Бизнес ответ


Халықаралық маркетинг ортасы



бет65/73
Дата13.12.2022
өлшемі5.38 Mb.
#467157
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Бизнес ответ

125. Халықаралық маркетинг ортасы.
Шетелде қызмет етуді көздеген фирма, ұйымдастыруда да, халықаралық сауда жүйесіне тән мүмкіндіктерде де түсіне білуі керек – ең көп таралған шектеу кеден тарифі болып табылады, ол шетел үкіметі оның еліне әкелетін кейбір тауарларға салатын салықты білдіреді. Кеден бюджетке түсімдерді ұлғайту (қазыналық тариф), немесе отандық фирмалардың мүдделерін қорғау (протекционистік тариф) мақсаттарын көздеуі мүмкін. Бұдан басқа, экспортшы квотамен, яғни елге әкелуге рұқсат етілген, белгілі категориялы тауарлардың сандық шегімен соқтығысуы мүмкін. Квотаның мақсаттары: шетел валютасын сақтау, жергілікті өнеркәсіпті қорғау және жұмыс бастылықты қорғау. Шекті квота ретінде эмбарго болады, ол кезде импорттың жеке түрлеріне толығымен тыйым салынған болып шығады.
Сыртқы рыноктарға шығып, халықаралық маркетинг қайраткері әрбір елдің экономикалық, саяси және мәдени ортасын зерделеуі керек. Елдің экономикалық ортасы тауарлар мен қызметтерді тұтынудың қазіргі және потенциалдық мүмкіндіктерін көрсетеді. Экономиканың жұмыс істеу индикаторларына өмір сүру деңгейі, жалпы ұлттық өнім, экономиканың даму және валютаның тұрақтылығы деңгейі.
Өмір сүру деңгейі елде тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің орташа саны мен сапасын сипаттайды. Оны өлшеу жолдарының бірі – елде тамақ өнімдері, киім сияқты әр түрлі тауарларға еңбекақы табу үшін, бір жұмыс істеуші адамға қажетті уақыттың ұзақтығын анықтау. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) елде бір жыл ішінде құрылған тауарлар мен қызметтердің жалпы құнын білдіреді. ЖҰӨ жалпы және жанға шаққандағы өлшемі – ел игілігінің аса жиі пайдаланылатын индикаторлары, өйткені олар үнемі жарияланады, есептеу үшін қарапайым және басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырылады. Алайда халықтың бір жанына алған ЖҰӨ өлшемі туралы деректер алдамшы болуы мүмкін. Біріншіден, бұл цифрлар табысты үлестіруді емес, орташа мәндерді көрсетеді. Тіпті халықтың үлкен бөлігінің табыстары төмен болса да, бірнеше бай адам бұл көрсеткіштің мәнін жоғарылата алады. Екіншіден, бірдей табыс әрбір елде өмір сүрудің әр түрлі деңгейін қамтамасыз етеді; 20 мың АҚШ долларын құрайтын табыс, басқа елде 10 мың долларды құрайтын табысты білдіруі мүмкін.
Халықаралық маркетинг бойынша мамандар әрбір рыноктың мәдени ортасы туралы хабардар болу керек. Мәдениет ұрпақтан ұрпаққа беріледі, елдер мен континенттер бойынша ерекшеленеді, және оны өзгерту оңай емес. Таныс емес немесе оған сезімтал емес ұлттық фирма, қолайсыз немесе берілген мәдениет дұрыс түсінбейтін, тауарлар мен қызметтерді өткізуге тырысуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет