«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


«Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы



бет7/19
Дата01.07.2016
өлшемі1.52 Mb.
#169782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

«Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы


  1. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» кұрауышы кәсіпорынның топ-менеджерлерін еңбек өнімділігін жоғарылату, кадрларды даярлау және қайта даярлау, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша сарапшыларды тарту арқылы оқытуға бағытталған.

  2. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы «Өнімділік 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ұсынылады.

  3. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

  4. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде:

өтінім берердің алдында кемінде 6 (алты) ай бұрын жасалған, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен, бірақ 1 (бір) қызметкерге 2 млн. теңгеден аспайтын және бір кәсіпорын бойынша жылына 15 (он бес) қызметкерден аспайтын шығындардың 40 %-ы мөлшеріндегі шығыстарды төлеу;

өтінім берердің алдында кемінде 12 (он екі ) ай бұрын жасалған (бұл ретте толық күнтізбелік айлар өтеледі), сарапшыларды тарту (еңбекақы (ЕТҚ)) арқылы озық өндірістік тәжірибені енгізу үшін кәсіпорын шеккен, бірақ 1 (бір) маманға жылына 9 млн.теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) қызметкерден аспайтын шығындардың 40 %-ы мөлшеріндегі шығыстарды төлеу көзделеді.

280. Құрауышты ұсыну тетігі:

1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлер сәйкес келуге тиісті талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оларға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

3) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушіні бұл туралы хабардар етеді;

4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;

5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді;

6) құрауыш операторы «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

7) құрауыш операторы өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;

8) шығындарды өтеуді ұсыну туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы «Өнімділік – 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына қайтарады;

9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.

281. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

282. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.

283. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:

1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болғанда өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;

2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауышты іске асыру барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;

4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.

284. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күнінен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторингті жүргізеді.



  1. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.

  2. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


«Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы


  1. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және КҚКО, КҚО және КҚҰО-да бизнес-процестерді қолдау жөніндегі мынадай мамандандырылған қызметтерді ұсынуды қамтиды:

1. Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер, олар мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қамтиды:

1) салық салу және салықтық әкімшілендіру;

2) салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;

3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықты және бюджетке өзге де аударымдарды есептеу;

4) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;

5) бухгалтерлік есеп жүргізу;

6) «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс;

7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;

8) тысқары ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;

9) электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.

2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер:

1) кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;

2) тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру жөніндегі консультациялар;

3) нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі консультациялар;

4) сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;

5) сыртқы экономикалық қызметке арналған лицензиялар, рұқсаттар алу жөніндегі консультациялар;

6) Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау жөніндегі консультациялар;

7) сыртқы сауда келісімшартының талаптары жөніндегі консультациялық қызметтер.

3. Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультациялар беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу, олар мыналарды қамтиды:

1) ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйелері), ИСО 22000:2005 (Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері), OHSAS 18001:2007 (Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйелері) халықаралық стандартының және басқа да стандарттардың талаптарына сәйкес құжаттарды сертификаттауға дайындау;

2) сапа жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкес персоналды оқыту;

3) қолданыстағы менеджмент жүйелерінің ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйелері), ИСО 22000:2005 (Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері), OHSAS 18001:2007 (Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйелері) стандарттары мен басқа да стандарттардың талаптарына сәйкестігін талдау;

4) менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;

5) біріктірілген менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;

6) ішкі аудит жүргізуге көмек;

7) сертификаттау алдында аудит жүргізу бойынша консультациялар;

8) қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.

4. Мыналарды қоса алғанда, заңгерлік қызметтер көрсету:

1) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;

2) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;

3) шарттардың жобаларын әзірлеу бойынша консультациялар;

4) шарттардың жобаларын әзірлеу;

5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультациялар;

6) құжат айналымын жүргізу бойынша консультациялар;

7) ұсынымдар бере отырып, құжат айналымының аудиті;

8) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау бойынша консультациялар;

9) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау;

10) кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультациялар;

11) ұсынымдар бере отырып, кадрлық құжаттама аудиті;

12) құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге байланысты консультациялық көрсетілетін қызметтер.

5. Мыналарды қоса алғанда, маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

1) құн саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;

2) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, нақты тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша құн саясатын әзірлеу;

3) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау бойынша консультациялар;

4) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау;

5) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;

6) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;

7) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша консультациялар;

8) кәсіпорынның (жеке кәсіпкерлердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау;

9) тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;

10) ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып, тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу;

11) бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар;

12) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, бәсекелес ортаны талдау;

13) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу бойынша консультациялар;

14) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу.

6. Мыналарды қамтитын ақпараттық технологияларға кызмет көрсету саласындағы консультациялар:

1) интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;

2) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) визитка-сайтын құру;

3) интернетте бизнес құру және жүргізу;

4) есептерді электронды тапсыру бағдарламасын орнату және қолдау;

5) «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау.

7. Мыналарды қамтитын мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетілетін қызметтер:

1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау;

2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер сараптамасын (аудитін) жүргізу;

3) Қазақстанның сатып алу бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет көзіне қосылу;

4) мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан кәсіпорын/жеке кәсіпкер құжаттамасының сараптамасы (аудиті);

5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау;

6) қазақстандық қамтуды есептеу;

7) жылдық сатып алу жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.

8. Мыналарды қамтитын менеджмент мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

1) өкілеттіктердің аражігін ажырату және кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру мәселелері бойынша консультациялар;

2) кәсіпорынды дамытудың стратегиялық жоспарын (стратегиясын) әзірлеу бойынша консультациялар;

3) кәсіпорынды дамытудың стратегиялық жоспарын (стратегиясын) әзірлеу;

4) корпоративтік басқару, корпоративтік саясатты әзірлеу мәселелері бойынша консультациялар;

5) халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;

6) жобаларды басқару мәселелері бойынша консультациялар;

7) жобаның техникалық және қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша консультациялар;

8) қаржылық талдау және жоспарлау бойынша консультациялар;

9) кәсіпорынның кадр саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;

10) кадрлық іс жүргізу бойынша консультациялар;

11) персоналға еңбекақы төлеу мәселелері бойынша консультациялар;

12) персоналды көтермелеудің, бағалаудың және ынталандырудың кешенді жүйесін әзірлеу бойынша консультациялар;

13) персоналды көтермелеудің, бағалаудың және ынталандырудың кешенді жүйелерін әзірлеу;

14) кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау.



  1. «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

  2. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету ККҚО мен КҚО-да, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерінің жинақталу шамасына қарай КҚҰО арқылы ауылдық елді мекендерге бару жолымен жүзеге асырылады.

  3. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі:

1) уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты жасалады;

2) қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасындағы қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартына қол қою жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

3) Қаржылай емес қолдау операторы өңірдің кәсіпкерлерін қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетудің басталуы мен орны туралы хабардар етуді ай сайын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.


  1. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының шеңберінде:

1) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді;

2) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың


10-күнінен кешіктірмей, құралдың іске асырылу мониторингін жүргізу мақсатында құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді жібереді;

3) Қаржы агенттігі қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес құралдың іске асырылуы туралы мониторингті жүзеге асырады.

292. Әдістемені Қаржылай емес қолдау операторымен келісу бойынша қаржы агенттігі әзірлейді және ол уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

Қаржы агенттігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, ай сайынғы негізде уәкілетті органға әдістемеде көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылу мониторингі туралы есепті жібереді.

293. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылындағы 12 ай бойы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге үздіксіз сервистік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы
294. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сауаттылығын, құжаттар мен техникалық шарттарды алу кезінде олардың заңнамалық рәсімдер мен талаптар туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.


  1. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы рұқсат құжатын немесе техникалық шартты алуға ниеттенген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

  2. Осы құралды іске асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық әзірлейді, онда рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға қойылатын талаптар, оның ішінде ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі, оларды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен ұйым туралы ақпарат, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілу орны мен уақыты, сондай-ақ рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу бойынша қадамдық ұсынымдар көзделеді.

  3. Әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілуін регламенттейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып тұруға тиіс.

  4. Консультациялар әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалықтардың мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, бұлар консультация берілгеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде табысталады.

  5. Құралды іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.


Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің өнімділігін жоғарылату
«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту» құралы
300. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:

1) «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп қаржыландыру


(Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)»;

2) «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (Аға Сеньорлар)».


«Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп қаржыландыру
(Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)» құрауышы

301. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына сыртқы консультанттар жүзеге асыратын консультациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және нарықты дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.

  1. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, қаржылық тұрғыдан орнықты әрі өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

  2. Еуразия Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының операторы болып табылады.

  3. Базалық және қосымша критерийлерге сай келетін кәсіпорындар Бағдарламаға қатыса алады.

  4. Базалық іріктеу критерийлері:

1) қатысушылар – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;

2) меншік нысаны – бақылау пакеті Қазақстан Республикасының азаматтарында болатын жеке кәсіпорын (капиталдағы шетелдік қатысу


49 %-дан аспайды);

3) қызмет саласы – банктік қызметтерді, темекі өнімдерінің өндірісін, құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу жөніндегі қызметті, әскери мақсаттағы өнімдер шығаруды немесе қызметтер көрсетуді қоспағанда, Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың барлық басым секторларындағы қызмет;

4) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы тәжірибе – өтінім берген кездегі 2 (екі) жыл;

5) Бағдарламаға қатысуға арналған өтінім құжаттамасының толық пакеті – ЕҚДБ стандартты нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері.



  1. Қосымша іріктеу критерийлері (бұл критерийлерге сәйкестікті кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін, ЕҚДБ жергілікті мамандарының тобы бағалайды):

1) өміршеңдігі – көрнекі бәсекелік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу әлеуеті, кірістілік (жағымды жалпы кіріс), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін қаржылық және операциялық жеткілікті ресурстардың болуы; ЕҚДБ банкроттыққа жақын күйдегі немесе толық қайта құрылымдауды қажет ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді;

2) басшылық тарапынан қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен ынтымақтастыққа әзірлік;

3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшысы сенімді әрі беделі жоғары болуға тиіс;

4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға шынайы қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі аз болса немесе мұндай тәжірибесі болмаса, көрсетілетін қолдауды қолдана білу қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражаттың болмауы;

5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорын жобаны іске асырудың жалпы құнының 25 – 75 %-ын төлеуге әзір болуға және мұндай мүмкіндігі болуы тиіс.


  1. ЕҚДБ біліктілік алдында іріктеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға сай келетін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілердің дерекқорын жүргізеді.

  2. Консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін біліктілігінің бар-жоғын бағалаудан өтеді:

1) жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оны мемлекеттік тізілімде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзінді көшірме), егер жарамды болса, алдыңғы өткен кемінде екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (кірістер мен шығындар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, теңгерім), консультациялық көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша төлем мөлшерлемелері бөліп көрсетілген компанияның/дара консультанттың мамандану сипаты;

2) клиентпен жұмыс және ұсынымдар – пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2-3 жыл үшін іске асырылған жобалардың сипаты (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);

3) кадрлармен жасақталу – барлық консультанттармен сұхбаттасу және олардың түйіндемелерін алу.


  1. Кәсіпорын қажеттіліктері айқындалғаннан және белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін жобаны орындау үшін Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға сай келетін консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұраныс жасауға болады. Консультантты түпкілікті таңдау құқығы кәсіпорынның өзінде болады. Бірінші жоба сәтті іске асырылмайынша, консультанттардың басқа жобаларды қатар орындауына тыйым салынады.

  2. Қолдау көрсетілетін жобалар КҚО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтырып отырады. Олар басқаларымен қатар консультациялық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:

1) стратегиялық менеджмент:

стратегиялық жоспарлау

бизнес-жоспарлау

техникалық және қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу

қаржылық талдау және жоспарлау

әріптестерді іздеу

2) маркетинг-менеджмент:

сатылымдарды басқару

маркетингтік зерттеулер

маркетингтік стратегия әзірлеу

брендинг және ілгерілету

электронды маркетинг

3) ұйымдық менеджмент:

ұйымдық даму

адами ресурстарды басқару

4) операциялық менеджмент:

бизнес-процестердің реинжинирингі

жеткізу тізбектерін басқару

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

салалық автоматтандыру жүйелері

құжат айналымын автоматтандыру жүйелері

IT-инфрақұрылым

өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері

менеджменттің корпоративтік ақпараттық жүйелері

6) инженерлік-конструкторлық әзірлемелер:

өндірістік желілерді оңтайландыру

сәулеттік жоспарлау/дизайн

инфрақұрылым мен коммуналдық желілерді жоспарлау

7) сапа менеджменті:

сапа менеджмент жүйелерін енгізу

тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесін енгізу

өндірістегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу

өнімнің қауіпсіздік жүйелерін енгізу

8) энергия және ресурс тиімділігі:

энергия аудиті, сертификаттау және рейтингтер беру

энергоменеджмент жүйелерін енгізу

энергия тиімділігі саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу

жаңартылатын энергия көздерін енгізу

9) экологиялық менеджмент:

экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау

экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу

экология саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу

10) есеп және қаржылық есептілік:

қаржылық басқару және есепке алу жүйелерін енгізу

аудиттелетін қаржылық есептілікті дайындау үшін қаржылық ақпаратты өңдеу

кәсіпорынды басқару және есептілікті жүргізу үшін талап етілетін қаржылық ақпаратты жетілдіру үшін есепке алу саясатын іске асыру саласындағы консультациялар



ұлттық/халықаралық стандарттарға (ҚЕҰС/ҚЕХС) сәйкес қаржылық есептілікті жетілдіру.

  1. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мерзімі жобаның мазмұнына байланысты болады, алайда, әдетте, төрт айдан алты айға дейін болады.

  2. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:

  1. ЕҚДБ және/немесе қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының әр өңірінде кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу критерийлері туралы ақпарат пен өтінім пакетіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауға жәрдем көрсетеді;

  2. өтініш беруші ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, жарғы, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері ЕҚДБ-на ұсынады;

  3. кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін оның өміршеңдігін, оның қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін оның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін бағалау мақсатында ЕҚДБ маманы кәсіпорынға барады;

  4. ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады әрі мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады. Бұдан соң Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің орналасқан жеріндегі ӨҮК-ті хабардар ету мақсатында олардың жиынтық тізбесін ұсынады;

  5. әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;

  6. ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;

  7. өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;

  8. кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп, белгіленген нысан бойынша техникалық тапсырма әзірлейді, ол ЕҚДБ тарапынан келісілуге және бекітілуге тиіс;

  9. ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулыққа сүйене отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдайды;

  10. кәсіпорын мен консалтингтік компания ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

  11. ЕҚДБ мен кәсіпорын Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады.

  1. ЕҚДБ жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

  2. Жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді.

  3. Кәсіпорын консультантқа консультациялық қызметтер көрсету шартына сәйкес соманы төлейді.

  4. Орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жоба сәтті аяқталғаннан және консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес кәсіпорынның консультантқа жобаның құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес грант төлейді.

  5. Жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау үшін барып, жобаға қорытынды баға береді.

  6. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға құрауыштың іске асырылу барысы туралы есеп береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет