Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру
-
Ішінара кепілдік беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне кейіннен микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
-
Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті МУҰ береді.
-
Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру уәкілетті орган мен МУҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
-
Микроқаржы ұйымдары үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы
500,0 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір микроқаржы ұйымы үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі.
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-ына жетуі мүмкін;
3) берілетін кепілдік мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;
4) Банктердің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайды.
-
Микроқаржы ұйымдары үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдіктер бергені үшін микроқаржы ұйымдары кепілдік беру сомасының
2 %-ына дейінін қайтарады.
-
Кредиттің нысаналы пайдаланылмау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, МУҰ-ның кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың бұзылуы фактілері анықталған жағдайда МУҰ кепілдіктің күшін жояды.
-
Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке МУҰ кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.
-
Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметін бағалауды жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлікті бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, содан кейін МУҰ-ның кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде МУҰ-ға кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
-
МУҰ 10 жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда МУҰ банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң шешім бар хат жібереді.
-
МУҰ-ның оң шешімі туралы хатты алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсетіп, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат ұсынады.
-
Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін Банк, МУҰ және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды.
-
Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында Уәкілетті орган кезекті жылдың басында МУҰ-ға микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
-
Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың басында МУҰ-ға аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін МУҰ-ға аударылады.
-
МУҰ тиісті қаржы жылына арналған жасалатын Кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттар қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.
-
МУҰ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беру мониторингін жүзеге асырады және Уәкілетті орган мен МУҰ арасында жасалған шартта көзделген нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.
-
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Банктердің микроқаржы ұйымдарына кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау
-
Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылай қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
1) Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриялдық) инфррақұрылымды дамыту;
4) индустриялдық аймақтары құру.
-
Меншікті жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады:
-
Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
-
Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында.
Банктердің/даму банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
-
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
-
Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ішінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
-
Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
-
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды. Бұл ретте жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.
-
Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
-
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша Кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
-
Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
-
Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
-
Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
-
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
-
Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, жалпы субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойылған кезден бастап белгіленеді.
-
Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.
-
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
-
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14 %-дан аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 7 %-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
-
ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14 %-дан аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
-
Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі
13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 5 %-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
-
Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
-
Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
-
Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания мынадай:
-
кәсіпкер бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
-
кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алу;
-
лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты;
-
қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
-
ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
-
Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:
1) 5 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен Астана және Алматы қалаларында;
2) 2 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен облыстарда;
3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, кемінде алаңы 1 орын/40 шаршы метр тұрақ коэффициентімен.
-
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
-
Ішінара кепілдік беру жаңа инвестициялық, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
-
Айналым қаражатын кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға жол берілетін 60 млн. теңге кредитті қоспағанда, егер айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын болса, егер мұндай қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға байланысты болса, ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
-
Кепілдік беру жүзеге асырылатын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы 360 млн.теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
-
кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;
-
ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
-
Кепілдік беру жүзеге асырылатын ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 1 850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
-
кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды;
-
ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
-
Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит мөлшері 360 млн. теңгеге дейін соманы құрайтын жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының
50 %-ынан аспайды, кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.
-
Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
1) жоба шеңберінде кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды;
-
ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
-
Кәсіпкерлер үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдік бергені үшін кәсіпкер кепілдік беру сомасының 0,1%-ын қайтарады.
-
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
-
Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
-
Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
-
Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Банктердің сыйақы мөлшерлемесі 14 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.
-
Қаржы агенттігі кредиттің нысаналы пайдаланылмау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда ӨҮК шешімінің негізінде кепілдіктің күшін жояды.
-
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
-
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.
-
Шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері үшін жүзеге асырылады.
-
Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға жіберіледі.
-
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.
-
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
-
жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды;
-
инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.
-
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
-
Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобасы құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.
-
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның
135-тармағында көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмейтін жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
-
Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
-
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджетінен құрылыс құнының кемінде 10 %-ы көлемінде бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
-
Құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнімнің өндірілу көлемі туралы болжамды ақпаратты береді.
-
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу
мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана, Алматы қалаларының Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) жүгінеді;
2) Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған іріктелген өтінімдердің тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тапсырылады;
3) ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешімдер қабылдайды;
4) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тиісті бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жібереді;
5) ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне уәжделген жауап жібереді.
-
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Индустриялық аймақтарды дамыту
-
Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады.
-
Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
-
Индустриялық аймақтар:
1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;
2) кәсіпкерге, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымымен бірге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар;
3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.
-
Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
-
Индустриялық аймақтарды құру бойынша қаржыландыруды уәкілетті орган индустриялық аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын конкурстық негізде іріктеу қорытындылары бойынша және қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакеті болған жағдайда жүзеге асырады.
-
Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
-
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:
-
жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды;
-
инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.
Бұл ретте жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкестігі ӨҮК шешімімен расталуға тиіс.
-
Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспауға тиіс.
-
Бағдарламаның 151-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
-
Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді. Жоба Бағдарламаның критерийлеріне, сондай-ақ ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда, ӨҮК оң шешім шығарады.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК-нің оң шешімін алғаннан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.
-
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының ИИДМБ-ға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.
-
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын есепке ала отырып, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 2 (екі) ай ішінде индустриялық аймақтың жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдайды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
-
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
-
Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:
1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және
индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
-
ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
-
ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |