«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышы
-
«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша құрауышқа қатысушыларға тікелей кәсіпорындарда консультация беру үшін жемісті жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.
-
Қазақстан Республикасының аумағында «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап халықаралық және шетелдік ұйымдардың (бұдан
әрі – ХШҰ) жәрдемімен қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.
-
«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын іске асыру шарттары:
-
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрауышқа қатысушы бола алады;
-
құрауыш бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
-
шетелдік сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
-
шетелдік сарапшылардың көліктік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
-
«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын іске асыру тетігі:
-
қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісімен бірге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін құрауышты іске асыру шарттары туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
-
өтініш беруші шетелдік мамандарды тартуға өтінімді КҚКО-ға береді;
-
қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы өтінімдерді қарап, өтініш білдірушінің Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан іріктеу жүргізеді. Іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінімді қалыптастырады және уәкілетті органға келісуге жолдайды;
-
шетелдік мамандарды тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына қатысушылардың келісілген тізімін жолдайды;
-
қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді;
-
шетелдік мамандардың әр миссиясы аяқталған соң ХШҰ қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына жұмыс нәтижелері туралы есеп жолдайды.
-
Құрауышты іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті келісім жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
«Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы
324. «Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
1) «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау»;
2) «Технологиялық процестерді жетілдіру»;
3) «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру»;
4) «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау».
«Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы
325. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы «Өнімділік – 2020» бағдарламасының шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.
-
«Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы қызметін «Өнімділік – 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
-
«Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
-
«Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы шеңберінде мыналар көзделеді:
«Өнімділік – 2020» бағдарламасының шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін шығындардың 50 %-ы мөлшеріндегі, бірақ 2 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу;
карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және қажет болған жағдайда сараптау үшін өтінім берілген күнге дейін жүргізілгеніне 12 (он екі) айдан артық уақыт өтпеген шығындардың 50 %-ы мөлшеріндегі, бірақ 15 млн. теңгеден аспайтын және құрылыс-монтаж жұмыстары сомасының 2 %-ынан аспайтын шығыстарды төлеу.
329. Құрауышты ұсыну тетіктері:
1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе операторға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
6) құрауыш операторы берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қосымшаларымен бірге 2 данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы бір данасын «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
330. Өтініш беруші өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
-
Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
-
Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін Құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің Құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
-
Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
-
Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
-
Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы
-
«Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға (технологиялық аудит, энергия аудиті, ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг және т.б.); өнеркәсіптік дизайн әзірлеуге; инженерлік ойлар мен шешімдерді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды іздеуге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін анықтауға; өнімді өндіру мен өткізу процесінің қалыпты барысын қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағытталған.
-
«Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы қызметін «Өнімділік – 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
-
«Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
-
«Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы шеңберінде мыналар көзделеді:
1) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, кәсіпорындарға техникалық диагностика жүргізу үшін кәсіпорын шеккен шығындардың 50 %-ы мөлшеріндегі, бірақ шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден аспайтын, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу;
2) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, консалтингтік, жобалық және инжинирнгтік ұйымдарды тарту жолымен жүзеге асырылатын технологиялық процестерді жетілдіру үшін кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшеріндегі, бірақ 30 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу.
-
Құрауышты ұсыну тетіктері:
1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына Кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес
2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге Құрауыш операторына жібереді;
6) құрауыш операторы берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қосымшаларымен бірге 2 данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы бір данасын «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
-
Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
-
Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
-
Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
-
Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
-
Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
-
Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы
-
«Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің өсуін ынталандыруға бағытталған.
-
«Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы қызметін «Өнімділік – 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
-
«Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
-
«Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде мыналар көзделеді:
1) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу үшін кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшеріндегі, бірақ 5 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу;
2) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшеріндегі, бірақ
15 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу.
-
Құрауышты ұсыну тетіктері:
1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
6) құрауыш операторы берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қосымшаларымен бірге 2 данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы бір данасын «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады.
9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
-
Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
-
Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
-
Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
-
Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
-
Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
-
Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы
-
«Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға бағытталған.
-
«Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы мынадай критерийлерге сай келетін:
1) бюджет алдында берешегі жоқ және 2 жыл бойы жылдың соңына оң теңгерімдік сальдосы бар;
2) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылатын;
3) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама шыққанға дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында шығын шеккен кәсіпкерлерге ұсынылады.
-
«Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышының шеңберінде халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде кәсіпкер шеккен шығындардың бөлігін өтеу жүзеге асырылады.
-
Құрауыш шеңберінде өтеуге ұсынылған соманың 50 %-ын құрайтын, бірақ бір өтініш берушіге үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде кәсіпкерлердің негізделген және құжаттамамен расталған шығындарын өтеу көзделеді.
Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.
-
Құрауыш шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері:
1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес
2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
8) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, құрауыш операторы өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіп, бұл жөнінде Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
9) құрауыш операторынан өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады.
363. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
-
Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына қабылданған өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
-
Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
-
Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |