Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау



бет47/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.
Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.
Ұқсастығы:
1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.
2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.
3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.
4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.
Осылайша айырмашылығы да талданады.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет