121. Маркетингтік бақылаудың мәні.
Бақылау кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметін басқару функцияларының бірі ретінде маркетингте елеулі орын алады. Ең алдымен бұл кәсіпорын ұжымына мақсатқа бағытталған түрде әсер ету түрі, кәсіпорынның қызметін жүйелі бақылау, қызметтің нақтылы нәтижелерін жоспарланған нәтижелермен салыстыру. Бақылаудың соңғы нәтижесі – басқарылатын факторларға түзетуші әсерлерді және кәсіпорын қызметін бақыланбайтын факторларға бейімдеу бойынша ұсыныстарды құрау. Маркетингті бақылау (ревизия) терең аналитикалық жұмысты білдіреді, оның нәтижесінде кәсіп-орын әкімшілігі маркетингті басқарудың тиімсіз әдістерінен бас тартады және кәсіпорынның аман қалу шарттарына жауап беретін, жаңа тәсілдерді және бақыланатын факторларға әсер ету және ішкі мен сыртқы ортаның басқарылмайтын (қатаң) факторларына бейімдеу құралдарын іздестіреді.
122. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен міндеттері.
Компанияның жалпы стратегиялары әдетте маркетингтік стратегиялармен тұспа-тұс келеді. Маркетинг тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздесе осы факторлар дәл компания миссиясын да анықтады. Әдетте стратегиялық жоспалауда:
Нарық үлесі;
Нарықтың дамуы;
Өсім;
Сияқты көрсеткіштер қарастырылады. Практикада көптеген жетекшілер стратегиялық жоспарлауды «стратегиялық маркетингтік жоспарлаумен» теңестіреді.
Дегенмен де маркетингтік стратегиялық жоспарлаудың келесі реттегі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, негізге алатын методологиялық принциптер- компания стратегиясын тұтынушылардың маңызды топтарына бететйтін маркетингтік концепцияны өңдейді.
Екіншіден, стратегиялық жоспарды өңдеушілерге негіз болатын нарықтық мүмкіндіктер мен фирма потенциалын анықтап береді.
Үшіншіден, бір бөлімшенің шегінде маркетинг стратегиялық мақсаттарға қол жеткіудің ең тиімді деген жолдарын анықтайды.
Маркетингтік стратегияның басты назары мақсатты тұтынушыларға бағтталған болуы тиіс. Компания нарықты таңдап болғаннан кейін оны сементтерге бөліп, оның ішінен болашағы барын таңдап алады. Сөйтіп барлық күш-жігерін осы таңдап алынған сегменттерге қызмет етуге жұмылдырады.
Маркетингтік стратегия маркетингтің негізгі мақсаттары мен нақты бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Маркетингтік зерттеулер ситуациялық талдау барысында жасалып, екі бағытты көздейді:
мамандардың тауарды зерттеуі;
нарықты зерттеу.
Маркетингтік стратегиялар маркетингтік кешен (тауар, сату орны, баға, тарату, персонал) шегіндегі шаралардың үйлесімінен тұрады.
Стратегиялар да мақсаттар сияқты қол жететіндей және қолда бар ресурстар шегінде жргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |