«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы



бет6/19
Дата01.07.2016
өлшемі1.52 Mb.
#169782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы


  1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында қазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған.

  2. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желі ашуға және оны кеңейтуге, шикізат пен материалдарды, жиынтықтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

  3. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіру мынаған сайып келеді:

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету;

  3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.

  1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы мен реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді, олардың таралымын көбейтуді және таратуды;

  2. ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) жүргізуді;

  3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және осал тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;

  4. мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттік сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсіндіру үшін оператордың Call-орталығы қызметін ұйымдастыруды көздейді.

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету:

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;

  2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында жұмыс істейтін табысты қазақстандық кәсіпкерлер туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеуді және БАҚ-та орналастыруды;

  3. БАҚ өкілдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізуді көздейді.

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:

  1. сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;

  2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;

  3. әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.

  1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.


«АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы


  1. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы заңнама, нарықтың баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған.

  2. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы АӨК субъектілеріне ұсынылады.

  3. «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде заңнама, нарықтық баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыру мыналарға негізделеді:

  1. АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

  2. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету;

  3. аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.

  1. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  2. АӨК саласында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:

    1. АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын БАҚ-та түсіндіруді;

    2. АӨК саласында мамандандырылған мерзімдік басылымды әзірлеуді, шығаруды және оны агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеткізуді;

    3. ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді көздейді.

  1. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:

    1. АӨК саласында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;

    2. АӨК саласындағы кәсіпкерлер туралы әңгімелерді («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;

    3. БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру немесе АӨК саласындағы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:

    1. сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;

    2. АӨК саласындағы жастар жобаларының көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді;

    3. АӨК саласындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;

    4. әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде салалық кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.

  1. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығының базасында да жүзеге асырылады.


Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту
«Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы
«Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:

1) «Жас кәсіпкер мектебі»;

2) «Бизнес-мектеп».
«Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы


  1. «Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі – «ЖКМ» жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

  2. Қазақстан Республикасының 18 – 29 жас аралығындағы азаматтары «ЖКМ» жобасының тыңдаушылары бола алады.

  3. «ЖКМ» жобасы:

1) жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды;

2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;

3) «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды;

4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыруды;

5) үздік бизнес-жобаларға – «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.


  1. Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде ұсынылады.

  2. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

  3. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.

  4. «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.

  5. «ЖКМ» жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  6. «ЖКМ» жобасын іске асыру тетігі:

1) Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен бірлесіп, оқытудың басталатын күнін, оның кезеңін көрсете отырып, «ЖКМ» жобасы бойынша қабылдаудың басталуы туралы жастарды тікелей және/немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;

2) өтініш беруші КҚКО-да «ЖКМ» жобасы бойынша білім алу үшін тіркеледі;

3) Қаржылай емес қолдау операторы «ЖКМ» жобасының кестесін, қатысушылар құрамын қалыптастырады және өтініш берушіге қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының үздік бизнес-жоспарлары өңірлердегі «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсында таныстырылады;

5) «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарлары бизнес-жобаның қойылған талаптарға сәйкес келуі шартымен Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грант алуға ӨҮК қарауына жіберіледі;

6) Қаржылай емес қолдау операторы әлеуетті инвесторларды тарту үшін «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарларының қысқаша сипаттамасын интернет-ресурстарда орналастырады.


«Бизнес- мектеп» құрауышы


  1. «Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

250. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында «Бизнес-мектеп» құрауышының қызметтері КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.

251. «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:



  1. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды;

  2. «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды;

  3. тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді.

252. Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.

  1. «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен Оператордың КҚҰО береді.

  2. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болғанда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде білім беру жобаларын өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды ұсынады.

  3. «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі:

  1. оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады;

  2. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін оқыту өткізілетін күн мен орынды, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

  3. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;

  4. оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат беріледі;

  5. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік екі күн ішінде жүзеге асырылады.

256. «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігі:

1) оқыту «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады;

2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар тізбесін айқындау тұрғысынан сауалнама жүргізуді жүзеге асырады;

3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама жүргізу нәтижелерін ескере отырып, тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін тақырыптарды, өткізу күнін және орнын, оның кезеңін және өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;

5) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат тапсырылады;



  1. «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік 2 – 5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.

257. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды іске асыру тетігі:

1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады;

2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күніне дейінгі мерзімде өңірлік мамандану мен жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективаларына байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалардың тізбесін айқындайды;

3) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жобалардың тізбесін, оқытуды өткізу күні мен орнын, оның кезеңін және өтінімдер беру мерзімін көрсете отырып, оқытуды өткізу кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық өтінімдерінің негізінде тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етеді;

5) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалар бойынша тәлімгерлік қызметтер көрсету үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, сондай-ақ тәлім беру тәжірибесі бар мамандарды, консультанттарды тартады;

6) Қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткізуді бастағанға дейін тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты қалыптастырылған тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлімгерлердің болуын қамтамасыз етеді;

7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қызметтер көрсететін тәлімгерлер оқыту кезеңі ішінде дәрістер мен семинарлар өткізеді, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді, жобаның өзгешелігі мен ерекшеліктеріне оқытады, тыңдаушылардың оны іске асыруын қамтамасыз етеді;



  1. тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады.

258. «Бизнес-мектеп» құрауышын қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру» құралы
259. «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:

1) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»;

2) «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту»;

3) «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру».


«Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы
260. «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында оқыту есебінен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

  1. Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышының қатысушылары бола алады.

  2. Құрауыш қатысушыларын оқыту жөніндегі шығындарды төлеу уәкілетті орган мен «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрауыш қатысушылары оқыту орнына дейін және кері қайту жолақысын, сондай-ақ тұруын өздері төлейді.

  3. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту тетігі:

1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталуы туралы хабардар етеді;

2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жасауға қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындаған квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды ӨҮК қарауына шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді;

3) ӨҮК кандидатураларды талқылау нәтижелері бойынша іріктеуді жүргізеді және Өтініш берушінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мақұлдаған жиынтық өтінімді келісу үшін уәкілетті органға жібереді;

5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың мақұлданған тізімін «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға жібереді.

Оператор «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.


«Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде,
сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы



  1. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.

  2. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілететін және мынадай критерийлерге сәйкес келетін:

1) экспорттау келісімшарттарына сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН)
6 және одан да көп белгілерінің деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе бәрін және тізбеге енгізілген көрсетілетін қызметтерді экспорттауды жүзеге асыратын;

2) өз өнімдерін, көрсетілетін қызметтерін ілгерілету бойынша:

тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындарға жататын;

өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде


2 (екі) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарды көтерген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.

  1. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қызметкерлерді оқыту жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ кәсіпорындарға шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыруға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу ұсынылады.

  2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай шығындар түрлері бойынша жүргізіледі:

1) мамандарды шетелде оқыту қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар (тағылымдамалар, семинарлар, курстар);

2) өнімді ілгерілету үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарға сарапшы-консультанттарды шақыру кезінде білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындары;

3) өнімді өндіруді және ілгерілетуді ұйымдастыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шақырған шетелдік мамандардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.


  1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) есепке алынбай өтеуге ұсынылған соманың 50 %-ы көлеміндегі негізделген және құжаттамамен расталған шығындары өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) сомасы қосылмайды.

  2. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік валюталарда шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.

  3. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-кеңесшілерді шақыру арқылы оқыту» құрауышын іске асыру тетігі:

1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырып, онда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсетеді. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні құрауыш операторы хабарландыруының мәтініне сәйкес келуге тиісті осындай хабарландыруды өз есебінен орналастыра алады және дербес консультациялық қолдау көрсете алады;

2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар құрауыш операторына немесе КҚКО-ға қағаз жеткізгіштерде құжаттар тізімдемесі қоса беріле отырып ұсынылады;

3) құжаттар КҚКО-ға ұсынылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;

4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;

5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді. Өтініш беруші КҚКО-ға ұсынған құжаттардың толықтығы, заңнамаға сәйкес келуі және тізімдемесі үшін Қаржылай емес қолдау операторы жауап береді;

6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;

7) құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында (бұдан әрі – «Өнімділік 2020» бағдарламасы) белгіленген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

8) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықталған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушіге уәжделген бас тарту жібереді;

9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі болмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру «Өнімділік – 2020» бағдарламасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады;

10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін оның негізділігі тұрғысынан қарайды.



  1. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

  2. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.

  3. Құрауыш операторы КҚКО арқылы берілген өтініш берушілердің өтінімдері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпаратты Қаржылай емес қолдау операторына жібереді.

  4. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.

  5. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет