7
Дұғам қабыл болсын десеңіз
Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы – адамның
шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына бай-
ланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін қаншалықты орында-
са, оның тілегі де соншалықты қабыл болады.
Дұға жасаудың шарттары мен әдептерін білген жөн. Себебі,
сол біліміңізбен амал етсеңіз, яғни дұға қылсаңыз, қабыл болуына
себеп болады. Алдымен шарттарына тоқталсақ.
Алла Тағалаға серік қоспай,
ықыласпен дұға ету
Бұл – дұға жасаудың басты шарты. Әр намазда оқылатын
«Фатиха» сүресінде:
«Саған ғана құлшылық жасаймыз және Сенен ғана жәр-
дем тілейміз» деген аят келеді. Алла Тағалаға өзгені серік қо-
сып,
яғни басқа нәрседен сұрасаңыз, дұғаңыз қабыл болмайды.
Пәлен жерден тілеу, түген жерде түнеу деген сияқты амалдар
шариғатымызға қайшы. Дұға ғибадат болып саналады, ал ғиба-
дат тек Аллаға арналады. Аллаһ Тағала:
«Мен ешқандай серікке мұқтаж емеспін. Кім де кім
амал жасаса, сол амалында маған ортақ қылса, мен оны сол
Достарыңызбен бөлісу: