінен көтерді. Әдіскер ғалымның шағын әңгімелерді қалай оқыту керектігін болжаммен емес, нақты кесіп, пішіп айтуы ойланарлық жайт. Өйткені, бұл әдістердің өміршеңдігін танытады. Шынында да қаралған әдістер кеңес дәуірінде де, кейінгі дәстүрлі жүйеде де қолданыста болып, бүгінгі жаңартылған оқыту жүйесінде де өз құндылығын жоя қойған жоқ. Рет-ретімен жүйелегенімізде, мұнда 14 мәселені талап етеді: Біріншісі, «Салған жерден кітаптан оқыта бастамай, алдын ала сол әңгімеге балаларды даярлап алған жөн» екенін ескертеді. Жаңа сабақты бастамас бұрын кіріспе ретінде қолданылатын бұл әдіс, яғни, оқушыларды даярлап алу бүгін де өз тиімділігін жойған жоқ. Екіншісі ынталандыру (мотивация) әдісі: «Балалардың көргені, естігені жайынан сұрап, сурет көрсетіп, әлдебір оқылған, сөйленген нәрседен, не өмірден алып, әйтеуір оқылатын әңгімеге балаларды төндіріп, ынталандырып алу керек». Бұл да қазіргі уақытта кеңінен қолданысқа енгізіліп жүр. Мұны мектеп мұғалімдері кейде «миға шабуыл» тәсілін пайдалану арқылы да жүзеге асырып отырады. Үшіншісі, шағын әңгімені оқытуға бағытталған. «Содан кейін оқылса, әңгімені балалар құлшынып тыңдайды. Алдымен жақсы оқитын балаға, сонан соң төмендеуіне оқытылсын». Мектепте көркем мәтінді осылайша оқыту, әсіресе, дәстүрлі жүйеде бастауыш сынып пен 5-6 сыныптарда кеңінен қолданылып келеді. Төртіншісі, қазіргі қолданыста бар әдістің бірі – оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға баулу: «Әңгіме қандай әсер берді екен, тыңдаушылар ойлансын»; Бесіншісі, «Ұғымсыз, жат сөздер түсіндірілсін». Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс жасау әдісі қазіргі уақытқа дейін әдебиет пәнінде қолданылады. Алтыншысы, «Суреті, көркем сөздері тапқызылсын». Әңгіменің көркемдік ерекшелігіне қарай талдау жүргізу де қазіргі уақытқа дейін әдебиет пәнінде қолданылып жүр. Жетіншісі, «мазмұны қысқаша қайта айтқызылсын». Әңгіменің жалпы мазмұны туралы түсінік қалыптастыру талабы қай уақытта да қолданыстан түспеген. Сегізінші, «Әңгіме бөлшектелінсін». Шығарманың композициялық құрылымы мен оқиғасына қарай бөлімдерге бөлу талабы да үнемі қолданыста бар. Қазіргі уақытта да әңгімені бөлек-бөлек топқа бөліп оқытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет